Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (83.5 Kb) ] | 2013-03-03, 8:01 PM |
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің оқытушысы: Қайрбаева Маржан Нурбековна Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы Тақырыбы: «Ата салтың – асыл қазынаң» Мақсаты: Оқушыларымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық,ісмерлік негізінде тәрбиелеу, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Көрнекіліктері: Суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, оқулықтар Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты Сабақтың барысы: 1. І – бөлім. Ұйымдастыру 2. ІІ – бөлім. Мұғалімнің сөзі 3. І – кезең. «Сөз атасы – сәлем» 4. ІІ – кезең. «Озған ел тарихын таспен жазады» (Сұрақ - жауап) 3. ІІІ - кезең. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» 4. ҮІ – кезең. Қорытындылау. «Аталы сөз – баталы сөз» І – бөлім . Ұйымдастыру 1) Бөлмені даярлау, безендіру. Көрмелер ұйымдастыру ІІ – бөлім. Мұғалімнің сөзі Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Ата салтың – асыл қазынаң» деп аталады. Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары болып табылады. «Халқым қандай десең салтымнан сұрап біл» демекші салт-дәстүрлерден халықтың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, даналығы, шешендігі, танымдық көзқарастары көрінеді. Қазақ халқы қазақ атанғалы бері қаншама заман, сан ғасырлар өтті. Әсіресе түркі тектес туыстас халықтардан еншісін алып, өз алдына жеке ту тіккелі бері қазақтар өз ата-баба дәстүріне шын беріліп, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін және тілін қадірлеп, өте таза сақтап келгені белгілі. Уақыт өткен сайын салтымызға әртүрлі өзгерістер еніп, қоғам талабына сай келмейтін дәстүрлер ауысып, өмірге қажетті салт кемелденіп, дамып отырады. Бұл- өмірдің заңдылығы. Дегенмен ұзақ ғұмыр кешкен халықтың тәрбиедегі, салт-санадағы, жол-жоралғыдағы, ғұрыптық дәст.рдегі тәлімдерді біліп сақтап, қазіргі кимелеп тұрған жат жұрттық көріністен өз асылымызды қорғап қана ұлттық салт – сананы бойымызға сіңіреміз. Қазақ дәстүрі тек ата – ананы ғана емес, жалпы адамды, сыйлауға баулиды. Үйіне қонақ келе қалса, атын байлап, есік ашып, төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды болу сияқты салт – дәстүрлердің бірде- бірі ескірген жоқ. Бұлар өмір бақи ескірмейтін салт – дәстүрлер. «Ата салтың –асыл қазынаң» атты ашық тәрбие сағатымызда оқушылар екі топқа бөлініп сайысады. Бірінші топтың аты «Көктем», екінші топ «Наурыз». Қазір осы екі топтың арасында бірнеше кезеңдік сайыстар болмақ. Соның алғашқы қадамын бастауға рұқсат етіңіздер. І – кезең. «Сөз атасы – сәлем» Бұл бөлімде екі топ сәлемдесудің мағынасы туралы түсініктерін айтады да 10 ұпайға ие болады. Балалар, бүгін біз ата – баба дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысамыз. Тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға салып, білмегендерімізді үйренеміз. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. ІІ – кезең. «Озған ел тарихын таспен жазады» (Сұрақ - жауап) Бұл кезеңнін ережесінде екі топтың оқушылары ұяшықтағы жасырынған сұрақтарға жауап береді . Бірінші болып «Көктем» тобының оқушылары бастайды. Егер олар ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап бере алмай қалған жағдайда, ол сұраққа келесі «Наурыз» тобының оқушылары жауап беру құқығына ие болады. Егер де сол топтың оқушылары сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай санына ие болады. Сұрақтар: 1. Жеті күнді ата. (Бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына) 2. Жеті қазынаны атаныз? Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.) 3. Ерулік ғұрып –салтының мағынасын түсіндір? («Ерулік» - ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, солаулдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «Ерулік» деп ас пісіріп, табақтартады.) 4. Ұлтымыз қандай сандарды киелі –қасиетті деп есептейді? (3,5,7,9,12,30,40 т.б.) 5. Бес қаруды атаңыз? (1. Садақ. 2. Мылтық. 3.Найза. 4.Қылыш. 5.Айбалта) 6. Өз өнерін көрсету «Қара жорға» биі? 7. Сүт тағамдарын атаңыз? (Сүт, қымыз, шұбат, құрткөже, ежігей, ірімшік, қатық, айран, май, қаймақ, сүзбе, құрт) 8. Төрт түліктің түрлері қалай аталады? (Шопаната, Сексек ата, Қамбар ата , Ойсылқара, Зеңгібаба) 9. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар? (Аударыспақ, теңге алу, қыз қуу,арқан тартысу, көкпар, асық, тоғызқұмалақ) 10. Жарапазан қай уақытта айтылады? /Рамазан айында, ораза уақытында/ 11. Әкеге қарап ... /ұл/ өсер, шешеге қарап ... /қыз/ өсер 12. Жігітке жеті ... /өнерде аз/ 13. Қазақ халқының салт - дәстүр, той-томалақтарын ата?. /Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндет той, тілашар/ 14. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады? (үген,ер-тоқым, қамшы, аткөрпе,үзеңгі,тартпа,өмілдірік т.б.) 15. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, билерді білесің? Абылай хан, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір хан.Қазыбек, Төле би, Әйтеке би) 16. Наурыз мейрамы қай жылдан бастап тойланды? /1988 жылы 22 наурызда/ ІІІ – кезең. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары болып саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақал-мәтелде бар. . Бұл бөлімде екі топтан бір-бір оқушы шығып кластер бойынша жұмыс жасайды. Кластерді дұрыс құраған топ 5 ұпайға ие болады. Ата Әке Немене Жеті ата Бала Немере Шөпшек Шөбере Тек ата Бала Түп ата Жеті ата Әке Баба Ата Арғы ата Міне, балалар жеті атаны тарату осылай жіктеледі. Келесі кезеңіміз «Аталы сөз – баталы сөз» деп аталады. ІҮ – кезең. «Аталы сөз – баталы сөз» қорытындылау «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» демекші, бұл бөлімде бабалар өсиетімен отырған қауымға тобымыздың оқушысы Туматай Нұрбол сіздерге бата - тілек береді. Ал тыңдаңдар батамды, Аржақтаңдар атаны! Тойсаңдар тасып, бөспеңдер, Топастықты кешпеңдер, Ананың сүтін ақтаңдар, Арларыңды сатпаңдар ! Жалқаулық жаулап жаман-ды, Жеңіңдер оны күреспен. Кеңпейіл, дарқан халқымыз, Кеңейді дәстүр салтымыз. Дәстүрін елдің сыйлаңдар! Дәстүрлі салтты тойлаңдар! Орындалсын ойларың, Тойға ұлассын тойларың! Әумин! Сіздерге сәттілік тілей отырып,бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, назарларыңызға рахмет. Ұпай санын бағалау парағы: Топ аттары «Сәлем – сөздің атасы» «Озған ел тарихын таспен жазады» (Сұрақ – жауап) «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» Қорытынды «Көктем» тобы Ұпай санын бағалау парағы: Топ аттары «Сәлем – сөздің атасы» «Озған ел тарихын таспен жазады» (Сұрақ – жауап) «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» Қорытынды «Наурыз» тобы | |
Просмотров: 5597 | Загрузок: 899 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|