Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (311.4 Kb) · Скриншот ] | 2017-12-06, 8:28 PM |
Тақырыбы: Мен мектепке барамын Мектебі: № 2 Бескөл орта мектебі Күні, айы: Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Жанна Дүйсенбайқызы Оқу бағдарламасына Сәйкес оқу мақсаты Презентация № 4 СЛАЙД 1.1.2.1Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру. 1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.4.1 Шағын мәтін/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.. 1.5.1.5.Мұғалім көмегімен сөйлемдердің орын тәртібін сақтап құрастыру. Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Өзінің қандай баратынын (мектеп-мектепке, тау-тауға, саябақ-саябаққа, айта алады, сондай-ақ сыныптасынан қандай баратынын сұрай алады. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып көлеміндегі белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады. Кейбір оқушылар: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Сабақтың барысы Сабақтың кезендері Жоспарланған жұмыс ресурстар Сабақтың басы (2-5 минут) (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. • Құрметті балалар, бүгін сабақта біз «Саяхат» жаңа бөлімді бастаймыз. • «Мен мектепке барамын» тақырыбы бойынша жұмыс істейміз. • Осы тақырып бойынша жаңа сөздермен сөйлем құрастырамыз. • Сұраққа жауап береміз. • Бір-бірімен сөйлесеміз. Презентация № 3 СЛАЙД Сабақтың ортасы (МК,Ұ)Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөлеу үлгісіне аударады. Мұғалім тапсырмада берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және мектеп, тау, саябақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталаған сөздер барамын етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралы түсінік береді. Мысалы: мектеп-мектепке, тау-тауға, саябақ –саябаққа. «Дыбыстық жаттығулар» - Айналайын балалар, өткен модульдің сөздерін есіне түсіріп, қайталаймыз, қысқа сөйлем құрастырамыз, өлең айтамыз, би билейміз. ЖҰППЕН ЖҰМЫС - Бұл не? (Бұл-БОЯУ) - Бұл не? (Бұл – КҮН) - Сен не саласың? (Мен КҮН саламын.) - Бұл не? (Бұл –БОЯУ) - Бұл не? (Бұл – АЙ) - Сен не саласың? (Мен АЙ саламын.) - Бұл не? (Бұл–БОЯУ) - Бұл не? (Бұл - ГҮЛ) - Сен не саласың? (Мен ГҮЛ саламын.) - Бұл не? (Бұл – БОЯУ) - Бұл не? (Бұл - ТАУ) - Сен не саласың? (Мен ТАУ саламын.) ХОРМЕН Мен БОЯУ аламын ГҮЛ мен КҮН саламын ТАУ мен АЙ саламын Ай-ай, әдем –ай! Қандай әдем-ай! ТЫҢДАЛЫМ Оқушылар тыңдайды, қайталайды. (МК,Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп, тау, саябақ сөздерін қайталайды, есте сақтайды, мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (саябақ) дұрыс дыбыстауларына мән береді. - Балалар, оқулықтарды 62 -бетте ашамыз. - Жаңа сөздермен танысамыз. - Хормен жеке қайталаймыз. (мұғалім қазақ тән дыбыстарға, (І, ІІ ж.) жіктік жалғауларға, (-қа/-ке, -ға/- ге) Барыс септігіне назар аударады) (МК,Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушылардың мектеп, тау, саябақ, сөздерінің барамын етістігімен қолданылғанда қандай өзгеріске түсетініне (барыс септігінің жалғауымен) аударады. Оқушылар кесте арқылы тауға, мектепке, саябаққа баратынын айта алуды үйренеді. «Сұраққа жауап бер» • ХОРМЕН (қимылдап жасап) «Сен қайда барасың?» деген сұраққа жауап береміз. • ТОППЕН ЖҰМЫС Қыз балалар тақтаға шығып, осы сұрақты ұл балаларға қояды, үл балалар сұраққа жауап береді. • ЖҰППЕН ЖҰМЫС Бір-біріне сұрақ қояды да, жауап береді. • ЖЕКЕ ЖҰМЫС • Екі-үш бала тақтаға шығады, бір-бірден таңдаған сыныптасқа сұрақ қояды. (Жақсы оқитын балалар слайдтан жазғанды оқиды, басқалар суретке қарап, жалғау қосып жауапты береді) ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫС • Балалар, сендер мектепке күнде келесіңдер. • Білім аласыңдар. • Достармен ойнайсыңдар. • Мектепке келгеніне риза боласыңдар! Достықты бағалай біл! СЕРГІТУ СӘТІ - Орныңнан тұрамыз, ән айтамыз: Біз мектепке барамыз «4» пен «5» аламыз! Тауға барамыз Жақсы демаламыз! Достарым сондай жақсы, Көңілді де, ақылды! (МК,Ж) «Есте сақта!» айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушылар «Иә, барамын», «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйренеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау, жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз қалаулары бойынша иә/жоқ деп жауап береді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС • Берілген суреттерден екі суретті таңдап, постер жасаймыз. • «Мен тауға бармаймын, мен мектепке барамын» үлгі бойынша сөйлем құрастырамыз. (ОТ) 4-тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеу үшін оқушылар берілген үлгіні тыңдайды, қайталайды. Содан кейін өздері ақ қағазға қайда баратынының (мектеп, саябақ, тау) суретін салады. Сурет салу барысында мұғалім олардан не салатынын, қайда баратынын жеке-жеке сұрай алады. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан соң, әрқайсысы өз суретін көрсетіп, тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі: Мынау – мектеп. Мен мектепке барамын. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Презентация № 2 слайд Аудиодиск 5.1.1.; 5.1.2.; Қазақ тілі,1-тапсырма 62 бет. Презентация № 5 СЛАЙД Қазақ тілі,3-тапсырма 63 бет. № 6 СЛАЙД № 7 СЛАЙД № 8 СЛАЙД № 9 СЛАЙД Презентация № 9 СЛАЙД Презентация № 10 СЛАЙД ЕСТЕ САҚТА! Қазақ тілі, 63 бет. Презентация № 11 СЛАЙД Презентация № 12 СЛАЙД Балалар сұрақтарға жауап береді. №2 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 5.1. Сабақтың соңы 41-45 минут (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. Соңымен, балалар, біз • берілген сұрақтарға жауап бере аламыз; • жаңа сөздермен сөйлем құрыстыра аламыз; • мұғалімді түсіне аламыз; • бір-бірімізге көмек жасай аламыз; жұппен жұмыс істей аламыз. Презентация № 13 СЛАЙД Қосымша ақпарат Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданып сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. Сабағымда мына әдіс-тәсілдерді қолданамын. Ол: тыңдалым, айтылым, дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау, сұрақ-жауап жұмысы, топпен, жұппен жұмыс істеу. Сөздерді тез ұғып алу үшін қимылмен, ыммен көрсетемін. Сабақта балалар жақсы жұмыс істеді, жаңа материалды түсінді, әртүрлі жұмыстар орындады. 1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздініз бе? Неге? - Жоқ, енгізбедім. Балаларға «Дыбыстық жаттығулар» жұмысы ұнайды. 2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? - Жүргізілген жұмыс тиімді болды. Әр сабақта мен балаларға іс-әрекеті мен қимылдар көрсету арқылы мұқият тыңдауға, сөйлеуге, топта жұмыс істеуге, кез келген сұраққа жауап беруге үйретемін, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырамын. Қорытынды бағалау Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: Сергіту сәті. 2: «Дыбыстық жаттығулар» Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: Жұппен жұмыс 2: Шығармашылық жұмыс | |
Просмотров: 984 | Загрузок: 20 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|