Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Mектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік
2016-11-02, 5:25 PM
Mектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік – рухани тәрбие беру арқылы қоршаған ортаға деген патриоттық сезімдерін инновациялық жолдармен қалыптастыру
Мектепке дейінгі Коммуналдық Мемлекеттік мекеме «№3 ясли-бақша» 071410, Қазақстан Республикасы, Семей қ, Байтурсынова көш.
Тәрбиеші: Жамашева А.Б.
[color=red]
Бал қызығы таусылмас балдауреннің естен кетпес ғажайып,әсерлі кезеңі баланың ес кіргеннен ертегілер әлемінде жүргендей қалықтап, қиялы мен ой-өрісі шарықтап, айналаны қызықтап,жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға талпынатын сәті. Дәл осы кезеңде ата-бабаларымыз баланы адамгершілік –рухани жан –дүниесінің әсемдікке, адами қасиетке, әдептілікке патриоттық сезімдерін оята отырып тал бесіктен басталатын тәрбиеге ерекше мән беруі қажет.
Бала- әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің болашағы. Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап оның келешек қоғамының бет-бейнесін көруге болады.
Өз Отанын сүю, Отаншыл болу әр азаматтың қасиетті борышы. сондықтан әркімнің жеке басының ұлтына және дініне қарамастан, бір-бірінің салт-дәстүріне, мәдениетіне түсіністікпен қараумен бірге жас буынның өз атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу міндетіміз болып табылады.
Әр баланың рухының гүлденуі отбасында, балабақшада алған рухани –адамгершілік тәрбиесімен біліміне байланысты.
XXI-ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған баланы қалыптастыру Мемлекетіміздің алдына қойған аса маңызды мақсаттарының бірі болып отыр.
Оқу-тәрбие мекемелерінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, баланың бойында өзі, оны қоршаған адамдар, табиғат, бүкіл әлем жайлы түсінігін қалыптастырады.Балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптасу үшін, өз Отаны туралы,қоршаған орта туралы бастапқы білім беру қажет.
Жоғарыда айтып өткендей баланы адамгершілік-рухани патриоттық сезімдерге тәрбиелей отырып, біз «Барлық әлем мен үшін»және «Біз- Отанымыздың болашағымыз» атты жобалау жұмыстары себеп болды.
Мақсаты:
1).Қазақстан Республикасы жайлы балалардың білімдерін кеңейту арқылы Отанымыздың тәуелсіз екені туралы түсінік беру.
2).Айналадан, табиғаттан күнделікті өмірде көрген-білгенін жүйелі айтуға үйрету.
3).Тілді құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1).Балаларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, қорғай білуге, үйретуге тәрбиелеу.
2).Қоршаған ортаға,әлемге деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын, қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
3).Балалардың табиғатқа, туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1).Айналадағы әлемге, қызығушылық сезідерін эстетикалық талғамын, адамгершілік қасиеттерінің дамуы.
2).Қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімдерінің болуы.
3). Баланы өздігінен көрген, жасаған жұмыстарын қортындылай талдай білуге үйрету.
Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігімен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен ата-аналар балалармен серуенге шығып, әртүрлі ойын ойнау әдісіне баса көңіл бөлуі қажет.
Осыны ескере келе, ата-аналармен бірлесе біз балалармен «Өлкетану мұражайына», қаламыздың көрнекі жерлеріне саяхатқа шықтық, және де ата-аналармызбен бірлесе жұмыс істей отырып, ширмалар, альбомдар, суреттер көрмелері өткізіліп жобалау жұмысымыздың бір бөлігі болып, саналды.
Жобалау барысына («Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») білім аймақтары қамтылып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізілді.
Көптеген авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, әртүрлі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, балалардың ой-өрістерін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда қаламыздың құрметті азаматтарымен кездесу кештері,ертеңгіліктердің өткізілуі көп ықпалын тигізді. Осы қасиеттерді бала бойында дер кезінде байқап оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу ол-әр бір тәрбиешінің міндеті.
Осы тұстаҰлы Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бола ма?»,-деген даналық сөзі ойға оралады.Балалардың көздерімен көріп,бақылауларынан кейін,білім үрдісінде және ойын ойнауда балалардың қызығушылықтары арта түседі.
Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында, балабақшада жобалау әдісі арқылы ойнатылатын ойындардың атқарар ролі өте жоғары. Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.
Балалар «Жобалау әдісі» бойынша өткізілген іс-әрекеттерге қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін танытты.
Сөзімізді қортындылай келе, мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық аясын, Отанға, бүкіл әлемге деген көзқарасын кеңейте отырып, баланың өз елінің патриоты болуға А.С.Макаренко айтып өткендей «Баланы тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу».

Қолданылған әдебиеттер:
1. Иманалиева.Б, Адырбек.Б. «Мен және қоршаған әлем».
2. Назарбаев Н.Ә. «Еуразия жүрегінде».
3. Вахрушин А.А.«Здраствуй мир!».
4. Ветохина А.Я. «Нравственно-патриотическое воспитания».
5. Абдрашитова Т.А. ОспановаЯ. Н. «Азаматтардың патриоттық тәрбиесі бойынша озық тәжірибе».
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel
Просмотров: 2098 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru