Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ · Скриншот ] | 2016-11-02, 5:10 PM |
ШҚО Семей қаласы МКММ №3 «Ясли-бақша» Тәрбиеші: Жамашева Анар Берекболқызы Білім беру саласы: «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» Бөлімі: Жапсыру ҰОІӘ арасындағы байланыс: «Таным»- Қоршаған ортамен таныстыру, «Қатынас»-Тіл дамыту, «Денсаулық», Ән күй Тақырыбы: «Кірпінің туған күніне сыйлық» Педагогтың мақсаты:. Педагогикалық процессті ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттерін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін жоғарылату. Балалар үшін мақсат: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру. Дамытушылық: көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімділік: табиғи материалдармен жұмыс істеу дағдыларына баулу, Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыру әдістеріне үйрету. Тәрбиелік: балалардың жағымды көңіл күйін тудыру, жасаған жұмысынан қуаныш алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат Құралдар мен көрнекіліктер: табиғи материалдар: кепкен жапырақтар, дәндер, желім ПВА, түрлі түсті картон, құрғақ және дымқыл майлықтар, мақта таяқшалары, сауысқанның суреті, кірпі кейіпкері, орман бейнесі, жапырақтар, алмалар. Сөздік жұмысы: тікенекті- инесі көп, қолға ұстаса кіріп кетеді. Билингвальдік компонент: сәлеметсіз бе-здраствуйте-hello, сау болыңыз- досвидание- good bye, кірпі-ёж-hedgehog, туған күніңмен-с днем рождением-happy birthday Алдын ала жүргізілген жұмыстар: жапырақтар жинап, кептіру, тақпақ жаттау, күз мезгілі туралы әңгімелесу. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі: Амансың ба, Алтын күн? Амансың ба, Көк аспан? Амансың ба, Жер Ана? Амансың ба, жан досым? Сауысқанға назар аудару. -Сауысқан ұшып келіпті, оның тұмсығында шақыру билеті бар екен. Бұл ненің суреті? кірпі-ёж-hedgehog деп бірге айтайық. -Кірпі қандай? -Ол қайда өмір сүреді? Ойын: Ол нені ұнатады екен соны біз қазір мына қыстырғыштармен кірпінің денесіне қыстырайық. -Балалар, енді билетті ашып көрейік. Кірпінің туған күні екен, соған сендерді шақырыпты. Барамыз ба? Балалар кірпі орманда тұрады ғой, бір бірімізден қалып қоймайық. Денсаулық жолынан өту. -Балалар орманға келдік? Жел соғып кетті ғой. Олай болса желмен бірге бізде қозғалып алайық. «Жел соғады» Жел соғады бетіме, Ағаштар да желпуде Жел тына қалғанда, Ағаштар биік болып өседі. Жел де басылды, енді отырып дем алып алайық. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы? -Күз мезгілінде жапырақтар қандай болады? -Кім жапырақтар туралы тақпақ айтады. -Балалар, кірпінің туған күніне сыйлық алмадық қой. Туған күнге сыйлықсыз барғанымыз ұят болады. Енді не істесек екен? -Менде бір ой бар, тыңдаңдаршы. Біз өз қолымызбен сыйлық жасайық. Кірпіге саңырауқұлақтың картинасын жасап берейік, ол саңырауқұлақты жақсы көреді ғой. Кірпі қуанып қалады. Балаларды жұмыс үстеліне шақыру. Жұмыс барысын түсіндіру. -Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау. «Кірпі» Тұмсығында түймесі, Деп тұрғандай тимеші. Азулыдан сақтайтын, Кірпінің көп инесі. Өзін қорғай алады, Домалана қалады. -Енді жұмысқа кірісейік. -Картондардан таңдап алыңдар. -Қызыл түсті жапырақты алақанға салып мыжып, ұсатыңдар, ыдысқа саламыз. -Сары түсті жапырақты да осылай етеміз. -Желімді саңырауқұлақтың басына құрғақ мақта таяқшамен жағамыз да, қызыл түсті жапырақты себеміз, құрғақ майлықпен басамыз. Картонды көтеріп сілку. -Енді желімді аяғына жағамыз да сары жапырақты себеміз, үстінен құрғақ майлықпен басамыз. Картонды көтеріп сілку. -Енді алдымыздағы кез келген табиғи заттермен картинамызды өз ойларыңша әсемдейік. Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау. Жұмысты аяқтау. Кірпі келеді. Кіріпіні ортаға алып туған күнімен құттықтайды. Сыйлықтарын сыйлату. -Рахмет, балалар, өте әдемі екен, мынаны кім жасады? Қалай жасадыңдар? Не қолдандыңдар? Рефлексия: -Сендер қалай жеттіңдер, не көрдіңдер соны мына суреттер арқылы айтып беріңдерші. -Балалар кірпіге арнап, ән айтып берейік, көңілі көтеріліп қалсын. Ән «Жапырақтар». -Рахмет, балалар сендерге, менің туған күнім сондай керемет өтті. Мынау менің туған күнімнен ауыз тиіңдер. Бұл менің сүйікті алмаларым. Қазір апайларың топтарыңа барып, жуып, бөліп береді. Кірпі қоштасады. Күтілетін нәтиже: Педагог үшін: Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білу Балалар үшін: Нені білу керек: күз мезігілі туралы толық мағлұмат; Нені игереді: табиғи материалдармен жұмыс істеуді, өзбеттерінше таңдау жасауды, үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыруды; Нені біледі: сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты, таза жұмыс жасауды. | |
Просмотров: 927 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|