Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сын тұрғысынан ойлау сабағы «Ер Төстік» ертегісі.
2013-03-22, 2:09 PM
Саманова Сағдат Сламбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ: Әдебиет
Сынып: 5
Тақырып: Сын тұрғысынан ойлау сабағы «Ер Төстік» ертегісі.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсат:
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Интерактивті тақта. Электронды оқулық арқылы оқыту. Көрініс. «Ер Төстік» жайлы ғылыми зерттеулер.
Сабақ түрі: Жалпылау және қорытындылау сабағы.
Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау.
Күтетін нәтижем: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алу, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу.

Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мақсат қою кезеңі.
3. Білімді тексеру кезеңі.
4. Жаңа сабақтан түсінігін тексеру.
5. Үйге тапсырма.
Жалпылау және қорытындылау сабағының дидактикалық мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау. Бұл сабақта ең маңызды мәселелер – себеп-салдар байланыстары анықталады. Ең маңызды процестер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мақсат қою кезеңі
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар «Ертегілер елінде» әнін орындайды
Слайд 1. «Ер Төстік» ертегісі аналық қауымнан аталық қауымға өту дәуірінің халық санасындағы бейнесі» (Қазақ эпосы мен тюркология еңбегінен)
1. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады? «Ер Төстік» ертегісі қиял-ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Слайд 2. «Ер Төстік» ертегісінде I ғасыр шамасындағы сақ әлемнің әлеуметтік шындығы көрініс тапқан» (С.Н. Абзелов «Историзм былин и специфика фольклора» еңбегінен)
Слайд 3. Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен детальдарға бай. Ер Төстіктің әке-шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз қойдың төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі-бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтің «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 көкек
Қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
Төстіктің өмірге келуі.
I. Электронды оқулықтан ертегі қалай басталатынын аңғартып, ертекшінің баяндауын тыңдап, оқушылар әрі қарай жалғастырады. Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады.
II. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Төстіктің жер астына түсуі.
Слайд 4. «Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінен)
Слайд 5. «Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші-ғалым)
VI. Ер Төстік және оның адал достары. (Темірхан қайда көшіп кетті? Адамбаспас)
Көрініс. Жүйріктер жарысы. Тіл жүйрігін шешен дейміз. Мал жүйріктерін ата. Жылқы жүйрігі – тұлпар. Қой жүйрігі – келапан. Түйе жүйрігі – желмая. Сиыр жүйрігі – қара тіл.
1. Қазіргі желаяқтар кімдер?
2. Таусоғарлар бар ма? XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т.б. оқушылар атап өтті.
VII. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды? Еліктер қай жерде жүреді? (Борықбұлақ)
Ер Төстікке кім көмектесті? (Күңке)
VIII. Елге оралу.

3. Жаңа білімді бекіту:
Топтастыру стратегиясы


 Кенжекей 


 Ер Төстік 


Өмірмен байланыс:
Саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы –сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.

Ер Төстіктің елге аман-есен жетуіне көмектескен кімдер? Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?
Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
2. Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегілерде ата-бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Ал Көлтауысар ертегілерде суды лезде толтырып, лезде жоқ қылады. Әрине, су – тіршілік көзі. Теңіздер, көлдер, мұхиттар тартылмасын.
Мысалы: Өздерің білесіңдер ШҚО, Бұқтырма су қоймасының «Қызыл ту» өткелінде көліктер көптігінен кезек көп. «Самай» шағын баржасы істен шықты. Қазір «Фадеев» дейтін шағын баржа тасымалдау қызметін атқарады. Сендер әлі ержетесіңдер. Мұндай қиындықтар болмас үшін сендер қандай амал ойлап табар едіңдер?

4. Жаңа сабақтан түсінігін байқау.
1. Жылан Бапы патшалығы С.П. Толстов пікірі.
2. Ертегіні қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь.
3. С.Н. Абзелов зерттеуі.

5. Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан-ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.

6. Үйге тапсырма. Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу.

7. Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 9714 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 8:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru