Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] | 2013-03-15, 5:56 PM |
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №47 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Майданова Камилла Майданқызы Сабақтың тақырыбы:Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев Мақсаты: Табиғатты қорғауға, мейрімділікке баули отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; 1Білімділік:Мәтінді түсініп оқи отырып,сұрақ қою арқылы жан-жақты талдай білуге үйрету,оқу дағдыларын жетілдіру,өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу. 2.Дамытушылық:сөз тіркестері мен көркем сөздердің мағынасын меңгере отырып тілдік қорын дамыту. 3.Тәрбиелік:табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, қорғауға, мейрімділікке тәрбиелеу Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер, сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Біз бақытты баламыз Ойнап күліп аламыз Жетілсін деп санамыз Оқып білім аламыз ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйге» ойыны/әр ұяшықты таңдау/ 10 ұяшық Әңгімеде оқиға қай кезеңде болған деп ойлайсыңдар? 20 ұяшық Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді? 30 ұяшық Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен? 40 ұяшық Жауыз адамдар бүркітке не істеді? 50 ұяшық Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды? 60 ұяшық Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен» дегенін қалай түсінесің? Жаңа сабақ: -Балалар қандай жазушыларды білесіңдер? Бердібек Соқпақбаевтың қандай әңгімелерін оқыдық? «Шынықсын денеміз», «Сен ұйықтап жатқанда» Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қамқорлық» деп аталады. «Қамқорлық» сөзін қалай түсінесіңдер?(оқушылар жауабы) Оқулықпен жұмыс. а) мұғалім оқуы ә) сөздік жұмысы б) сұрақ жауап - Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? -Торғай неден шошып кетті - Жазушы Жантастың жағымсыз іс-әрекетін қалай суреттеген? -Балапанның аман қалуына кім себепші болды және не істеді? б) Оқушылар әр бөлікке бөліп оқиды Бөліктерге ат қояды Топпен жұмыс І топ Торғай байғұстың жанталасқан халін суретте. ІІ топ Жантас пен Қожаның әрекеттерін салыстыр,екеуіне мінездеме бер. ІІІ топ Қамқорлық туралы эссе жаз. «Менің атым-Қожа» фильмін көрдіңдер ме? Фильм туралы айту. Бұл фильм француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде(1967ж) арнайы сыйлыққа ие болды. Бекіту. Торғай туралы қандай әңгіме оқып едік? Сұрағы. Жүсіпбек Аймауытов Бердібек Соқпақбаев Әңгімесі қалай аталады? (Торғай) (Қамқорлық) Торғай неден қорқып еді? (жыланнан) (Жантастан) Торғайға ара түскен кім? (Ақбілектен) (Қожадан) Сабағымызды Қамқорлық Тек ізгі істер ғана адамды сұлу етеді Қайырымдылық іссіз қалмайды Зұлымдықты зұлымдықпен жоя алмайсың Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренейік Қорытынды а) Үйге тапсырма 189-190 бет мазмұндау ә) «Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек ..» эссе жазып келу бағалау Қолында аша таяғы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де балапан торғай бейқам отыра берді.Тек аяғының астындағы шарбақ ағашы сақ ете түскенде,ол селт етіп,шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгергенше,балапан торғай жан далбаса ұша жөнелді. Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді.Көшенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талықсып әрең жетіп қонды.Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты. Әккі Жантас ентелеп тағы жетті.Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да,қалт тұра қалып және атты.Тас бұл жолы зу етіп,балапанның төбесін жалап өтті.Ол көзін жыпылық еткізіп,бұға қалды.Бала балапан торғайдың қыр соңынан қалмады,ауылды шыр айналдырып қуа берді.Өкпесі өшіп,әлсіреген балапанның енді көтеріліп ұшуға халі де қалмады. Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп,дуалға жабыса түсті.Әлсіз аяқтары сырғанақтап,сүріне құлап «Аяшы», «Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етеді.Бірақ безбүйрек Жантас оған құлақ аспады.Қол созым жерде тұрып атқылай бастады. Кенет Жантастың арт жағынан: - Әй, о немене? – деген дауыс саңқ ете қалды.Жалт қараса,Қожа жүгіріп келеді екен.Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді.Егер осы атқанда да тимесе,онда бас салып Қожадан бұрын ұстап алмақ. Бірақ бұл жолы атылған тас иесінің жауыз ниетін құптап ұшты.Дәл топшысынан дөп тиген тас балапан торғайды домалатып түсірді... Торғайды Қожа ұстап,мәпелеп үйге әкелді.Газет бетіне нанның үгіндісін сеуіп «же» деп торғайға апарды.Бірақ балапан жемек түгіл,басын оңды-солды жалт бұрып,татып алмады. Қожаның босатып қоя беруі мұң екен,балапан жорғалап барып керуеттің астына еніп кетті. Ертесіне ол жаңа «пәтерге» көшті.Оны жасаған Қожа болатын.Кәмпиттен босаған шағын жәшікке Қожа темір тордан төбе шегеледі.Кішкентай етіп ашпалы есікше істеді.Балапан торғайды соған кіргізіп жіберді де,сыртындағы тиекшесін іліп қойды. | |
Просмотров: 4090 | Загрузок: 360 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|