Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ · Скриншот ] | 2017-02-16, 5:28 AM |
Мазмұны Аннотация ................................................................................................................... 2 Кіріспе ........................................................................................................................3-4 Мәтін..............................................................................................................................5 Сөздік ............................................................................................................................6 Мәтіннің талдауы ......................................................................................................7-8 Мәтінге қосымша сызбалар ...................................................................................9-19 Қорытынды .................................................................................................................20 Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақтың тұңғыш ағартушысы, жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің шағын шығармаларының қатарына жататын «Таза бұлақ» әңгімесіне кешендік талдау жасау: шығарманың тақырыбын ашу, тәрбиелік мәнін талдап көрсету, кейіпкерлердің өмірге көзқарасын олардың мінез-құлықтары мен кәсіптерін салыстыра отырып түсіндіру. Гипотеза Әңгімедегі әр кейіпкердің пікірлерін талдау. Зерттеу кезеңдері және зерттеу барысы «Таза бұлақ» әңгімесін мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтау үшін аударма жасау. Әңгіме кейіпкерлерін, олардың кәсіптерін анықтау. Әңгіме мәтініндегі көркемдік құралдарын табу, кейіпкерлер пікірлерін салыстыру. Эксперимент әдісі Әңгіменің мәтініндегі көркемдік құралдарды анықтау. Зерттеудегі жаңашылдық және өзбетінше жұмыс істеу дәрежесі Мәтінді талдауда сызбалар мен мазмұнын сай суреттерді пайдаланып, жобалау жұмыстарын жүргізу. Жұмыстың нәтижесі мен қорытынды Мәтінге жүргізілген талдауды слайд және жеке құрал түрінде жасау. Нәтижені пайдалану саласы Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Ы.Алтынсариннің шығармаларын оқып үйрену барысында пайдалануға ұсынылады. К І Р І С П Е Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесіне шығармашылық зерттеу жасау орыс сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту барысында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыруда және қазақ жазушыларының шығармаларымен таныстыруда, мәтінге талдау жұмыстарын жасауда үлгі ретінде және шығармашылық жұмыстарға көмекші құрал ретінде пайдалану мақсатында жүргізілді. Шығармашылық зерттеу жұмыстарының барысында мәтінге талдау жүргізу әдістері қолданды. Зерттеу барысында: Қазақтың тұңғыш ағартушысы, балалар жазушысы, ақын, педагог Ы. Алтынсариннің өмірі туралы мәліметтер жинау; Жазушының «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын құрастыру мақсатына тоқталу; «Таза бұлақ» әңгімесінің мәтінімен танысып, орыс тіліне аудару және тақырыбын анықтау; Мәтінге сызбалық талдау жасау; Мәтіннің мазмұнын суреттер арқылы көрсету: Жолаушылар тоқтаған бұлақты, оның айналасын суреттер арқылы бейнелеу; Үш жолаушының өмірдегі әрекеттерін суреттер арқылы көрсету. Халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгер, әрі этнограф, әрі публицист жазушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай даласында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиелейді. Ол 1857 жылы Орынбордағы қазақ балалары үшін ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебін үздік бітіргеннен кейін алғашқыда туған ауылында туған, ол содан кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаш, Торғай уезінде орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болып істеді. 1879 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Торғай губерниясында мектеп инспекторы болды. Алғашқы ашқан қазақ мектептерін оқу құралдарымен қатамасыз ету мақсатымен оқулықтар, оқу құралдарын жасады. Орыстың белгілі ақындары мен жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ өзі де балаларға арналған тәрбиелік мәні бар әңгімелер жазды. Мазмұны қызықты әр түрлі тақырыптарды енгізген алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» шығарды. Бұл хрестоматияның алғы сөзі ретінде Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі алғашқы бетіне жазылған. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары балаларды адамгершілікке, еңбекке, сабырлыққа, өнер мен білімге үйретеді. Адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болуға шақырды, ұрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жат мінездерден аулақ болуды уағы Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып, қорғанша қылып, тастың су ағар жеріне жазу жазыпты: - Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,-деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп, қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: - Бұл жазылған сөз ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: адам, сен де тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақыры сен де зорайып, мұратыңа жетесің дегені ме деп білем,-дейді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап: - Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,-деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?»- деп сұрады. Жігіт айтты: - Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді: бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе, күннің, шөп түссе, шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,-деді. Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің аудармасы: Тастақ жер – каменистое место Шыныдай жылтырап – блестит как стекло Қазандай тас- большой камень Саудагер – купец, торговец Молда – мулла Мүсәпір- несчастный, бедный, повидавший трудности человек Әбірет –пример, образец Реуішті – похожий Кейбір сөздердің мағынасын ашу: Мүсәпір – жоқшылықтың зардабын шеккен, көп қиыншылық көрген, бақытсыз жан Мүсәпір сөзінің қазақ тіліндегі синонимдері: сорлы байқұс бейшара пақыр мүскін пұшайман мүскін бейбақ «Таза бұлақ» әңгімесі үлгі-өнегеге толы шағын шығарма. Әңгіменің тілі жеңіл, монолог түрінде жазылған. Әңгіменің кейіпкерлері әр түрлі кәсіппен айналыстан үш адам: саудагер, молда және жас жігіт. Олардың іс-әрекеті, ойы, түсінігі, өмір сүретін ортасы да әр түрлі. Әңгімеде кейіпкерлердің образдары туралы айтылмайды. Бірақ айтқан ой-пікірлері арқылы олардың сырт бейнесін елестетуге болады. Оны тіпті кейіпкерлердің тастағы жазудың мағынасын түсінулерінен көруге болады. Әңгімедегі оқиға жаз айының ыстық күндерінде болған. Үш жолаушының кездескен жері – бұлақтың басы. Жазушының бұлақтың айналасын суреттеуінің өзі табиғаттың тұтастығын, тазалығын білдіреді. Бұлақ- табиғаттың бір бөлшегі.Осы бір әдемі, жанға сая жерді суреттеу арқылы шағын әңгімені көркемдейді. Бұлақ суын «мұздай салқын», «шыныдай жылтырап тұрған»деген теңеулер, айналасы қалың ағаш, бұлақтың үстіне «төгіліп» тұрған ағаш жапырақтары деген шағын пейзаж әңгіменің басынан-ақ қызықтырады. Осы бір саялы жерге белгісіз біреу үлкен тас қойып, жазу жазыпты. Тастағы жазу қысқа болса да, мағынасы терең, оны оқыған адамға ой салатын сөздер. Бұлақтың басына келіп, шөлін қандырған жолаушылар да осы жазудың мағынасын түсінгілері келеді. Олардың әрқайсысы жазуды өзінің айналысатын кәсібіне, іс-әрекетіне байланысты түсінеді. Әр кейіпкердің ойы монологпен беріледі. Саудагердің ісі –сату. Ол өз ісінің тоқтап қалмай, алға жылжып, үлкен пайда әкелуі үшін тынбай жұмыс істейді. Сол себепті тастағы жазуды ол өз ісімен салыстырады. «Бұлақ үнемі ағып өз арнасын кеңейтеді, оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзенге айналады» деп түсіндіріп, «өз ісің үшін еңбек етсең, мақсатыңа жетесің,»-деген мағынада айтылған дейді. Ы.Алтынсарин екінші жолаушыны мүсәпір молда дейді. «Мүсәпір» сөзі қиыншылық жағдайды бастан кешіруші, бейшара адам деген мағынаны білдіреді. Яғни жазушы молданың басынан кешірген ауыр өмірін суреттеу үшін осы эпитетті қолданған. Молда «бұлақтың суын ішіп, шөлін қандырған адам салқындап, жаны рақаттанады», яғни бұлақ адамға да, жануарларға да жақсылық жасайды, бірақ ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды» деп түсіндіреді. Молда діни адам және көп қиыншылық көрген. Сондықтан ол жазуды өзінің басынан өткен жағдайлармен байланыстырып, діни сенім тұрғысынан айтады. Ол тастағы жазу «біреуге жасаған жақсылығың үшін ақы сұрама. Сол үшін маған да басқалар жақсылық жасасын деуге болмайды» деген мағынада жазылған деп түсіндіре келе, бұл жазу бұлақтың басына келген әрбір адамға өнеге болу керек дейді. Жазушы үшінші жолаушыны “көркем келген бір әдемі жігіт” деген теңеумен суреттей отырып, сол арқылы жас жолаушының тастағы жазу туралы ойы да мағыналы әрі дұрыс болады деген ой салады. Үшінші жолаушы жас жігіт тастағы жазудың мағынасын ойланып тұрып, былай түсіндіреді: -Егер бұлақ бір орында тынып тұрса, айналасы лай-қоқыс болып, шөп-шалам түссе, оның маңайына ешкім де келмес еді. Ал бұл бұлақ болса, күні-түні тынбай ағады. Сондықтан ол таза. Ал таза бұлақтың суын адам да, жануарлар да ішіп, сусынын қандырады. Тастағы жазу көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза ұста деген мағына береді. Бұлақтың мөлдірлігі сондай, оған күн түссе, күннің, шөп түссе, шөптің сәулесі анық көрінеді,- дейді. Яғни адамның көңілі де осы бұлақтың мөлдірлігі секілді ашық болуы керек деп айтады. Жас жолаушының тастағы жазудың мағынасын түсіндіруінде жазушы салыстыруды қолданған. Бұлақтың тазалығын адам көңілінің тазалығымен салыстырады. Бұлақ қандай мөлдір, таза болса, адамның көңілі де сондай ашық, таза болуы тиіс. Әр кейіпкердің ойы мен тастағы жазудың мағынасын ұштастырып тұрған байланыс бар. Ол адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Оны жазушы тастағы жазудың мәнін түсіндірген әр кейіпкердің ішкі дүниесі, өмірге көзқарасы арқылы жеткізеді. «Таза бұлақ» әңгімесінің мазмұны әр оқушыға түсінікті. Шағын әңгімедегі көркемдік құралдарды орыс тілімен салыстыра отырып зерттеу мәтіннің мағынасын дұрыс түсінуге үйретеді. Мәтіннің кейіпкерлерінің әрекетін олардың өмірде айналысатын кәсіптеріне байланысты жеткізу және оларды суретпен ілестіре отырып бейнелеу оқушыны қызықтырады. Мәтінмен жұмыс істеу барысында әдебиет теориясы бойынша көркемдік құралдарды анықтап, олардың мағынасын орыс тілімен салыстыра отырып, талдау жұмыстары жүргізілді. Негізгі тақырып табиғатты қорғауға, оның байлығын сақтауға тәрбиелейді. Сондай-ақ адам мен табиғаттың өзара тығыз байланысын көрсетеді. Әр жолаушы өз пікірінде адам көңілінің тазалығын табиғаттың тазалығымен салыстырады. Мөп-мөлдір, шыныдай жалтыраған бұлақ суы адам көңілінің тазалығын білдіреді. Көңілі таза адам үнемі жақсылық жасайды, ашық, жарқын жүреді деп түсіндіреді. Бұл мәтінді оқушылардың оқып –үйренуінде тәрбиелік мәні үлкен. Шағын әңгімеде айтылып отырған тақырыпты кез келген оқушы жеңіл түсіне алады және көрнекіліктердің (сөздік, сызбалардың) маңызы зор. Мәтінге талдау жасауды орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда кеңінен қолдану үшін қажетті үлгі ретінде алуға болады. Мәтінге зерттеу жүргізу, оны жан-жақты талдау жүргізу оқушының сөздік қорын толықтырады, ауызекі сөйлеу тілін дамытад | |
Просмотров: 1859 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|