Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека

«Ұрпаққа үлгі азамат» ерлік сабағы
2014-10-31, 1:34 PM
Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы , профессор, Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллинның туған күніне арналған «Ұрпаққа үлгі азамат» ерлік сабағы

Мақсаты: жерлесіміз, мақтанышымыз, Батыр атамыздың өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету; оқушылардың шығармашылыққа, іздемпаздыққа баулу.
Әдіс- тәсілдер: топпен жұмыс, баяндау, әңгімелесу, іздендіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, М.Ғабдуллинге арналған «Аты аңызға айналған» кітап көрмесі, буклет.
(Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтың өз аты, мақсаттары, тапсырмалары бар. Топ жетекшілері сабақ барысында өз топ оқушыларына басшылық жасап ұйымдастырып отырады)
1-топ. «Ұшқан ұя». М.Ғабдуллинның өмірі, білім алған ордасы, еңбек жолы туралы жинаған мәліметтерін ортаға салды.
2-топ. «Отан үшін от». Соғыстағы ерліктері, қаруластары туралы баяндайды.
3-топ. «Ұрпаққа өсиет» М.Ғабдуллинның артында қалдырған өнеге- өсиет сөздеріне, жазған шығармаларына тоқталды.
4-топ. «Өмір дастан». М.Ғабдуллин туралы жазылған шығармалар, өлеңдер.
Кіріспе сөз.
Кітапханашы: Бүгінгі сынып сағатымыз аты аңызға айналған Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым, осы үш бірдей атаққа ие болған жерлесіміз, мақтанышымыз Мәлік Ғабдуллин атамызға арналады. Мәлік атамыздың есімі біздің мектепке берілген, Көкшетау қаласындағы №3 өзі оқыған мектепке, Орталық алаң, мұражайы бар. 2015 жылы Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы тойланады.
Топ төртке бөлініп Мәлік атамыздың өмірін, шығармашылығын зерттеп, сіздерге таныстырады.

Сөз «Ұшқан ұя» тобына беріледі.
1-оқушы: Асыл ағаның өнегелі өміріне көз салсақ. Ол кісі 1915 жылы 15 қараша Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қойсалған ауылында дүниеге келген.
«Ауылым» өлеңін оқып берейін
Қаншалықта қарасаң да көз талмайтын
Бейнесі бар Қойсалған ауылымыз
Бұл жердің табиғаты сондай көркем
Суреттеуге сұлулығын сөз таппайтын
Ауылымның жерін, гүлін, жемістерін
Жайқалған сары алтын егістерін
Барлығын мақтан етем баршалыққа
Сұлулығын, байлығын барша жұртқа.
2-оқушы: Әкесі Ғабдолла Елемісов сауатты адам болды. Бірақ жие-жие ауратын. Сондықтан бүкіл шаруашылық ауыртпалығы өте ақылды, мейірімді анасы Әлия Оспанқызының иығына түседі. 1923 жылы Қойсалғаннан 3-4 шақырым жердегі Құлет дейтін ауылда бастауыш мектеп ашылды. Осы мектепте 4 жыл оқыды. Алғашқы ұстазы Рамазан Нұғыманов деген кісі болған.
3-оқушы: 1927 жылы М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы №3 мектепке 5 класына оқуға түседі де оны 1930 жылы бітіріп шығады. Бұл мектепте көп жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталған Нұрмұхамбет Көшімов оның сүйікті ұстазы болады.
4-оқушы: 1935 жылы Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының тіл- әдебиет факультетін бітірген соң, аспирантурасын тәмәмдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді . Әскерден келген соң, 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады.
5-оқушы: «Қобыланды батыр» жыры жайында диссертация қорғағалы жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. 1941 жылдың қаһарлы күзінде Мәлік сол сұм соғысқа Москваға аттанып кетеді. Қып-қызыл өрттің ішінде жүріп, жауға жайдай атылған ерлердің бірі Мәлік болды. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап, соғыстың соңына дейін Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады.

«Отан үшін от кешкен» тобы
6-оқушы: 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. Алған жарақатына қарамастан, жауға қарсы оқ боратады. Осы қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, 1943 жылы 30 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
7-оқушы: Наградалық құттықтауда: «Мәлік Ғабдуллин шабуылға бес рет шықты... Ұрыс нәтижесінде жау жүздеген солдаттарының өліктері мен жаралыларын тастап кейін шегінді. Бородино селосы біздің қолда қалды» деп атап көрсетілген.
8-оқушы: Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандағы айтқан сөзі: «Батыр атағына ие болған мен емеспін, ол қазақ халқына берілген атақ. Неге десеңіз, менің аты- жөнімді біліп жатқан адам аз, ал қазақ деген халық барын білетіндер көп. Егер майданда біреу ерлік жасай қалса, онысы көпке тарай бастаса, жұрттың ең алдымен сұрап білгісі келетіні – сол жауынгердің ұлты кім екен? – деген болады». Майданда жүрген қазақ жігіттері жаумен жақсылап соғысып, ерлік жасаса, ол тек өз қарабасының ғана емес, халқының атын шығарады ғой...
9-оқушы: «Мен еш уақытта да ерлік жасау туралы, Батыр атағын алу туралы ойлаған емеспін, менің барлық ой- арманым отан алдындағы өзімнің парызымды қалай адал атқару керек дегенге тірелетін»
10-оқушы: Кейіннен Ғабдуллин орыс емес ұлттардан құралған жауынгерлер арасында топ бастығы болып тағайындалды. Көптеген жас солдаттар сергек, жауынгердің ішкі дүниесін жете білетін тәлімгерден өсіп, даналықтың қыр- сырын үйренді.
11-оқушы: Құрбы Нәзия және қарындасы Күләнға соғыстан жазған хатын оқып берейін.
Құрметті Нәзия, Күлән!
Сендерді жаңа 1945 жылмен шын ниетіммен құттықтаймын!
Сендерге оқуда өте жақсы табыс, мықты денсаулық, еркіндік тілеймін. Жаңа жылда сендер өздерің үшін емес, халқың үшін жақсы оқитын болыңдар. Университетті бітіргеннен кейін халық қызметшісі болатындарыңды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің алдарыңда өте күрделі міндеттер күтіп тұр. Жаңа адамдарды оқытып, тәрбиелеп шығу, социалистік Отанымыздың адамдарын өсіріп шығару. Бұл міндеттерді орындау үшін өздерің ғылым негіздерін үйреніп, қарулануларың керек. Мәдениетті, білімді маман, өз істерінің шеберлері болуларың қажет.
Оқу және білім алу – өте қиын да күрделі мәселе. Қиындықтан қорқып, жасқаншақтанудың ешбір қажеті жоқ. «Оқудан ауырлық көрсең, соғыста жеңіл» болады деген халық мақалын естеріңде сақтаңдар. Бұл – қиындықтың бәрін жеңіп, табандылықпен жоғары білім алсаң, болашақ еңбектерің көңілді де жемісті болады деген сөз. Сонда ғана мақсаттарыңа жетесіңдер. Бұрынғыларыңдай қарапайым болыңдар.Асып, тасудың, мұрындарыңды көтерудің ешқандай да қажеті жоқ. Халық мәтелі осыған үйретеді, әр уақыт естеріңде сақтаңдар. Сендерге оқуда тағы да табыс, денсаулық тілеймін.!
Жаңа жылмен! Жаңа бақытпен!
Сәлеммен сендерді құрметтейтін
Мәлік
20 декабрь, 1944 жыл

«Ұрпаққа өсиет» тобы

12- оқушы: Оқушы: Гвардия майоры М.Ғабдуллин осындай ерліктердің талайын бастан өткізген. 1944 жылы 12 қарашада майданнан елдегі досына былай деп жазыпты:
- «Мен мақтануды жек көретін, жақтырмайтын адаммын. Бірақ, мына бір жайды мен саған сыр етіп айтайын. Мен майданда, немістермен қолма-қол соғысқан адаммын. Көптеген немісті атып өлтірдім. Біразын қан төбелесте бауыздап салдым. Жаудың оншақты танкісін гранаталармен қираттым. Бұл айтқандар мақтануым емес, шындығым». Ал енді осыларды істеген кім деп сұралық. Оны істеген Ғабдуллин деген қазақ баласы. Қазақ деген ұлттың ұлы дейді жұрт. Демек, мұны қазақ баласы, қазақ деген ұлттан туған ұл жасапты. Олай болса, ондай ұл өзінің ұлтын мақтан етіп «қазақпын» деп айтуға правосы бар ма? Әрине бар...
13- оқушы: Бөлімдерде батырлығымен және жауынгерлік шеберлігімен әйгілі болған ер жүрек командир, солдаттардың жан дүниесі мен көңіл-күйін тамаша білетін сезімтал саяси қызметкер Мәлік Ғабдуллин армия үгітшісінің барлық жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білді.
14- оқушы: «Батыр аға»
Айыртау, Зерендідей кімде тау бар,
Ел сәні Қошқарбай мен Имантаулар.
Жыланды, Сырымбет тау, Жалғыз таулар,
Бәрі де көктен түскен ай арулар.

Оқжетпес алтын арқау сұлу жырға,
Қыраны ұя салған биік шыңға.
Ағамыз батыр Мәлік шыңда туып,
Шыңдалған шар болаттай өшпес тұлға.
15- оқушы: Соғыстан кейін М.Ғабдуллин әдебиет зерттеу ісін қайта қолға алып, «Қобыланды батыр» тақырыбына 1947 жылы диссертация қорғайды және филология ғылымдарының докторы атағы беріледі. М.Ғабдуллин жазушы, педагог ретінде де халыққа қалтқысыз қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жайында:

1. «Менің майдандас достарым» -1947ж
2. «Алтын жұлдыз» -1948ж
3. «Сұрапыл жылдар» - 1972ж
4. «Майдан очерктері»
5. «Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес» - 1966ж
6. «Ел намысы – ер намысы» -1966жылы атты жинақтары жарық көрді.
16-оқушы: М.Ғабдуллин зерттеу саласында көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты монографиялық еңбегінде ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты ғылыми талдаулар жасады. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде басылып шықты. 1952-1957 жылдары ол сегізінші класқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын жазды.
17-оқушы: Он жылдам аса уақыт Абай атындағы пед.институтының ректоры болып, ұстаздық қызмет атқарды. Өмірінің ақырғы он жылында М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болып, жас ғалымдар тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты.
18-оқушы: М.Ғабдуллин бірнеше дүркін СССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, көптеген медальдармен наградталды.

«Өмір дастан» тобына сөз беріледі

19- оқушы: Сіздердің назарларыңызға Мәлік атамызға арналған өлең жолдарын ұсынамыз.
1-оқушы: Ата-баба қазағымның данасы,
Туады екен аталардан дарасы.
Қанай биден Мәлік батыр тараған,
Қасиетті халқымыздың баласы.
2-оқушы: Қазағым, құтты болсын қуанышың,
Мәліктей батыр тұлға туғаны үшін.
Бүгінде әлем жатыр сыйлап бізді,
Қалайша елжіремес бұған ішің.
3-оқушы: Қойсалған батырдың көркем елі,
Зеренді Көкшеміздің сұлу жері.
Жаралған елінің топырағында,
Мәлік батыр Көкшетаудың асыл ері.
4-оқушы: Батырым Мәлік, жер жарып даңқың, таныды алыс Алашың,
Ояттың, талай із қалдырып, жастардың ойлы санасын.
Жазушы болдың, жанашыр болдың еңбек еттің сен ел үшін,
Зерттеуші болып, зерттедің халық ауыз әдебиетінің саласын.
Мәңгілік мұра - ұрпағың үшін өзіңнен қалған қолтаңба,
«Білімнің ізі, ерліктің күші» жүректе қалған сол таңба.

5-оқушы: Өн бойы қайсарлықтан жаратылған,
Өтіпті бұл өмірден дара тұлғам.
Мәлік аға - мәңгілік ел есінде,
Зерендідей киелі жерде туған.
6-оқушы: Көрініп ақыл - ойдың асқарынан,
Інжу - маржан төгілтіп дастанынан.
Ұстаз, ғалым, жауынгер – Мәлік ата,
Жүректердің төрінен орын алған.

7-оқушы: Болашаққа үлгі бола алдың сен,
Қазақ үшін жанын беріп, тер төккен.
Сіздей жанды таба алмаймыз жер бетінен,
Бола алмайды ешкім сізбен тепе - тең.
Көрініс.
Телефон шыр ете қалды.
Ертай: - Сәлеметсіз бе?
- Амансың ба? Құттықтаймын! Ұлды болдың!
Ертай: А-а-а Шын ба? Аты кім?
- Мен қайдан білейін? Өздерің қоярсыңдар!
Автор: Енді сәбиге есім беруге келгенде Ертай шынымен көп ойланды. Ертай жас күнінен өнерге ынтық болып өсті.Қайраткерлердің, ғалымдардың, қаһармандардың өмір жолдарын оқып, қалдырып кеткен үлгі- өнегелерін көңіліне тоқып жүргенді ұнататын. Әсіресе, белгілі халық қаһарманы, ғалым, өмірі өнегеге толы жауынгер Мәлік Ғабдуллинді ерекше сыйлап, қадірлейтін.
Ойланып - толғана келе, Ертай сәбиге Мәлік деген есім берді. Міне, кішкентай Мәлік мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұр. Мектепке келген күннен ерекше қабілетімен көзге түскен Мәлік өте алғыр әрі тәртіпті болатын. Бір күні Мәлік күтпеген жерден:
- Әке, менің есімімді не себептен Мәлік деп қойдыңыз?
- Балам! Осы сұрақты, әйтеуір, бір күндері қоярсың деп ойлаушы едім.
- Әке, сізге не болды?
- Балам, бұрынғы уақытта халқымызды жаудан қорғаған батырларымыз көп болған. Соның ішінде, батырлығымен қоса, білімділігімен ерекшеленген ержүрек Мәлік деген жауынгер бар болатын. Мәлік ағадай қайтпас қайсар, еліне қорған болсын деген ниетпен сенің есіміңді Мәлік деп атадым.
- Батыр Мәлік те мен сияқты кішкентай бала болған шығар, а?
- Әрине, Мәліктай! Ол да кішкентай болды, ал өскенде еліне қорған бола білді. Сен есіміңнің батырдың атымен аталғанын мақтан тұтуың керек! Мақтан тұтып қана қоймай, батыр Мәліктей батыл шешімдерге бара алуың қажет!
- Мәлік ата сияқты болу үшін не істеймін?
- Сабақты жақсы оқып, ұлтыңды, тіліңді сыйлай білу керек! Қазақ болғаныңды қашан да мақтан тұтып жүр! Менің айтқандарымды түсіндің бе, балам?!
- Ия, әке! Батыр Мәлік сияқты күшті болуға тырысамын!
Автор: Сол күннен бастап кішкентай Мәлік өзіне көптеген талаптар қойды. «Ел қорғаны болсам!» деген арманы күннен - күнге асқақтап, қиял әлемінде батыр Мәлікпен бірге жүргендей болатын.

Қорытынды.
Кітапханашы: Міне, оқушылар, бүгінгі ерлік сабағымыздан Мәлік атамыз туралы көптеген мәліметтер білдіңіздер. Әр қырынан танып, жан - жақты таныстыңдар. Ол кісінің өмірі сендерге үлгі. Қанша уақыт өтсе де Мәлік Ғабдуллиннің есімі әр ұрпақтың санасында мәңгі қалады, бірге жасайды.

Батырым – мақтанамыз сендей ұлға
Қосамыз аттарыңды өлең - жырға.
Намысын ер қазақтың жауға бермей,
Болдыңдар жүрекке жан, елге тұлға, - дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар!
Категория: Школьная библиотека | Добавил: бибка3575
Просмотров: 2693 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-26, 7:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru