Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (52.5 Kb) ] | 2013-03-03, 11:35 PM |
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған ЖОББ мектебі Асатаева Алия Бекешовна Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып) Сабақтың мақсаты: а/ білімділік: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсініктерін кеңейте отырып, ұлттық сусынымыз –«қымыз» туралы түсінік беру. Этнолингвистикалық атаулармен таныстыру. Ұлттық тағамдар тақырыбында диалог құрып сөйлесуге үйрету. ә/дамытушылық: Ауызекі сөйлеу әрекеттері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Лексикалық сөздік қорларын байыту. Тапсырмалар арқылы сауаттылықтарын арттыру. б/тәрбиелік: Ұлттық тағамдардың пайдасын ұғындыра отырып, дәрумені мол, табиғи таза өнімдерді тұтынуға, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, кластер сызбасы, түсіндіру, ойландыру, аударма. Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Ұлттық тағамдар», «Қазақтың дастарқаны» атты энциклопедиялар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі: а/Сәлемдесу. ә/Оқушыларды сабаққа бейімдеу. б/Сөйлесу. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.«Ұлттық тағамдар» тақырыбында диалог құрып сұхбаттасу. 2.Ас, тамақ туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту. ІІІ. Жаңа сабақ Тыйым сөздер мен ырымдар: • Асты жамандамайды; • Қол жумай, асты ішпейді; • Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды; • Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді; • Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді; • Тамақ үстінен аттамайды; • Түнде тамақтың бетін жауып қояды; • Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды; • Әкесі бар адам бас ұстамайды; • Суды қарызға сұрамайды; • Дастарқанда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды; “Қымыз” ....Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз. Елімнің кеңестік сүйген асы, Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз. (Ж.Жабаев) Сөздікпен жұмыс: Қымыз-кобылье молоко Саумал қымыз-только что заквашенный кумыс Түнемел қымыз-однодневный кумыс Тай қымыз-двухдневный кумыс Құнан қымыз-трехдневный кумыс Дөнен қымыз-четырехдневный кумыс Бесті қымыз-пятидневный кумыс Сүр қымыз-выдержанный кумыс Ашыту-заквасить Қор-закваска Түшкіру-чихать Ем-лечение Бағалы- ценный Мәтінмен жұмыс: Қымыз- қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны. Ол тек қана биенің сүтінен жасалады. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Дөнен қымыз төрт тәулік бойы ашытылады. Саумал қымыз-жаңа ашыған қымыз. Қымыздың бұл түрлері қарттар мен балларға беріледі. Қазақ халқы бесті қымызды аса бағалаған, өйткені ол- әбден ашыған, иісі кісіні алыстан тартып, түшкіртіп жіберетін күшті қымыз. Қымызды ашыту- үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сабадағы қорға немесе ашытқаның үстіне құяды да, бір сағатқа жақын піседі.Қымызды неғұрлым көп пісірсе, соғұрлым жақсы болады. Қымыз-түрлі аурудың емі. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Қымыз дегеніміз не? 2.Қымыздың қандай түрлері бар? 3.Қымызды қалай жасайды? Кластер сызбасы: Қымыз тамақ дәрі ең бағалы сусын биенің сүтінен жасалады Қымыздың түрлері: саумал,түнемел,тай,құнан,дөнен,бесті,сүр; Тапсырмалармен жұмыс: 1-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар. 1.Қымыз –қазақ халқының ... . 2.Ол биенің сүтінен... . 3.Қымыздың түрлері:.. . 4.Бесті қымыз өте бағалы, өйткені... . 5.Қымызды ашыту-... . 2-тапсырма: Екінші бағанадан сөздердің орысша баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсетіңдер. Соғым сою-забой скота на зиму Қазақша ет-мясо по-казахский Дәреже-уровень Күлше-лепешка Ашытқы-дрожжи Құймақ-оладьи Пайдалы-полезен Бағалы-ценный Ем-лечение Сүр қымыз-выдержанный кумыс 3-тапсырма: Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар. Қазақ халқы Бағалы сусын Ұлттық тағам Ауруға ем Қазақша ет Денсаулыққа пайдалы Соғым сою Үлкен өнер 4-тапсырма: Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасы бойынша орыс тіліне аударыңдар. ІV.Қорытынды: Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мазмұндау. 2. 6-тапсырма. Бағалау. -Сабақ аяқталды! -Сау болыңдар! | |
Просмотров: 3938 | Загрузок: 649 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|