Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстандағы мұнай өндірісі
[ Скачать с сервера (666.9 Kb) · Скриншот ] 2017-12-14, 8:42 AM
Құрастырған: Жақсылық Нұрбақыт Ақанқызы
Сыныбы 11 Пәні: қазақ тілі Күні 06.12.2017
Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы мұнай өндірісі

Сілтеме Оқулық. Авторы Т.М. Артықова, Г.Г Ермекбаева
Сабақтың мақсаты «Қазақстандағы мұнай өндірісі»
туралы түсінік беріп, ойларын ортаға салу
Сабақтың міндеттері Мақсаты: Мұнай өндірісі туралы түсінік беру. Қазақстандағы мұнай өндірісі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: - оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу
білімділік: дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру;- грамматикалық ережелерін саналы, тиянақты меңгерту; дамытушылық:- сөздік қорының орынды қолданылуы - жазылым, оқылым, айтылым әрекеттері арқылы іске асыру; ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту
тәрбиелік: Туған жерге деген мақтаныш сезімдерін оятып, Отан сүйгіштіке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі «Қазақстандағы мұнай өндірісі» туралы нақты түсінігі болады және осы тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізе алатын болады.
Әдіс тәсілдер 1.Диалогтық оқыту 5. Талантты балалармен жұмыс
2.АКТ 6. Жас ерекшелігіне сәйкес білім беру
3.Сын тұрғысынан ойлау 7. Оқытудағы көш басшылық
4.Өзін-өзі реттеу

Тапсырмалар 1.Топқа бөлу. Санға санап бөлу.
*Мынау ненің суреті деп ойлайсыздар? СТО
*/Суретте Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы/
1 топ «Атырау » тобы
2 топ «Маңғыстау » тобы

6.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бүгінігі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстандағы мұнай өндірісі»
Сабағымыздың мақсаты: «Мұнайлы өлке» бөлімі бойынша алған білімімізді жинақтап, қорытындылау.

2. «Балалық шаққа саяхат» шарларды екі топ лақтырып ойнайды «Тоқта» деген кезде әркім өз шарын ұстап қалады да шарды жарып, ішіндегі қағаздан сұрақты оқып, жауап береді.
Сұрақтар:
1. Атырау қайда орналасқан?
2. Мұнай – ол не?
3. Мұнайдың түсі қандай?
4. Еліміздегі мұнайлы өлке қай өңір?
5. Мұнайдың салмағы қандай?
6. Мұнай өнімдерін білесің бе?
7. Атырау қандай қала?
8. Маңғыстау облысы қашан құрылды?
9. Әбіш Кекілбаев қайда туған?
10. Әбіш Кекілбаев Маңғыстауды кімге теңеген?
11. Маңғыстау облысы қандай елдермен шектеседі?
12. Халықта мұнайдың екінші атуы қандай?

7.Попелышева Лераның сауалнамасын тыңдау
- Лераның сауалнамасының қорытындысы бойынша мұнай туралы толық мағұлмат алу үшін бейнебаянға назар аударайық.
8.«Қазақсатандағы мұнайлы өлке өндірісі» бейнебаянын көру

9.Сөздік

өнеркәсіп- көш бастаушы-
шикізат- тұтынушыға-
өңдемей қолдану- құбыр-
мұнайға барлау- тиімді-
ірі кен орыны- өңдеу-

10.Әр топ мәтінді мұқият түсініп оқып, жаңа сөздерді қолданып постер дайындайды. Постерді топ спикері қорғайды.

Қазақсандағы мұнай өндірісі
Мұнай өнеркәсібі – отын өнеркәсібінде жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың ортасында осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды. Көптеген кен орындарына мұнайға барлау жасалды.
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылы үшінші алап - ірі кен орны Құмкөл пайда болды.
1990 жылы ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.
Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.
Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:
• «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
• ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
• Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы.Мемлекетімізде мұнай өнеркәсібінің дамуы жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді.Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.

11.Сан есімдерді пысықтау. Сандарды сөйлет. Қандай сан есім екенін анықтаңыз.

300, 1960, 1990, 12 , 6 ,83,7000 /Жазбаша 300, 12, 6, 83/

12.Сөйлемдерді аяқтаңыз
1. Мен мұнайшы болсам, .....
2. Менің мұнайшы болғым келеді себебі, ...
3. Мұнайшы жақсы мамандық сондықтан, ....
4. Мұнайшы болу жақсы бірақ, ...
5. Маған мұнайшы мамандығы ұнайды, алайда
6. Менің мұнайшы болғым келеді, кейде...

13.«Ыстық орындық» әдісі /Мұнайшымен сұхбат/
Орындыққа оқушылардың бірі қалауы бойынша отырады.
Қалған оқушылар «мұнайшымен» мұнайшы мамандығы бойынша сұхбат жүргізеді.
3.«Жақсы тілек» жақсы психологиялық ахуал тудыру.
Екі топ бір –бірлеріңізге бір тілек тілеңіздер

4.Топ спикерлеріне бағалау парағы тапсырылады.Топ басшысы топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.Сабақ соңында қорытынды бағасын шығарады.
5.Сабақтың тақырыбын суретті пайдаланып ашу.

- Балалар, суретте не деп ойлайсыңдар?
- Сонымен , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
14.«Сана саяжолы» әдісі.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.1-ші топ «Сен мұнайшы болма, себебі...», 2-ші топ «Сен мұнайшы бол, себебі...»

15.Сабақты бекіту.Тест тапсырмасы
Қорытындылау 16.Бағалау
Топ спикері бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің жұмысының қорытынды бағасын айтады.
«5», «4», «3» 17. Рефлексия

Үш түсті алма пішіндес стикерлерге сабақ туралы өз ойларын жазады да, білім ағашына жапсырады.

18.Үй жұмысы: «Мен мұнайшы болсам...» тақырыбы бойынша эссе жазып келу
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 | Теги: мұнай, өндірісі, Қазақстандағы
Просмотров: 3296 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 2:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru