Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (36.6 Kb) ] | 2016-02-18, 5:05 PM |
Занятие по казахскому языку в подготовительной группе детского сада г. Павлодар, ГККП «Ясли/сад №53» преподаватель казахского языка – Тусупова Салтанат Хамзиевна Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: қазақ тілі Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет,музыка, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. І Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. ІІІ Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Қайталау,бекіту,әңгімелеу,сұрақ-жауап,таңғажайып кезең,көркем сөз,сөздік, сөз жұмбақ,дид ойын,түсіндіру,мадақтау. Қолданылатын материал: Қазақстан Республикасының картасы,схемалар, бейне тапсырма, ойыншық, гүлдер, әріптер, компьютер,бейне таспа. Билингвалдық компонент: Отан-Родина,көктем-весна, торғай- воробей,дос-друг,рәміздер-символика. Ұйымдастыру кезең /Психологиялық күйге келтіру/ Қуан шаттан алақай Қуанатын келді күн Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты бүгін күн! Кіріспе бөлім /Балалар үстел басына жайғасады/ Сұрақ-жауап әдісімен өткенді қайталау,бекіту. Балалар,бүгін аптаның қай күні? /сейсенбі/ Ертең қай күн? /сәрсенбі/ Кеше қай күн болды? /дүйсенбі/ Барлығы бір аптада неше күн? /жеті күн/ Кәне айтып шығайық және санайық Қазір жылдың қай мезгілі? /көктем/ Көктемде неше ай бар? /үш/ Олар қандай айлар? /наурыз, сәуір, мамыр/ Көктемнің келгенін біз қайдан білдік,ерекшеліктерін кім айтады? /балалардың жауабы/ Көктем туралы білімдерін суреттер /схема/ арқылы сөз тіркестіріп жинақтау. Негізгі бөлім: Таңғажайып кезең: /Компьютерге «көктемнен» бейне-хабарлама келуі/ Көктем: Сәлеметсіңдерме, балалар!- Мен көктем ханшайымымын! Я- королева Весна... Сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер, мен өте қуаныштымын.Слышу вы много знаете обо мне, я очень рада. Ал Отан туралы не білесіңдер? Что вы знаете о своей Родине? Қазір сендерге мен досымды жіберемін. Ол тапсырма әкеледі. Тапсырманы жақсы орындасаңдар сыйлық аласыңдар.Сейчас я к вам отправлю своего друга, который принесет вам задания. Если вы справитесь ,получите подарок. Рахмет! Сау болыңдар! Құстың ұшып келуі /ойыншық,әуенді торғай/ Мұғалім:-Балалар, мынау не,бұл қандай құс? Балалар: -/Торғай/ Мұғалім:-Торғай көктемнің досы. Дос деген кім? Балалар: – друг Мұғалім:- Біз де торғаймен дос болайық,әкелген тапсырмаларын орындауға кірісейік. 1 тапсырма: Отан туралы сұрақтар Сендер қай Республикада тұрасыңдар? /Қазақстан Республикасында/ Қазақстанның бас қаласы қай қала? /Астана/ Қазақстанның Елбасы кім? /Н. Назарбаев/ Қазақстан туралы не білесіңдер?Қазақстан қандай ел? /Қазақстан – үлкен,жері бай,көп ұлтты мемлекет т.б/ 2 тапсырма: Рәміздер туралы а/ Ребята, в каждой стране есть свои символы. Кто назовет символику нашей страны? Балалар: /флаг,герб,гимн/ на казахском языке– ту, елтаңба, ән ұран. Қазақстан Республикасының ән ұранын орындау б/ Обратить внимание детей на экран,где изображен государственный флаг,герб. Балалар,енді мемлекеттік ту мен елтаңбаға сипаттама берейік. Балалардың әңгімелеуі: /ту-көгілдір мата, ортасында алтын күн,күн астында-қыран құс,тудың шетінде үлттық ою-өрнек. Елтаңба –көгілдір аспан үстінде-шаңырақ, екі жағында- пырақтар,жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз,төменде- Қазақстан деген жазуы бар/ Қазақстан Республикасының рәміздері туралы балалардың тақпақтары: Аспан түстес көгілдір Мағыналы сымбатты Тік бұрышты матаның Бар осындай белгіміз Ортасында төгіп нұр Маған, саған қымбатты Күн жаяды шапағын Елтаңбасы ол-еліміз! 3 тапсырма: Сөздік жұмыс: Жаңа айтылған рәміздердің белгілерімен сөздік жұмыс өткізейік,қазақша сөздерді орысшаға аударыңдар: ою-орнамент,күн-солнце,қыран-беркут,жұлдыз-звезда,қанатты пырақ- крылатые кони. Сергіту сәті: торғайдың қанат қағу,су ішу,секіру қимылдарын көрсету. 4 тапсырма: Суреттер арқылы сөз шығару: /орман, торғай,алма, нан/ О Т А Н 5 тапсырма: Отан,туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Отан туған үйіміз, Отан менің ата-анам, Моя Родина-Отан, Отан туған жеріміз, Отан досым, бауырым. Край любимый-Казахстан. Отан ортақ үйіміз Отан Өлкем Астанам, Горы,степи и поля, Отан көңілді ән- күйіміз. Отан туған ауылым. Эта вся моя земля. Туған жер туралы мақал-мәтелдер: Балалар: • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл Человек без Родины, что соловей без леса • Отан – оттан да ыстық Родина- жарче огня • Жері байдың- елі бай На богатой земле- богатый народ • Туған жер –алтын бесік Родная земля- золотая колыбель. 6 тапсырма: Ал енді, балалар өздеріңе белгілі символдар арқылы Қазақстан туралы сөзтіркестер құрастырайық. Алдымен мына белгілер нені білдіретінін есімізге түсірейік: О о- үлкен,кішкентай, +-бар, - тұрады, -сүйемін. Берілген белгілер арқылы әңгіме құрастыру: /Қазақстан – үлкен, бай мемлекет .Қазақстанда ауыл-қалалар,өзен-көлдер, таулар,тамаша табиғаты бар. Біздің елде көп ұлттар тату тұрады.Мен туған жерімді өте сүйемін./ 7 тапсырма: Қазақстан картасымен жұмыс Мынау балалар, Қазақстанның картасы. Мұнда жаңа өздерің айтқан көптеген үлкен,кіші қалалар көрсетілген. Қазақстан жерінің әсем табиғаты, пайдалы қазбалары бейнеленген.Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан. Балалар, картаның жанында әріптер бар, олар адасып кетіпті. Сендер осы әріптерден Қазақстан деген сөзді шығарып ретімен тұруларыңды өтінемін. ҚАЗАҚСТАН деген сөз шықты,Жарайсыңдар! Рефлексия: Балалар,айтыңдаршы?! Күннің шыққаны жақсы ма? Развести руки над головой// Жақсы /шапалақтайды/ Желдің соққаны жақсы ма? /желді көрсету/ Жақсы /шапалақтайды/ Достарыңмен жүру жақсы ма? /бір адым адымдайды/ Жақсы /шапалақтайды/ Туған өлкеде жақсы ма? /құшақтарын жаяды/ Жақсы /шапалақтайды/ Қазақстандық болған жақсы ма? /бас бармақтарын көрсетеді/ Жақсы / Ребята, посмотрите,как развеселился наш гость, он что-то хочет вам сказать... /пение птички/ Он сказал, что вы ему очень понравились,он обязательно расскажет весне как вы сегодня занимались, что вы много знаете о своей Родине стихов пословиц, что очень любите свою страну и дорожите ею. За то, что вы сегодня все активно участвовали,старались выполнять задания он хочет вам передать корзину с подснежниками.Давайте, мы нашему другу скажем көп рахмет и проводим его. Вам понравился подарок от весны? Что больше всего понравилось на занятий? Кто был самый активный ? /ответы детей/ Ребята,мне тоже очень понравилось как вы сегодня занимались, смогли показать свои знания.Молодцы! Рахмет! Сау болыңдар! | |
Просмотров: 759 | Загрузок: 12 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|