Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2017-02-14, 9:08 AM | |
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақалды негізге ала отырып, Елбасымыз білім саласына ерекше көңіл бөліп, жастарымыздың білім алуына бейжай қараған емес. Дамыған елдердің қатарында қанат жайып, шырқау биікке көтерілу үшін өз-өзіне сенімді, болашақты болжай алатын зерек, білімді ұрпақ тәрбиелеу – еліміздің болашағын нұрландырамын деген кез келген оқытушының алға қойған мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін, алдымен, өз кемшілігін анық көретін, өз-өзін бағалай алатын тұлға қалыптастыру керек. Олай болса, қазірден бастап мектептерде енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру аясындағы критериялды бағалау жүйесін сабағымыздың әр кезеңінде ұтымды қолдану міндеті туындайды. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды сәт – студенттің өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінуі. Осындағы «критерий» сөзінің беретін мағынасы – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, яғни, сабақ барысындағы студенттердің орындайтын іс-әрекеттерінің өлшемі. Ал критериалды бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Оқытушының алдындағы шәкіртіне белгілі бір жетістікке жеткенін айтқаннан гөрі, студенттің өз нәтижесін өзі түсініп, бағалау өлшемін дұрыс пайымдауы – оқыту сапасының артуының айқын дәлелі. Осы бағытта жұмыс жасаған оқытушы да өз іс-әрекетін саралап, болашағын анық жоспарлай алады. Критериалды бағалаудың міндеттері: * Бағалау білім беру жүйесінің міндеттеріне негізделеді; * Бағалау шынайы, сенімді және айқын болады; * Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі. (Ол оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен тығыз байланысты. Оқу мақсаттарының түсінікті болуын және бағалау рәсімдерінің барлық түрлерінің (қалыптастыру, жиынтық) оқу бағдарламасының мазмұнымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.); * Бағалау қолжетімді, түсінікті және ашық; * Бағалау үздіксіз үрдіс, ол өзін-өзі машықтауды талап етеді; * Бағалау мектептің, педагогикалық ұжымның, оқушылардың даму бағытын анықтайды және жетекшілік етеді; Критериалды бағалаудың ұйымдық құрылымының екі түрі бар: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Осы бағалау түрлерінің әр қайсысына қысқаша анықтама бере кетсем: Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы, бұл жерде оқушыларға баға қойылмайды, бағалау критериі бойынша өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай алады. Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Студенттерді дәстүрлі әдіс бойынша бағалағаннан гөрі, сыни тұрғыдан, критериалды бағалау бойынша, арнайы құрылған дескрипторлар арқылы өздеріне бағалату – нәтижелі сабаққа деген тың бастама, дұрыс қадам. Бүгінгі күні студенттердің оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, студенттердің жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Дәстүрлі бағалау процесінде оқытушы студентке жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және студент жетістігі басқа студенттің жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сондықтан білім алушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс болмады. Осы кемшіліктің алдын алу үшін, сабақ барысында, тіптен, әр тапсырмадан кейін студенттерді құрылған бағалау критериі бойынша өздеріне үнемі бағалатып отырса ғана сабағымыз өз мақсатына толық жетеді. Бағалау критериі дұрыс құрылған болса, студент те өзін дұрыс бағалай алады, өз жұмысын басқамен салыстырады. Яғни, студент сабақ барысында өзін де, қасындағы құрбысын да, тіптен топ ішінде бір-бірінің еңбектерін салыстыра отырып, бір-бірлерін критериалды бағалай алады. Сын бар жерде әділдік болады, әділдік бар жерде бәрі болады. Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы. Қорыта келгенде, критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және студенттердің бір-бірін өзара бағалауы арқылы өз пікірлерін ортаға салып, өз ойларын еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. | |
Просмотров: 1560 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|