Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (44.2 Kb) · Скриншот ] | 2017-04-24, 11:44 AM |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ Сабақ: қазақ тілі Мектеп: Семей қаласы №31 ЖОББМ Күні: Мұғалімнің есімі: Конаева Салтанат Базарбековна Сынып: 5 Қатысқандар саны:12 Қатыспағандар саны: 0 Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы өсімдіктер әлемі Сабақ негізделген оқу мақсаты Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу А5. Сенімді және еркін жауап беру Ж3. Орфография және пунктуация Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстандағы өсімдіктер әлемі туралы берілген материалдар бойынша түсінік алады.Ақпарат көздерінен мәлімет ала отырып, сенімді және еркін жауап береді. Орфографиясы мен пунктуациясына назар аударады. Оқушылардың басым бөлігі: өсімдіктердің түрлерін ажырата алады, түсінеді, мәтін құрастырады, бейнеролик бойынша өз ойын толық жеткізіп, дәлел келтіреді. Кейбір оқушылар: өсімдіктердің ерекшеліктерін зерттейді. Оқушыларды бағалай алады. Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Көктікен, ақкекіре, қашқаргүл , қалампыр, шырмауық, жоңышқа жаңа сөздерді дұрыс естіп және оқып, өз ойларын, пікірлерін білдіреді Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: мәтінді құрастырғанда сөздердің дұрыс жазылуына және тыныс белгілеріне аса назар аудару ауа, жылу, жарық, ылғалды жер Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Өсімдіктер қандай түрлерге бөлінеді? 2. Өсімдікті табиғаттың қай түріне жатқызамыз? 3. Гүлді өсімдіктерді ата! 4. Дәнді дақылдарға қандай өсімдіктер жатады? 5. Өсімдіктердің қай түрі адам денсаулығына пайдалы? 6. Өсімдіктің қай түрінде дәрумендер көп болады? Алдыңғы оқу 2 мин «Попкорн» әдісін пайдалана отырып, сұрақ қою арқылы оқушылардың осы тақырып туралы білгендерін еске түсіріп жинақтау Жоспарлан ған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Бағалау Басы 3 мин Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесемін. 2. Оқушыларды топқа берілген атаулар бойынша суреттерді алу арқылы топтастыру. 3. Миға шабуыл Терең дем алу жаттығуы: Үш рет терең көздерін жұмып, терең дем алады. Көздерін ашқанда интербелсенді тақта арқылы мультимедиадан өсімдіктерді көреді. Осы арқылы сұрақ –жауап барысында сабақтың тақырыбы ашылады. Жазулар: «Жемістер», «Көкөністер», «Гүлдер», «Дақылдар» бейнетаспа интербелсенді тақта. https://www.youtube.com/watch?v=iBLAUeQT0w8 өте жақсы жақсы орташа (Әр топқа таратып отырамын) Әр топ бір-бірін тексереді. Бағалау парақшалары алдыларына ұсынылады. Бағалау критерийлері «5»-қатесі жоқ, «4»-1қате, «3»-2-3 қате Сабақтың ортасы 5 мин Дискриптор ҰЖ 1- тапсырма «Ой қозғау» стратегиясы бойынша «Бес жұмбақ» әдісі 1.Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым. (жеміс) 2.Өсірдім ұлпа қар, Шешуін кім табар? (мақта) 3.Әкеміз ала баспақ асырады, Күз келсе соямын деп асығады. Баспағым бойын шөпке жасырады, Еті қызыл, терісі жасыл әлі, (қарбыз) 4.Ашулы қонақ бұл анық, Тонып шешсе, жыладық. (пияз) 5.Өсірер тың дала, Көшірер қамбаға. Айналар ұнға да, Айналар нанға да. (бидай) (Әр топ жұмбақтың жауабын сурет салу арқылы көрсетеді ) 1. Оқушының ойлау қабілеті дамиды. 2. Қызығушылығы оянады 3.Шығармашылық қабілетін ұштайды. Флипчарт, маркерлер, А3 қағазы, үлестірме қағаздары, А4 5 мин 10 мин Дискриптор 8 мин ҰЖ 2 -тапсырма «Тыңдау – көру - орындау» әдісі Оқушылар бейнероликтен қазақша – орысша өсімдіктердің атауларын естиді және көреді. Енді осы атауларды өсімдіктің түрлеріне топтастырады. 1.Өсімдіктердің түрлерін ажырата біледі. 2.Өсімдіктің түрлеріне топтастыра алады. ҰЖ 3 -тапсырма. Белсенді оқу стратегиясы бойынша «Жұптас –ойлан - бөліс» әдісі. Топтар берілген сұрақтар бойынша мәтін құрастырады. Мәтінді құрастыруға арналған сұрақтар: 1. Тірі табиғаттың бір түрі қалай аталады? 2. Елімізде өсімдіктің неше түрі кездеседі? 3. Өсімдікке қандай нәрселер қажет? 4. Өсімдіктің қандай түрлерін білесіңдер? 5. Олар қандай жерлерде өседі? 6. Адам денсаулығына пайдалы өсімдіктің түрлерін ата. 7. Адам қолынан өсетін өсімдіктердің түрлері қандай? 8. Оларды адамдар не үшін өсіреді? Дискриптор 1. Сұрақтардың мағынасын түсінеді. 2. Жазылым кезінде сөздердің дұрыс жазылуына және тыныс белгілерінің қойылуына назар аударады. 3. Мәтінді дұрыс құрастырады. 2 мин Сергіту сәті Оқушылар видео роликтегі қимылдарды қайталау арқылы «Қара жорға» биін билейді. 8 мин ҰЖ 4 - тапсырма. «Синептика» әдісі бойынша әр топ тақырып аясында жансыз нәрсенің атынан хат жазады. Заттың атын білдіртпеу керек. Жазып болған соң әр топ оқиды және хаттың иесін табуы тиіс. (оқушылардың көпшілігі) Дискриптор 1. Ойлау қабілеті және сөздік қоры дамиды 2. Затқа сипаттама береді 3.Сөйлемді еркін жазады 5 мин Дискриптор Дискриптор ҰЖ 5 – тапсырма Графикалық органайзер стратегиясы бойынша дәрілік өсімдіктер мен көкөністерге «Торлы диаграммасын» жасайды. (кейбір оқушылар) 1. Өсімдіктерді салыстыра отырып, ортақ белгілерін жазады. 2. Өсімдіктерге сипаттама береді. 3. Өсімдіктердің ерекшеліктерін зерттейді. ҰЖ 6 - тапсырма «Бес жол өлең» әдісі Әр топқа өткен тақырып бойынша бір сөз беріледі. Сол сөзге «Бес жол өлең» әдісі бойынша тапсырма беремін. Мысалы: 1.Атау- тұқым 2.2 сын есім-жабысқақ, тікенекті 3.3 етістік- өнеді, көбейеді, ұшады 4.1 сөйлем /4 сөзден/ 5.Синоним немесе мағынасын ашатын сөз – ұрпақ 1. Сын есім мен етістікті жазады. 2. Сөйлем құрастыра алады. 3.Мағыналы сөзді таба алады. Сабақтың соңы 7 мин Рефлексия. Кері байланыс Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау. Сабақты меңгерсе, жасыл түсті стикеріне, ал жағымсыз әсер алса –қызыл стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады. Аяқталуы Жинаған фигуралары арқылы топтық жұмыс жасап отырғандармен қоса, сабақта белсенді қатысып отырған оқушыларды мақтап бағалаймын. Қосымша ақпарат Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Сабаққа қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Сабағымда қолданган әдіс-тәсілдерім- белсенді оқыту стратегияларының «Ой қозғау» стратегиясы бойынша «Бес жұмбақ» әдісі, «Тыңдау – көру - орындау» әдісі, белсенді оқу стратегиясы бойынша «Жұптас –ойлан - бөліс» әдісі, графикалық органайзер стратегиясы, «Бес жол өлең» әдісі. Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Тапсырмаларда бағалау дескрипторлары құрылды. Бағалау түрлері: Бағалау критерийлері «5»-қатесі жоқ, «4»-1қате, «3»-2-3 қате Пəнаралық байланыс – АКТ байланыс, әдебиет, биология (тәрбие элементі: өсімдіктерді қорғау) Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды Бүгін оқушылар табиғат өсімдіктер, олардың қандай айырмашылықтары туралы аша білді. Бейнеролик арқылы мәтін құрастырды. Затқа сипаттама беріп еркін тақырыпта жаза білді. Сабақ белсенді, жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты,алған тапсырмаларға критерийлер сәйкес болды,уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын. Қорытынды бағалау 1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталды.Талқылауға арналған сұрақтар арқылы үй тапсырмасын толығымен сұрастырылып қаралды. Бейнероликті есту, көру арқылы балалардың визуалды ой өрісін дамытуға пайдалы болды деп есептеймін. Әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар еркін жаза білді, сөйлем құрастырды, мағыналы сөздерді тапты.Өсімдіктердің ерекшеліктерін зерттей білді. 2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты) Менің ойымша мәтін құрастыруда оқушыларға қиындық туған секілді. Алдыңғы уақытта жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың бастапқы кезеңінде өз ойларын жеткізуде жасқанып, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындады. Алдағы уақытта бұл олқылықтарды жою үшін сабақта оқушыларды қанағаттандыратындай тапсырмалар кіріктіремін. | |
Просмотров: 1118 | Загрузок: 12 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|