Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (23.7 Kb) ] | 2017-03-01, 3:11 AM |
Сабақтың тақырыбы : «Қазақстанның Қызыл кітабы» Мақсаты: 1. Білімділігі :Қызыл кітаптың мәнін,мақсатын супеттер,бейне жазбалар және қосымша ақпараттар арқылы теориялық және іс жүзінде ұғындыру. 2.Оқушының ойлау қабілеттерін шыңдау.Әр түрлі тапсырмалар арқылы сын тұрғысынын ойлау аясын кеңейту және сын тұрғысынан ойлауға үйрету,өздеріне жауапты қарау,топтарының ой пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету.Топ алдында сөйлеп үйренуге тәрбиелеу.Оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру. 3. Тәрбиелік мәні : Оқушыларды табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу Cабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Пәнаралық байланыс : георафия,жаратылыстану Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,танымдық ойлау,талдау,топтау, СТО , рефлексия. «Миға шабул» ЖИГСО, баяндап беру, бағалау. Ресурстар:суреттер,кітаптар,оқулық,проектор,интерактивті тақта,маркер,қима қағаздар ,видео жазбалар.Қр георафиялық картасы 1.Ұйымдастыру кезеңі – Психолгиялық дайындық. Шеңбер жасап сәттілік тілеу 2.Үй жұмысын тексеру: 1.Қазақстанда канша қорық бар ? 2. Қорғалжың қорығы қайда орналасқан ? 3.Барсакелмес қорығы ұай жерде орналасқан ? 4.Шығыс Қазақстанда орналасқан қорықтарды ата 5.Қызыл фламинго қайда мекендейді ? 6. Хариус балығы қай қорықта мекендейді ? 7.Алакөлде қандай құс мекендейді ? 8.Дәрілік шөпке бай қорық 3.Ой шақыру Тақтадан құстар,балықтар,аңдардың суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттерді көрген соң бірауыздан бүгінгі сабақтың тақырыбын табады. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылатын әдістер /стратегиялар/ Оқушының Қызыл кітап жайында не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту. Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз ойын көршісімен бөлісіп ортаға салады және Қызыл кітап туралы болжамдар жасап, сұрақтар қояды. Ассоцация стратегиясы. - топтастыру стратегиясы, - сұрақ стратегиясы. т.б. 3.Қызығушылықты ояту 1978ж Қорықтар Реликті шағала Дуниежүзілік «Қызыл кітап» Зығыр балығы 3 басылым Дәрілік өсімдіктер Әр топтан Спикер қорғайды I .Аня Хасанова II.Капарова Диляра I. Сөздікпен жүмыс. II. Бүкіл әлем – весь мир Табиғат - природа Бірегей -уникльный Орны қайта толмайды –невосполнимый Әкеп соғады-приводит Маңызды – важный Шегіне жетті – достигло предела 1. создік доптерге жазу. III. Оқушылар тізбекпен оқиды. 2.Оқулықпен жұмыс Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру Табиғатты қорғау,Қызыл кітап,бөкендер,өсімдіктер,жануарлар 3.Мәтінмен жұмыс Алакөл,Батыс Алтай,Марқакөл туралы мәтін тарату.Мақсаты мәтінді келесі топқа түсіндіру. Марқакөл қорығы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған. Ауданы 102979 га. Оңтүстік Алтайда Оңтүстік Сібір тоғайының Орталық Азия және Қазақстан даласының шекарасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген мынадай өсімдіктер бар: алтын және марал тамырлары, бұтақ тәрізді тиынтас, қалыңжапырақты шағыргүл. Ал жануарлардан: қарлы барс, қызыл қасқыр, сусар, ұлар, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық субүркіт.Әлемде басқа жерде жоқ зығыр (Ускуч) балығы мекендейді. Батыс Алтай қорығы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 жылы 3 шілдеде ұйымдастырылған. Ауданы 86122 га. Қорық Риддер және Зырян әкімшілік ауданының жерлерінде, Ивановск, Линейск, Холзун мен Коксинск жоталарының учаскесінде орналасқан. Ақ пен Қара Үбі, Тұрғысын өзендері мен Борсық тармағы осы аумақта бастауларын алады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктері: Сібір жауқазыны, мақсары түрлі рапонтикум, ұсақторкөзді жуа, ірі гүлді шолпанкебес, кәдімгі шолпанкебес, дулыға тәрізді сүйсін, Алтай рауғашы, Алтай гипномпериумы, алтын тамыр. Жануарлары: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек, таймен, Иконниковтың жарқанаты. Алакөл қорығы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы 21 сәуірде ұйымдастырылған. Ауданы 20000 га. Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан облысының (2290 га) аумағында орналасқан. 2 учаскеден: бастауын Жоңғар Алатауынан алатын Тентек өзенінің атыраулары және Алакөл көлінің – Үлкен, Орташа, Тасты аралдарынан тұрады. Алакөл қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатайдың таулы жүйелері арасында 10000км жуық көлеміндегі тау арасындағы көл ойпатын алып жатыр. Өте сирек кездесетін өсімдіктері: шымды жуа, ақ тұңғиық. Қызыл кітапқа енген сирек жоғалып бара жатқан құстардан Алакөл қазаншұңқырында 38 түрі тіркелген, соның ішінде қарамойнақ \реликті \ шағала осында кезедеседі. 4.Венн диграммасы Ерекшеліктері Ортақ Ерекшеліктері Алакөл Марқакөл 5.Алғашқы қазақтан шыққан орнитолог Ернар Әуезов туралы слайд көрсету Оқушыларға сурет туралы ойларын сұрау.М.Әуезовтың баласы екендігін табу керек. Сабақты бекіту. 6.Тест 1.Қазақстанның Қызыл кітабының басылған жылы А) 1998ж ә)1978 ж б) 1968 2.Қызыл кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты А) 1996ж ә)1978 ж б) 1991 3.Қызыл кітапқа енген аң а) марал,бөкен ә) аю,түйе,қасқыр б) ит,түлкі,барыс 4.Қазақтан шыққан алғашқы орнитолог А) Мұхтар Әуезов ә) Мұрат Әуезов б) Ернар Әуезов 5.Марқакөлдің патша -балығы а) марал,бекіре ә) зығыр(Ускуч), б) майшабақ,сазан,сом 6.Реликті шағаланың анықталған жылы А) 1968ж ә)1978 ж б) 1967 ж 7.Марқакөл қорығы құрылған жыл А) 1978 ж ә)1976 ж б) 1974 ж 8.Дәрілік шөптерге бай қорық А) Алакөл ә)Марқакөл б) Батыс Алтай 9. 2.Қызыл кітаптың үшінші басылымы қай жылы шықты А) 1996ж ә)1995 ж б) 1991 10. Алакөл қорығы құрылған жыл А) 1997 ж ә)1998 ж б) 1987 ж Тестің кілті 1.Ә 2.Б 3.А 4.Б 5.Ә 6.А 7.Ә 8.Б 9.Ә 10.Ә Бірін -бірі бағалау. Баға критерйі арқылы бағалау. Жұмыс түрі Баға критериі Балл жиынтығы Тест 1.4-5 қате жіберілсе 2.3-4 қате жіберілсе 3.2 қате жіберілсе 4. 1 қате жіберілсе 0 1 2 3 1) «3 балл» 100% - 5 2) «2 балл» -87-95 – 4 3) «1 балл» -70-80 % -3 4) «0 балл» 60 -98 % - 2 Нені білемін /Что знаю/ Нені білдім /Что узнал/ Нені білгім келеді? Что хочу знать ? Үйге тапсырма :243 бет.Оқулықта берілген мәтінді өз ойларымен толықтыру Рефлексия .Кері байланыс Н.Островский атындағы орта мектебі Ашық сабақ Тақырыбы : Қазақстанның «Қызыл кітабы» Өткізген :Жұманбаева Ж.С. Қазақ тілі мен әдебиетінің пәнінің мұғалімі Бородулиха 2013 жыл. | |
Просмотров: 888 | Загрузок: 6 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|