Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ · Скриншот ] | 2016-11-02, 5:14 PM |
ШҚО Семей қаласы МКММ №3 «Ясли-бақша» Тәрбиеші: Жамашева Анар Берекболқызы Білім беру саласы: «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» Бөлімі: Жапсыру ҰОІӘ арасындағы байланыс: «Таным»- Қоршаған ортамен таныстыру, «Коммуникация»-сөйлеуді дамыту, «Таным» - Экология негіздері. Тақырыбы: «Балапан» Педагогтың мақсаты:. Педагогикалық процессті ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттерін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін жоғарылату. Балалар үшін мақсат: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру. Дамытушылық: көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білімділік: мақта дискісімен жұмыс істеу дағдыларына баулу, Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыру әдістеріне үйрету. Тәрбиелік: балалардың жағымды көңіл күйін тудыру, жасаған жұмысынан қуаныш алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат Құралдар мен көрнекіліктер: табиғи материалдар: мақта дискілері, желім ПВА, түрлі түсті картон, құрғақ және дымқыл майлықтар, құстардың суреттері, балапанның суреті, балапан кейіпкері, үлкен жұмыртқа. Сөздік жұмысы: балапан, дала құстары, үй құстары. Билингвальдік компонент: сәлеметсіз бе-здраствуйте-hello, сау болыңыз- досвидание- good bye, құстар-птицы, балапан-цыпленок. Алдын ала жүргізілген жұмыстар: мақта дискілерін бояу, кептіру, құстар туралы әңгімелесу. Ұйымдастыру кезеңі Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Шықырлаған дауыс естіледі. -Үлкен жұмыртқаның ішінен балапан шығады. -Балалар кім келгенін білесіңдер ме? -Балапан қандай құс? -Балапанның мамығы жұмсақ па әлде қатты ма? -Ол қайда өмір сүреді? -Кәне балалар балапанмен амандасайықшы? -Сәлеметсің бе, балапан! Здраствуй- hello. -Балапан сен қайдан жүрсің? Мен өзімнің бауырларымнан адасып, ұйықтап қалыппын. Енді бауырларымды іздеп табуым керек. -Сендер маған көмектесесіңдер ме? -Жарайды балапан, онда сенің бауырларыңды мына жақтан тауып көрейік. - Мына тұрған құстарды орындарына қою керек екен. Сол кезде сенің бауырларың кездесіп қалар. -Балапан сенің бауырларыңды орман жақтан іздеп көрейік , мүмкін сол жақта болар. -Ондай болса менімен бірге жүріңдер. -Бірақ балалар тыныштық сақтау тиіс, әйтпесе құстарды қорқытып ұшырып аламыз. Музыка әуені қосылып, құстардың дыбыстары тыңдатылады. -Сендерге құстардың ән салғаны ұнады ма? Құстарды ренжітуге болмайды. Оларға қамқор болу тиіспіз, естеріңе сақтаңдар. Ал біз құстарға қандай қамқор жасай аламыз? -Балалар құстарға коп рахмет айтайық, олар бізге керемет ән орындап берді. -Ой балалар біз орманда отырып қалдық қой. Енді көңілімізді көтеру үшін ойын ойнайық. Қозғалмалы ойын: «Балапандар мен Қарақұс» -Менде бір ой бар, тыңдаңдаршы. Біз өз қолымызбен балапанның бауырларын жасап берейік. Балаларды жұмыс үстеліне шақыру. Жұмыс барысын түсіндіру. -Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау. «Бес саусақ» Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ. -Енді жұмысқа кірісейік. -Картондардан таңдап алыңдар. -Сары түсті мақта дискісін дайындап аламыз. -Екі бөлікке бөлінген дөңгелекті дайындаймыз. -Желімді көк түсті картонға жағамыз. Жаққан желімнің үстіне мақта дискісін орналастырамыз. -Енді желімді дөңгелек пішіннің астына жағып, кішентай үш бұрышты жапсырамыз. Ол аяғы болады. Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау. Жұмысты аяқтау. -Балалар балапанға жасаған жұмыстарын табыстайды. Жасаған жұмыстарын табыстау. -Рахмет, балалар, өте әдемі екен Рефлексия: -Балалар сендерге балапанға бауырларын іздеген ұнаса, мына күлімдеп тұрған күннің суретіне мына балапандарды орналастырыңдар. Ал егер ұнамаса көңілі түсіп тұрған күнге жапсырасыздар. Балапан қоштасады. -Рахмет, балалар сендер, маған бауырларымды тауып бердіңдер. -Сауболыңдар-досвидание- good bye! Күтілетін нәтиже: Педагог үшін: Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білу Балалар үшін: Нені білу керек: құстар туралы толық мағлұмат; Нені игереді: мақта дискісімен жұмыс істеуді, өзбеттерінше таңдау жасауды, үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыруды; Нені біледі: сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты, таза жұмыс жасауды. | |
Просмотров: 2032 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|