Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека |
[ · Скриншот ] | 2017-02-17, 7:39 AM |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің қобыз класының мұғалімі Жайханова Бану Рамазанқызы БАЯНДАМА «Қобыз аспабында оқушылардың шығармашылығын дамытуда жаңа оқыту технологияларының маңызы» Қазіргі таңда білім беру үрдісінде жаңа бағдарламалар кең етек алуда. Олай дейтініміз жас ұрпаққа сапалы білім беруде оқыту технологияларының өріс алуы, Елбасының жолдаулары, мемлекеттің жылдарға негізделген бағдарламалары бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуында Қазақстан мемлекетінің мәртебесін көтеретін бірде – бір мәселелер. Мысалы: «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімде мақсатты қоя отырып, биік деңгейге, нәтижелерге жету үшін білім беру ұйымдары алдында күрделі міндеттерін қойса, Елбасының жолдауы осы міндеттерінің орындалуының алғы шарттарына жол ашу болып табылады. Ал жаңа оқыту технологияларының жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыруда білімнің жан – жақтылығын, өзектілігін шәкірт бойына сіңіре отырып елінің саналы да, сауатты, бәсекеге қабілетті мемлекетті құрай алатын, елінің ертеңіне үміт күттіретін білімді ұрпақ тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында, оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарына тоқталуы біздің алдымызға үлкен міндеттерді жүктейді. Қосымша білім беру ұйымы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар оқушының еркіне қарай үйірмелерді таңдауына, бір немесе бірнеше үйірмелерге қатысуына, өз бетінше жұмыс түрлерін ұйымдастыруға жағдай жасайтын орта. Яғни тәрбиеленуші бұл ұйымда жеке топпен, ұйыммен жұмыс жасайды. Осыған орай өзім дәріс беретін саз мектебінде оқушыға аспапты жетік меңгертуге арналған тәжірибеме тоқталсам деймін. Мен 1985 жылдан бастап оқушыларға қобыз аспабында дәріс беріп келемін. Бұл аспаптың қыр – сырын үйретуде алдыма мынадай өзекті мәселені қойдым. Әрбір оқушылар: 1. Алған білімдерін пайдалана білетін; 2. Кез –келген ортада ашық, өз орнын таба білетін; 3. Келешегін білетін, бәрін түсінетін, ертеңіне сенімді; 4. Музыкалық сауаты жоғары, қазақ халқының өнерін ту етіп ұстайтын, алдына мақсат қоя білетін оқушы болса…. Оның өзектілігі; І. Қобыз аспабының ұрпақ тәрбиесінде алатын орнын ұрпаққа жеткізу; ІІ. Ата – бабамыздың мирас болып келе жатқан ұрттық жәдігерімізді насихаттау. Ал мәселені шешуде мынадай міндеттер қойдым: 1. Ұлттық аспаптың тарихын жан – жақты жеткізу. 2. Аспапты ойнауды жоғары дейгейде меңгерту. 3. Жоғары деңгейдегі лауреатты шығару. Бүкіл елімізде жүзеге асырып жатқан мектеп әр реформасында тәрбиеге байланысты барлық мәселелер қаралған. Саз мектебінде балалар тәрбиесінде олардың табиғи дарындылығын, қабілетін негізге алу талап етіледі. Музыка тәрбиесі – табиғи тәрбие. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын жан – жақты дамыту, туған елінің музыкасын түсінуге дағдыландыру. Шығармалардың үлгілерімен таныстыру және үйрету басты орын алады. Бұл орайда менің мұғалімдік ролім зор. Сыныптағы балалардың өнер түрімен таныстырып, оларға қызығуын, ынтасын арттырып отыру, қобызда ойнау шеберлігін арттырып отыру менің алдыма қойған міндетім. Музыка мектебінде оқитын балалардың бірдей болмайтыны мәлім. Сондықтан әлсіздеу балаларға арнап жеңіл шығармалар қосамын. Осы аспапта ойнау бойынша әр баланың өзіндік қасиетін танып, творчестволық белсенділігін көріп, олардың дарын мүмкіндігін айқындай түсемін. Баланың музыкалық орындау тәсілін жетілдіре түсудің ең басты шарты оң қол мен сол қолдың еркін , әрі табиғи ұстауға үйретемін. Біріншіден ойнау үшін білу үйренудің қажеттілігін, екіншіден баланың ойнай отырып білім алуы. Өмір тәжірибесінің қажеттілігін ескеремін. Қобыз аспабында ойнауды оқыту деген не? Бұл сұраққа жауап іздеу мақсатында музыка мектебіне арналған бағдарламаларды негізге ала отырып және ұлы музыкант А.Жұбанов «Қобыз аса бір қызық аспап, оның тұла бойында толып жатқан музыкалық қасиет бар» деген қағидасына және А.Затаевичтің түрлі пікірлеріне сүйене отырып олардың қобыз аспабында ойнайтын шығармаларды балаларға үйрете отырып, салыстырып, өз тәжірибеме енгізуге тырысамын. Балалардың аспапта ойнау іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы мынадай кезеңдерді білу қажет деймін. Балаларға ыңғайлы шығармаларды жоспарлау, соған лайықты ноталарды дайындау, іске асыру, шығармалардың мақсатын, мазмұнын түсіне отырып өздіктерінен дұрыс орындалуын бақылау. Сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы. Осы жағдайларды ескере отырып мен өз сыныбымның балаларына қобыз ойнаудың тәсілдерін қалай үйретемін: 1. Әрбір шығармаға байланысты 2. Балалар қабілетіне қарай 3. Оқушының өзінің таңдауы бойынша Осы міндеттерді сабақта және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырамын. Сабақта мен оқушыға аспапты үйрету барысында жаңа оқыту технологиялармен жүзеге асырамын. Мен қобыз аспабын меңгертуде өзіме ыңғайлы, әрі жеңіл, әрі қызықты стратегиялардан тұратын сын тұрғысына ойлау технологиясын таңдап алдым. Мұнда әр оқушы аспапты меңгерумен қатар ойын жан – жақты шыңдап үлкен жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады: 1. Қызығушылықты ояту 2. Ой толғаныс 3. Мағынаны тану Құрылымына қарай мына стратегияларды пайдаланамын. Олар: «Ой толғау», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Инсерт әдісі». Бұл әдістердің сабақтың қай кезеңдерінде қолдануға болатынына тоқталып өтейін. Мысалы: «Ой толғау», «Топтастыру» әдістерін қобыз аспабында ойналатын шығарма мен қомпозиторлар таныстырғанда қолдануға болады. «Венн диаграммасы», «Инсерт» әдістерін сабақ бекітуде, дамытуда қолдануға болады. Бұдан басқа «Білімді шарлау», «Кубизм», «Диалогтар құру», «Джиксо», «Тірек - сызба» сияқты стратегияларын мен алдағы уақыттағы сабақтарымда қолдануға дайындалудамын. Әрине қазіргі таңда оқу технологияларының 50-ге тарта түрі білім ошақтарында кеңінен қолданылып келеді. Ал, бұл технологияларды сабақ үрдісінде қолдану әр ұстаздың өзіндік шеберлігінде. Дегенмен, шәкіртке сабақ беру түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, білім үрдісіндегі жаңа ақпараттармен, жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру ол мұғалімнің еңбегінің жемісі. Әр ұстаз өзінің мақсатына жетуде іздену арқылы талмай еңбек еткенде ғана жетеді дей келе оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс – әрекетін демеп, қабілетін дамытып шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуда және тежеуге үйрететін мұғалім. Олай болса баланың шығармашылық қабілетін дамытуда сабақты бір сарынды өткізбей, заман ағымына қарай жаңа оқыту технологияларымен жүзеге асырайық дегім келеді. | |
Просмотров: 684 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|