Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2017-03-09, 11:48 AM | |
Сабақтың тақырыбы: Менің досым Мектеп:И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы Мерзімі: 29.11.16 ж Мұғалімнің аты-жөні: Галимов Р.К. Сынып: 5 сынып Қатысушылардың саны: 17 Қатыспағандардың саны: 17 Сабақтың мақсаты: Күнделікте өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған ақпаратты түсінгенін білдіру. Мұғалім көмегімен өз ойларын жеткізу. Сұхбатта не туралы айтқаның түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып әңгімелесу. Оқыту мақсаты: Барлық оқушылар : Мұғалім көмегімен, сөз тіркестерді қолдана отырып, өзінің досы туралы айта алады Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдаған ақпаратты түсінеді, достары туралы сұрақтар қоя алады, өзара достары туралы сөйлесе алады Кейбір оқушылар: өздерінің достары туралы ақпарат бере алады. Алдыңғы оқу Оқушылар бастауыш сыныпта тақырып бойынша алған білімдерін естеріне түсіреді Жоспар: Кезең Жоспарланған іс - әрекет Ресурстар Кіріспе 1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Тақпақ арқылы оқушылар сәлемдеседі: Сәлем бердік қонақтарға Сәлем бердік достарға Сабақта жақсы ойлайық Білімдерімізді көрсетейік Сабақтың тақырыбымен оқушыларды бейнеролик арқылы таныстыру. Оқушылар бейнероликті көріп сабақтаң тақырыбын анықтайды. Бағалау критериясымен тапсырма арқылы таныстыру. Мұғалім: Балалар, сендер достарыңды немен теңейсіңдер, неге ұқсатасыңдар? жұлдыз қоңырау күн гүл Мысалы: Мен досымды гүлмен теңеймін. Мұғалім: Неге? Өйткені ол- әдемі, мейірімді. Мұғалім: Жақсы. Бүгін әр дұрыс жауапқа мен сендерге осы кішкентай «достарды» беремін. Әр партада кішкентай сандықтар тұр. Сол сандыққа осы стикерлерді саласындар. Кім қанша жинағанын сабақтың сонында есептеп бағаға аударамыз. Бағалау критериялар: «5» - 7 - «4» - 5-6 «3» - 3-4 Интерактивті тақта (достық туралы мультфильм), сөздік, стикерлер, кішкентай сандықтар, критериялар Негізгі бөлім 2. Үй тапсырмасын тексеру: Өз туралы әңгімелеу (стикерлер тарату). Әр оқушы құрастырған әңгімені айтып береді. 3. Сөздер кестесі беріледі. Осы сөздерді пайдалана отырып досың туралы сөйлемдер құрастырыңдар Мысалы: Менің досымның аты – Сәуле. Жасы он екіде. Біз мектепке бірге барамыз. Менің досым би үйірмесіне барады. үйірме аты жасы мінез сынып пән мектеп отбасы жақсы Бағалау критерийлері Дескрипторлар Оқушылар берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады • Сөз тіркестер құрастырады • Сөйлемдер құрастырады 4. Сергіту сәті Сергіту сәтін «Мен қандаймын?» ойыны арқылы өткізу. Әр оқушының арқасында бір – бір парақ болады. Оқушылар бір – біріне сол сыныптасы қандай екенін параққа жазады. Мысалы: ұқыпты, пысық, жақсы, мейірімді .... Кейін әр оқушы өз парағын оқып беріп, аударады 5. Сөйлемге қарайық Керекті сөзді табайық Оны тезірек алайық Кейін сөйлем құрайық Бірте – бірте сөйлемдерді қысқартып айту. Менің ағамның досы бар. Олар үнемі бірге жүреді. Олардың мінезі мен істеген істері барлығына ұнайды. Менің досым үлкендерге көмектеседі. 6. Жұптық жұмыс Қызықты сәтке келейік Диалог құрып берейік Оқушылар досы туралы диалог құрастырады. Бір оқушы сұрақтар дайындайды, екіншісі жауабын. 7. Мәтінді құрастыру. «Модерация» стратегиясы. Оқушылар сабақта тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу. Әр оқушы сөз тіркестер немесе сөйлемдер айтады, оны мұғалім тақтаға жазады. Кейін оқушылар ұсынған сөздерден, сөз тіркестерден, сөйлемдерден мәтін құрастырады. Бағалау критерийлері Дескрипторлар Мәтін құрастырады • Оқушылар сөздер айтады • Сөз тіркестер • Сөйлемдер • Мәтін 8. Кері байланыс «Еркін жазу» әдісі арқылы. Сабақ үстінде естеріңде қалған сөздер, сөз тіркестерді немесе сөйлемдерді жазады (аударады) 9. Үй тапсырмасын беру.46 бет, 1 тапсырма 3-деңгей – мәтінді оқып, түсіну 2-деңгей – мәтін бойынша диалог құрастыру 1-деңгей - сөзжұмбақ құрастыру немесе ребус Сөздік, интерактивті тақта, дәптер Қарындаш, парақ, Дәптер, оқулық, сөздік Қалам, дәптер Қорытынды 10. Бағалау критериялар бойынша, оқушыларды бағалау 11. Рефлексияға келдік Смайликті алайық Рефлексия «Светофор». Критериялар, күнделік, мәтін Қосымша ақпарат: Оқушыларды қалай қолдайсыздар? Дарынды оқушыларды қалай ынталандырасыздар? Бағалау. Оқушылар алған білімдерін қалай көре аласыздар? Оқушылардың барлық жауаптары қабылданады. Жұптық жұмыс жасағанда, дарынды оқушылар өз қабілеттерін көрсете алады. Сабаққа белсеңді қатысқаны, сабақтың сонында жинаған стикерлер арқылы Рефлексия: Оқу мақсаты шынайы болды ма? Бүгін оқушылар не оқыды? Оқыту неге бағытталған? Сабақта қандай өзгерістер іске асырылды? Неге? Сабақтың нәтижесі: Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттім деп ойлаймын. Сабақта білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Сөз тіркестерді қолдана отырып, балалар өз досы туралы айта алды. Тындаған ақпаратты түсінгенін білдіріп, сұрақтар құрастыра алда. | |
Просмотров: 1018 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|