Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі КулаковаШынарБарлыбайқызыныңСабақ тақырыбы"Аққудың айырылу
[ Скачать с сервера (17.9 Kb) ] 2013-03-27, 8:06 PM
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин.
«Аққудың айырылуы».
Сабақ мақсаты:
А. Білімділік: Қазақстанның көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Аққудың айырылуы» поэмасымен оқушыларды таныстыра отырып, поэмадағы негізгі идея – адам достық, шынайы, кіршіксіз, таза махаббат мәселесін көтеру.
Ә. Дамытушылық: поэманы мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен зұлымдықты салыстыра отырып, ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту.
Б. Адал достыққа, махаббаттың белгісі – аққуға жасалған зұлымдықты айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым – қатынасын дамыту; қоршаған ортаны қорғауға шақыру; экологиялық тәрбие беру; жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Қолданылатын әдіс – тәсілдері: дамыта оқыту.
А. Түсіндірмелі иллюстративті оқу.
Ә. Талдау.
Б. Пікір алмасу.
В. Ой қорыту.
Г. Қорытындылау.
Көрнекіліктері: С.Сейфуллиннің портреті; көлде жүзген қос аққудың суретті; А.Құнанбаев,Ш.Құдайбердиев,М.Жұмабаевтің портреттері, сызбалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
А. Сәлемдесу;
Ә. Сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Б. Оқушыларды түгендеу.
II. Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау.
А. Біз XIX-XX ғасырлардың қандай ақын – жазушылармен таныстық?
Шәкәрім Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Жабаев, туралы мәліметтер жазады, содан кейін нәтижесін оқып береді.
Р/с № Аты – жөні, тегі. Кім болған? Өмір сүрген жылдары., Шығармалары.
1. Абай (Ибрагим) Құнанбаев
2. Ш.Құдайбердиев
3. М.Жұмабаев
III. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, тақтаға қараңдар. Біз бүгін сабақта XX ғасырдың тағы бір белгілі ақыны Сәкен Сейфуллин туралы айтамыз. (өзім мазмұнын айтамын).
А. Сәкен Сейфуллин деген кім?
Ә. Оның шығармаларымен қай сыныпта таныстық?
Б. Оның қандай шығармаларын білеміз?
57-бетте берілген мәтін бойынша дәптерге ақын туралы қысқаша мәлімет беру, жаздыру.
1. Сәкен Сейфуллин – қазақтың аса көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.
2. Ол 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Оның әкесі – Сейфолла жақсы домбырашы, анасы – әңгімешіл адам болған. Бала жасынан ән – күйге, өлең – жырға құштар болған.
3. С.Сейфуллин шығармашылығымен біз 6-шы сыныптан таныспыз және оның «Туған жер», «Дала» атты өлеңдерін жаттадық.
- Балалар, Сәкен ағаларың жиырма жыл аралығында көптеген лирикалық өлеңдер, поэмалар, әңгімелер, романдар жазды. Ақынға 1938 жылы жазықсыз жала жабылып, сталиндік репрессияның құрбаны болды. Бірақ оның шығармалары ақынның атын өшпестей етіп отыр.
- Біз бүгінгі сабақта ақынның «Аққудың айырылуы» атты поэмасымен алғаш рет танысып отырмыз.
- Поэма деген не?
- Поэма жанрының басқа лирикалық жанрдан айырмашылығы неде? Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады.
Мәтіннің соңында берілген сөз, сөзтіркестерімен танысып, дауыстап оқып шығу.
Енді С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын мәнерлеп. Оқып беру.
Оқып болған соң, оқушыларға шығарманы мынадай бөлімдер бойынша талдауды ұсыну.
I. Кіріспе.
II. Екі аққудың кездесуі.
III. Мергеннің аққуды атуы.
IV. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
Жұмысты жеңілдету үшін әр топқа жетекші сұрақтар беремін.
1) Кіріспе.
А. Кіріспеде не туралы жазылады?
Ә) көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, жазып, оқып бер.
Б) көлде тағы қандай құстар мекендейді?
2) екі аққудың кездесуі.
А) бір мезгілде алыстан не естіледі?
Ә) екі аққудың кездескен сәтін мәтіннен тауып оқып бер.
Б) кездескенде екі аққу қайтті?
3) Мергенді екі аққу қайтті?
А) аққулар айырылып кеткен соң не болды?
Ә) «Суық жүрек» деп кімді айтады?
Б) атылған оқ көлге қалай әсер етті? Көл қайтті?
4) жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
А) аққудың сыңары қалай күңіренеді? (мәтіннен тауып оқындар. Өз сөздеріңмен баяндаңдар)
Ә) зарлаған аққу мергенге не деп жалынды?
Б) аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?
- ал балалар, поэманы оқыдық, әр бір сұрақ бойынша жұмыс істедік, енді біз қорытындылайық.
1) Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин қандай адам деп ойласыңдар.
2) аққу құсы қазақ халқында ненің белгісі екен? (киелі құс)
3) аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?
4) аққу өлімінен қандай ой түюге болады?
Үй тапсырмасын беру:
А) мәтінді мәнерлеп оқу;
Ә) әр оқушы өзіне ұнаған сюжетін іріктеп жазып алып. Оның мазмұнына сай сурет салып келу.
Бүгін енді сендердің еңбектеріңді бағалайық.
Бағалау.
Сабақты қорытындылау:
- Балалар поэмамен қазақ әдебиеті сабағында бірінші рет танысты. Поэманы оқыдық, екі топ жұмыс істеді. Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин өте ақылды, бұл адам бізге қатты ұнады. Оның «Аққудың айырылуы» поэмасы арқылы біз аққу құсы қазақ халқының киелі құс екенін білдік. Аққу өлімімен көптеген өзімізге ой түйдік. Қос аққу екеуі бір-біріне адал жарлар екенін білдік. Олар бір-бірісіз өмір сүре алмайтының өлең арқылы бізге көз жеткізеді деп жауап беріп. Мергеннің суық жүрек екендігі оларды қатты толғандырды. Поэма оқушыларға ұнағандықтан әр топ жетекшілері өз топ мүшелерінің жауабына түсініктеме беріп, өз белсенділіктерін көрсетті. Өз ойларын, өзіне ұнаған сюжетін іріктеп алып, мазмұнына сай сурет арқылы өздерінің қызығушылықтарын көрсете білді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Lunar
Просмотров: 5801 | Загрузок: 453 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 2:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru