Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ · Скриншот ] | 2018-01-09, 6:13 AM |
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім- Қазақстан Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т2 Таңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу. Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: сұрақтарға жауап бере алу; нақты ақпаратты анықтай алу; Оқушылардың көбі:синоним,антоним, омоним анықтай алу, өзара мазмұнын талдай алу. Кейбір оқушылар: тірек сызба арқылы постер құрастыру. Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді,нақты ақпараттарды ажыратады Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:сұраққа жауап бере алады,мазмұнын түсіне алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Егеменді-суверенный Мемлекет-государство Мәдени-культурный Пайдалы кендер-полезные ископаемые Шығарма жазуға арналған пайдалы сөздер:мемлекеттің елшілігі,пайдалы кендер,дамыған ел. Талқылауға арналған сұрақтар: Қазақстан қандай мемлекет? Құндылықтарға баулу Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы АКТ қолдану дағдылары Презентация,слайд Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 10 мин. Оқушылармен амандасып,түгендеу. Оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару. Психологиялық ахуал туғызу Салем саған Жер –Ана Сәлем саған көк аспан Сәлем саған алтын күн Сәлем саған достарым Қызығушылықты ояту.Балаларға сұрақтар қойылады: - Отан деген не? - Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады. - Біздің Отанымыз қалай аталады? - Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады. - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. - Еліміздің елордасы қай қала? - Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. - Балалар, желтоқсан айының 16-сы күні қандай мейрам? - 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. - Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болды? - Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл болды Ф. Әр түрлі жұлдыздар тарату Сабақтың ортасы 30 мин Топқа бөлу Сабақтың мақсатын хабарлау. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жұмыс Оқушылар мәтінді тыңдайды. Ұ. Мәтін. Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Қазақ жері пайдалы кендерге бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті, дамыған ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол менің Отаным. Сөздікпен жұмыс Егеменді-суверенный Мемлекет-государство Мәдени-культурный Пайдалы кендер-полезные ископаемые Дамыған-развитый Білімді-образованный Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, мазмұны бойынша 3 жабық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауабын тыңдаңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. Берілген ақпараттардың ішінен 3 негізгі ақпаратты анықтаңыз. р/с Ақпараттар V белгісі 1 Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. V 2 Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. V 3 Қазақ жері пайдалы кендерге бай. V 4 Қазақстан табиғаты өте әдемі. 5 Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Дескриптор Білім алушы - мəтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады;- - сұрақтарын жұбына қойып, жауабын тыңдайды; - жұбының сұрақтарына мазмұн бойынша жауап береді; - берілген ақпараттардан 3 маңызды ақпаратты анықтайды. Кері байланыс Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтар түсінікті болды ма? Ақпараттарды дұрыс анықтадық па? Қандай сұрақтар оңай, қандай сұрақтар қиындық туғызды? Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдім Төменге қарап жер көрдім Оңға,солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. Саралау әдісі Топқа бөлу: көк,қызыл,сары түстер арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. 1- топ- «Бәйтерек» тобы;2-топ- «Ту тобы» ,3-топ- «Шанырақ» тобы. 1- топ- «Бәйтерек»-Берілген сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік қатарын анықтаңыз. Сөздер Синоним Тәуелсіз Халық Дүние жүзі Отан - Сөздер Антоним Бай Жер Күн Жақсы көру Сөздер Омоним Бас Ел Күн - берілген сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік қатарын анықтайды. - шағын мәтін құрайды. Сөздерді синонимдік қатарымен қолдана отырып, «Елім - мақтанышым» деген тақырыпта ауызша шағын мәтін құраңыз (5-6 сөйлем). 2-топ- «Ту тобы» 5 жолдық өлең құрастырады. 1. Зат есім: Отан 2. Сын есім: дербес, бай 3. Етістік: өркендейді, көркейеді, дамиды 4. Сөйлем: Отанымыз жылдан- жылға көркейіп келеді. 5. Синоним:туған жер Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазу. -5 жолдық өлең құрастырады. -отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазады. 3-топ- «Шанырақ» тобы. Сабақтағы мәліметтерді жинақтап, постер дайындайды. Дара диаграмма - постер дайындайды. Кері байланыс: Топта жұмыс істеу ұнады ма? Қандай қиындықтар болды? Мәтін Интернет Слайд Қалыптастырушы бағалау жинағы Үлестірме карточка Карточка Графикалық органайзер Сабақтың соңы 3 мин Рефлексия: «Көңіл-күй ағашы» Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Үй тапсырмасы 2 мин. «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу. | |
Просмотров: 760 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|