Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2017-03-28, 6:53 PM | |
Сабақтыңтақырыбы: Жемістер мен көкөністер Сабақтың тақырыбы: 1.Білімділік: «Жемістер, жидектер, көкөністер» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру, түсінік беру. Осы тақырып бойынша қазақ тілінде сөйлей білуге қалыптастыру. 2.Тәрбиелік: Жемістердің, жидектер мен көкөністердің денсаулыққа пайдалы екенін айту. Оларды жуып жеу керектігін айтып түсіндіру. 3. Дамытушылық: Үйренген сөздерін күнделікті өмірде пайдалауға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, топпен жұмыс жасап, өз пікірін айта білуге баулу. ЙТИ НА САЙТ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, мәтінмен жұмыс. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту. Көрнекіліктер: жеміс - жидектер суреті, ойыншықтар, ватман, презентация. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Жүздік сандарды қайталату. 425 361 728 176 859 344 263 682 921 887 346 274 198 532 2. "Дүкенде" рөлдік ойыны /Оқушылар сатушы мен атып алушы рөлінде азық-түлік дүкенінен азық-түлік сатып алады./ ІІІ. Өткен тақырып пен жаңа сабақ байланысы -Балалар, жаңадан тағы бір дүкен ашылыпты. Мынау қандау дүкен? -Жеміс-жидек дүкені. -Дұрыс айтасыңдар, жеміс-жидек дүкенінде не сатылады? -Ендеше бүгін біз сендермен жемістер мен көкөністер туралы айтатын боламыз. ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа сөздерді таныстыру алма- яблоко шие - вишня анар - гранат алмұрт - груша шабдалы - персик алхоры - слива орамжапырақ - капуста қызанақ - памидор қияр -огурец асқабақ - тыква сәбіз-морковь пияз - лук қызылша - свекла піседі - попевает өседі - растёт жинаймыз - собираем пайдалы - полезный жұмсақ - мягкий қатты - твердый дәрумен - витамин бақ – сад бақша – огород Мәтін бойынша жұмыс 1) Мәнерлеп оқу, аудару. 2) Мәтін бойынша сұрақтар қою. Күз келді. Күзде жемістер, көкөністер піседі. Көкөністер бақшада өседі, жемістер бақта өседі. Олар ащы, тәтті, қышқыл болады. Біз күзде жемістер мен жинаймыз. Жемістер мен көкөністерде дәрумендер бар. Жемістер мен көкөністер пайдалы. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер 1. Жемістер мен көкөністер қашан піседі? 2.Жемістер қайда өседі? 3. Көкөністер қайда өседі? 4. Жемістер қандай болады? 5. Жемістер мен көкөністердің құрамында не бар? 2-тапсырма. "Ойлан, тап" ойыны Не? Қандай? Қайда өседі? - деген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар жеміс - жидектер мен көкөніс атауларын жасырады, 1 оқушы көзі жұмулы күйде жеміс атауын табуы тиіс. 3-тапсырма. Жуан және жіңішке сөздерді 2 бағанға бөліп жаз. Алхоры, шабдалы, өрік, шие, сәбіз, қызанақ, алма, асқабақ. Сергіту сәті -Аяқпенен топ-топ-топ, Ал, қолменен хоп-хоп-хоп. 1 оңға, 1 солға Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық. 1 оңға, 1 солға Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. 1 оңға, 1 солға Секірейік кел мұнда 2-рет 5-тапсырма. Сөздерді тәуелде 1-қатар - өрік 2-қатар - сәбіз 3-қатар - алма 6. Жасырын сөздерді тап. қ Ы з а н а Қ ы С ш л е й И з Ү и м т р Я ы Т е а н а Р л И м о н н Ж ш А б д а л Ы а Л м ұ р т Л 4. Қорыту. "Мен білемін" айдары 1. Күз айлары: .............................. 2. Жемістер: .................................. 3. Көкөністер: ............................... 4. Жемістер қайда өседі? 5. Көкөністер қайда өседі? Үйге: 4-тапсырма 65-бет, жаттау Бағалау. | |
Просмотров: 1254 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|