Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (164.2 Kb) ] | 2013-03-01, 8:12 AM |
Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 9 Астана қаласы Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Залетаева Айгүл Құрманғазықызы Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөйлемнің мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай оған қатынасып тұрған тыныс белгілерінің қызыметін ажырата білу – нағыз сауаттылықтың бірден-бір кепілі екендігін меңгерту; оқушыларға сөйлем ішінде үтірдің қойылатын орындарын ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы – жас ұрпақты өз ана тілін құрметтеуге, ғылыми, мәдени қатынастарда қолдана білуге, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар, тірек сызбалар. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: Т.Т.Галиевтің «Жүйелілік тәсілі негізінде оқыту» технологиясы Пәнаралық байланыс: әдебиет. Сабақ барысы: І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең • оқушылармен сәлемдесу; • сабаққа қатысымын тексеру; • үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру. 1-топ «Тілші-әдебиетші» 2-топ «Зерттеуші» 3-топ «Сөз шебері» Мұғалімнің кіріспе сөзі Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал-тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік. Осы сөзімен келісесіңдер ме, балалар? Топтардың пікірі) 1-топ «Тілші-әдебиетші» Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті. Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті. Тыныс белгісінің үш түрі бар. 2-топ «Зерттеуші» Тыныс белгілері ( пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін. Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан. 3-топ«Сөз шебері» Тыныс белгілері қалай сөйлейді? (өлеңмен жауап беру) ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең 1. Т.Т.Галиевтің «Жүйелілік тәсілі негізінде оқыту» технологиясы бойынша жүйелі құрылымдау және зерттеу сызба нұсқасы арқылы сөйлем ортасында қойылатын тыныс белгісі, үтірдің, құрылымдық жүйесін жасау. Оқушылардың жұмысы 1-топ «Тілші-әдебиетші» 1. Үтірдің анықтамасына, қызметіне, қойылу орынына, принциптеріне тоқталады. 2. Мысалдардан үтірдің қойылу себебін түсіндіреді. 2-топ «Зерттеуші» 1. «Тыныс белгілерінің шығу тарихы» шағын жоба қорғау 2. Үтірдің қойылу ережелерін шығарады. 3-топ «Сөз шебері» 1. Үтірдің қасиеттерін өлеңмен жеткізеді. 2. Берілген мысалдардың мағынасын түсіндіреді. Талдау Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір. 1. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір 1. Алыс сапарға, игілікті іске, емделуге аттанар алдында қариялардың батасын ал. 2. Қуанышта да, қиындықта да, қайғыда да, ашуда да ұстамды бол. 3. Үлкен кісі келсе жайдары қарсы ал да, төрге шығар. 2. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір Біреудің намысына, ар-ожданына, тимей сөйле. 3. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір Карағым, қашанда жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақсы болсын. 4.Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір Меніңше, байлыққа мақтану ақылдының ісі емес. 5. Одағайға байланысты қойылатын үтір. 6. Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір 1. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. 2. Әр істе әділ бол, әділ болсаң әлді боласың. 3. Бақытты болғың келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет. Өзекті мәселесі Қосымша сұрақтар Зерттеу Практикалық жұмыстар Жаңа білім, дағды Шығармашылық Нәтиже Мұғалімнің жұмысы Талдау 1. Үтір Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгісі. 2. Үтірдің қызметі Сөйлем ішіндегі кей сөздердің мағынасын, қолдану себебін даралап, ерекшелеп көрсету қызметін атқарады. 3. Қойылатын орны Бірыңғай мүшелер, қаратпа, қыстырма, одағай, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігін ажырату үшін қойылады. 4. Қойылу заңдылықтары Грамматикалық, мағыналық, интонаиялық принциптер. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір. 1. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір а)Б. м. жалғаулықсыз келгенде; ә) да, де, әрі, яки,, немесе, не, әлде жалғаулық шылаулары б. м. қайталанып келсе; б) да, де ш. етістіктен болған б.м. баяндауыштар арасында қайталанбай келсе; 2. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады. 3. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір а)Қаратпа сөз, ................................................. . ә) ...................., қаратпа сөз, ........................... б) ......................................................., қаратпа сөз 4.Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір а)Қыстырма сөз, ................................................. . ә) ...................., қыстырма сөз, ........................... б) ......................................................., қыстырма сөз 5. Одағайға байланысты қойылатын үтір а)Одағай сөз (Апыр-ай, шіркін, ойбай, әй), ..................... . ә) .............., одағай сөз (япырау, туу, е), ........................... б) ....................................................,одағай сөз (уһ.ә, бәсе) 6. Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір а)Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне үтір қойылады. ә) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас, себеп мәнді салалас құрмалас сөйлмдердің арасына үтір қойылады. Өзекті мәселесі Тыныс белгілерін орынымен қолана білу-сауаттылық кепілі Қосымша сұрақтар 1. Бірыңғай мүшелер деген не? 2. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер қандай сөздер деп аталады, неліктен? 3. Қаратпа сөзді бастауыштан қалай ажыратуға болады? 4. Қыстырма сөздердің сөйлемде айтылған ойға қандай қатысы бар? 5. Оңашаланған айқындауыш сөздер деген не? 6.Оңашаланған айқындауышты бірыңғай мүшемен шатастыратын жағдай кездеседі. Бұларды қалай ажыратамыз? 7. Құрмалас сөйлем деген не? Практикалық жұмыстар Тақырып бойынша тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. Тест жұмысын жүргізу Зерттеу Тыныс белгісінің шығу тарихы (шағын жоба қорғау) Жаңа білім, дағды 1. Тыныс белгісінің шығу тарихы 2. Үтірдің қызметі 3. Үтірдің сөйлем ішіндегі орны және оны практикада қолдана білу. Шығармашылық Сурет бойынша әңгіме жазу, үтір туралы өлең шығару, тақырыпқа байланысты пікір, ой толғау жазу. Нәтиже 2. Тақырып бойынша тапсырмалар орындату Үтірдің қойылған орнын табыңыз. Мысалдар Бірыңғай мүшелер Оқшау сөздер Оңашаланған айқын Құрмалас сөйлем Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ. Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді. ІІІ кезең. Бекіту кезеңі 1. Деңгейлік тапсырмалар 1-топ «Тілші-әдебиетші» Тапсырмалардың практикалық жағын орындайды. 2-топ «Зерттеуші» Тапсырмадағы теориялық ұрақтарға жауап береді. 3-топ «Сөз шебері» Шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Теория Тапсырмалар Орындалуы % көрсеткіші 1. Үтір деген не? 2. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қандай жағдайларда қойылады? І деңгей. Берілген сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазып, қойылу себептерін түсіндіріңіз. 1. –Қарағым Әбіш әкең екеуіңнің сөзі бір жерден шықты-ау. 2. Базаралы кеілісімен үй ішін жарқын жүз әзіл күлкі аралас сөздерімен көңілдендіріп жіберді. 3. Қонақтардың алды осы Жидебайдағы Абайдың шешелерінің үйіне де келіп жатқан. Күлкі аяғын Әйгерім Зылиқа жаққа бұрып кірген қонақтарға қымыз әкелуге бұйырды 25% 1. Айқындауыш мүшелерге үтір не үшін қойылады? 2. Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтірдің орны туралы айтып беріңіз? ІІ деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді, тыныс белгілерін қойып жазыңыз. 1. Сіздің халық .......... ақын халық. 2. Кейбір тамсанып тамашаланған ........ күлген үндерден басқа дыбыс жоқ. 3. Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің ............... көк арбасы десе де болады. Керекті сөздер: менің байқауымша, Құнанбайдың кәрі шешесінің, биязы 25% 1. Үтірдің қызметі қандай? 2. Құрмалас сөйлемдерге байланысты үтір қа кезде қойылады? ІІІ деңгей. Берілген сөздермен сөйлем құрап жазып, үтірдің қойылған орнын анықтаңыз. 1. көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік 2. Өкінішке орай, 3. Біздер, қазіргі заман жастары... 50% ІҮкезең. Шығармашылық тапсырмалар 1. Берілген өлең жолдарын толықтырып жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз. Ізгілікті ........ Үміттерді ...... .......... ардақтап Құрметтеші ..... .... Жаман сөзге ........ .......... бермеші Ел сенімін ........... Абыройды ........ ............... аяла Жақсылыарды саяла Адалдықты ............ ................. сатпағын Осы саған аманат Жоламасын ......... 2. Бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер, оқшау сөздерді қатыстыра отырып, сурет бойынша әңгіме құрап жазыңыз. 1Үйдің іші, жабдығын суреттеңіз. 2. Төрде отырған қарттың кескін-келбетін суреттеу. 3. Дастарқан басындағы әңгіме не туралы? Қорытынды Бүгінгі тақырыптың маңызы неде? Сабақ барысында қандай ғибрат алдық? Үй тапсырмасы: 3 топқа бөліп тапсырма беру 1. Тілші-әдебиетші: «Абай жолы», «Қайтқанда» тарауынан үтірдің қойылуына байланысты мысал теру. 2. Сөз шебері: Үтір туралы өлең шығару немесе ертегі жазу 3. Зерттеуші: Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын құрастырып келу. [size=14] | |
Просмотров: 14286 | Загрузок: 364 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|