Қарты бардын, қазынасы бар Армысыздар қадірлі қонақтар ,ақ жүректі ата - аналар, ұстаздар! Сіздерді бүгінгі «Қарттар» күнімен кішкентай бүлдіршіндеріміз құттықтайды. Арайлап атқан әрбір таңдарыңыз ашық,қызықтыда, қуанышты күнмен бірге денсаулықтарыңыз мықты болсын, үйлеріңіз немеремен шөберелеріңіздің сыңғырлаған күміс күлкісі мен үлпілдеген сары ауыз балапан бүлдіршіндерге толсын дей келе «Қарты бардын, қазынасы бар » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 1. Інжу Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін. Құрыштай күйген құдірет Қарттарым,аман- саумысың? 2. Арнұр Алдан әже жолықса, Бөгелемде әдейлеп. Сәлемдесем сол тұста «Есенсізбе әжей!» деп 3. Аяла Көшелерден біз өткен Ата көрсем, Жақын кеп, Сәлем берем ізетпен: 4. Қыздардың орындауында ән: «Қошақаным » 5.Мансұр Өздерің болсаң жанында, Ел іші жомарт еңселі. Дән исі сіңген қанында, Даланың бір-бір бөлшегі. 6. Фатима Кім кезіксе көшеде Таныс емес демеймін Аға, тәте , көкеге «Сәлеметсізбе!» - деймін 7. Ертай Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де. 8. Би: «Біз көңілді қуыршақпыз» Қыздардың орындауында. 9. Айзат Ата үлкен кәріміз, Қуат берер дәріміз. Әулиедей аялап, Ардақтаймыз бәріміз. 10. Айару Мейірімді апалар, Балалар одан бата алар. Қалтасына кәмпит сап, Немереге апарар. Ән: «Атамекен» Ұлдардың орындауында. 11. Мадина Атам не айтсам көнетін, Апам көңіл бөлетін. Мен осы үйдін кенжесі, Бәрі жақсы көретін. 12. Қарлығаш Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді. Көп ертегі біледі, Маған айтып береді. 13. Көркем сөз «Анашым мен әжетайым» Перизат 14. Алтынай Мен гүлдерді жинаймын, Торғайларды қумаймын. Айтқан сөзді тыңдаймын, Апашымды сыйлаймын. 15. Батыржан: Шәй ішетін қоюлап, Жақсы көрем атамды, Сырмақ сырған оюлап, Жақсы көрем апамды. 16. Айзат Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін дәмдісін, Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? - Рахмет сізге,- деу керек. Би: «Қара жорға» Топпен бәрі бірге. Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен бүгінгі «Қарты бардын, қазынасы бар » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет . Кішкентайғана бүлдіршіндеріміздің атынан азғана сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Аман сау болыңыздар.
|