Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қайталау сабағы (етістік, үстеу, еліктеу сөз)
[ Скачать с сервера (811.9 Kb) ] 2013-03-30, 6:57 PM
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
№ 4 Булаево орта мектебі

Ашық сабақ пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Қайталау сабағы (етістік, үстеу және еліктеу сөз)

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искакова Дамежан Шаймұранқызы

Мақсаты: етістік, үстеу, еліктеу сөздерді тақырыбы бойынша алған білімдерін қолдана білуге үйрету
Міндеттері:
Білімдік: тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, практикамен ұштастыру, интерактивті тақтана қолдана отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты қорытындылау
Дамытушылық: ойлау,сөйлеу,қабылдау, есту қасиеттерін дамыта отырып, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды өнер-білімге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, өз Отанын қастарлеуге, мана қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі қайталау, жинақтау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интеркативті тақта, слайд, шығармашылық тапсырмалар, Актив студио, мақал- мәтелдер,тест.
Сабақтың әдістері: топпен, жеке, ұжымдық жұмыс
Технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау технологияссының стратегиялары.

Сабақтың барысы:
І кезең
1. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.

2.Сабақтың ережесі: 4 – слайд
Оқушылар, сабақты бастамас бұрын сабақта өзімізді қалай ұстау қажет, ережені еске түсірейіек
 Белсенді қатысу
 Тыныштық сақтау
 Бірін-бірі тыңдау
 Ойын ашық айту
 Бір-бірін сынамау
 Ынтымақтылық

3. Ойын «Кім жылдам» Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріпттерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді.
Сөздер жиынтығы:
Кеме, етік, кіші, астық, ата, кілем, екі,
гүл, аспаз, ат, себет, сурет,
келісім, алма, кісі, екпін, отын, сегіз, суық, ұста, көл, өзім

ЕТІСТІК, ҮСТЕУ, ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Мұғалімнің сөзі:
Дұрыс, сонымен бізде пайда болған сөздер (етістік, үстеу, еліктеуіш сөз), Ендеше біз бүгін сол сөз таптарынан алған білімдерімізді жинақтап, пысықтап, іс- тәжірибеде қолданамыз.

ІІ негізгі кезең. Өткен тақырыпты пысықтау
- Тағы қанда сөз таптарын білеміз?
- Осы сөз таптарын зерттейтін сала қалай аталады?
- Сонда қазақ тілінде неше сөз табы бар екен.? (9)

4. Топтармен жұмыс, Венн диаграммасын құру.
- Балалар, қазір біз сіздермен Вен диаграммасын құрамыз. Венн диаграммасы дегеніміз не? Қалай ойласыңдар?
Екі заттың ұқсастықтарымен айырмашылығын жаазамыз.
1 топ Үстеу мен еліктеу сөзді.
2 топ Есімше мен көсемшені
3 топ Салт, сабақты етістікті

5. Жеке оқушылармен жұмыс. Кеспе беремін.

Тапсырмасы: үстеуді тауып мағыналық түрін ата, оған фонологиялық талдау жасайды. (Оқушы жеке тақтада жұмыс істейді)

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай -
2. Сөзде неше буын бар –
3. Буын түрін ата –
4. Тасымалда –
5. Екпін қай буынға, нешінші дыбысқа түседі –
6. Әр дыбысқа фонетикалық талдау жаса –
7. Сөз құрамындағы дыбыспен әріп санын анықта –
8. Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса түсіндір

Тапсырма: Етістікті тауып, оған морфологиялық талдау жаса.
(Оқушы актив студио бағдарламасының тақтасында жұмыс істейді)
9- слайд
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)
1. Неше құрамнан тұрады –
2. Құрылысына қарай –
3. Тұлғасына қарай –
4. Лексикалық мағынасы –
5. Грамматикалық мағынасы –
- бірінші –
- екінші –
- үшінші –
- төртінші –
- бесінші –
- алтыншы –

Топпен жұмысты тыңдау.
Мұғалімнің сөзі: енді балалар, біз топқа сөз берейік әр топ барлық мүшесімен өздерінің тапсырмаларын қорғасын. ( Оқушылар шығып, өз тапсырмаларын қорғайды)

6.Мақал-мәтелдермен жұмыс.
- Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Мына мақал – мәтелдерді оқып шығайық. Мақал мәтелдер не туралы? Адамға қатысты қандай қасиеттер айтылған?
Енді осы мақалдарды көшіріп жазып алыңдар да, бірінші топ тұйық етістікті, екінші топ болымсыз етістікті, үшінші топ етістің түрлерін тауып,астын сызыңдар.
1 топ Тұйық етістік
Отанды сүю отбасынан басталады.

Жақсының қасиеті – жарастыру,
Жаманның қаситеі - таластыру
2 топ Болымсыз етістік
Ақылды кісі азбайды
Асыл бұйым тозбайды.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.
3 топ Етістер
Жаман адамға мал бітпес,
Жанына қоңсы қондырмас
Сыпайы киімді киіп тоздырады,
Сараң киімді жиып тоздырады.

7. «Ішіне және сыртына» стратегиясы. Топ арасындағы жарыс.
Балалар, қазір біз сіздермен мына дөңгелектің ішіне еліктеу сөздерді, ал дөңгелектің сыртына үстеулерді жазамыз және бір – екі сөйлем ойлаймыз.

Ал қалған оқушылар сендер дәптерлеріңе екі бағанға жазасыңдар.

Мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар естіген еліктеу сөз бен үстеуді жарысып интерактивті тақтаға жазады.

1.Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді. 2.Алыстан Алатаудың қарлы сілемдері жарқырай күнге шағылысады.3.Бұрыштан жалт етіп, орысша киінген бір жас жігіт шыға келді.4.Сырттан күбір-күбір ғана дыбыс келді. 5.Абай селк етіп, жалт қарады. (М.Ә.) 6.Жаздыгүндегідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі (себеп-салдар) жақын қонған. (М.Ә.)

Жоғары-төмен үйрек қаз,
ұшып тұрса сымпылдап.
Қарға келіп қаңқ етті, Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп, саңқ етті, Сарқып ішіп ол кетті

Жұмбақтар:
Жылт-жылт етеді, ұстасаң еріп кетеді. (мұз)
Түнде бармын, кешке жоқпын. (жұлдыз)
Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ етеді (су)
Көк көйлекті жеңешем, көлбең-көлбең етеді. (түтін)

ІІІ. Кері байланыс кезеңі.
11- слайд
8. Тест тапсырмалары:
І нұсқа
1.Болымсыз етістіктің жұрнағын белгілеңіз.
A) -шы,-ші
cool -нікі,-дікі
C) -ған,-ген
D) -ма,-ме
E) -лық,-лік
2.Есімшенің жұрнағын көрсет:.
А) - ып,-іп,-п
В) - ыс,-іс,-с
С) -ған,-ген,- қан,-кен.
D) - ғалы,- гелі,-қалы,-келі
Е) - у
3.Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Аяқта.
В) Жу.
С) Тісте.
D) Жуын.
E) Баста.
4.Тұйық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Ел-елдің бәрі- жақсы, өз елің бәрінен- жақсы.
В) Білім – арзан, білу – қиын.
С) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.
D) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
E) Жаман аттан аяғым артық, жаман достан таяғым артық.
5. Көсемшеден болған қос сөзді табыңыз.
а) Жүзбе-жүз
в) Сөйлей-сөйлей
С) барар-бармасымды
Д) Салдыр-гүлдір
Е) алпамсадай-алпамсадай

Тест тапсырмалары:
ІІ. нұсқа

1. Ортақ етісті көрсетіңіз
А) жаздырды
В) жазылды
С) салынды
Д) керілді
Е) алысты
2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:
А) тарс
В) жалт-жұлт
С) сыңғыр
Д) арс-арс
Е) сырт-сырт
3. Қажетті еліктеу сөзді тауып қойыңдар.
Қарға ... етті.
А) бұрқ
В) сарқ
С) қарқ
Д) сарт
Е) жалт
4. Қосарланған күрделі үстеуді анықтаңыз.
А) тарс-тұрс
В) әрі-бері
С) бес-бестен
Д) ендігәрі
Е) ұзын-ұзын
5. Еліктеу сөзді табыңыз
А) ерлік
В) уақыт
С) жылп
Д) көрік
Е) сауық

Мұғалімнің сөзі: Балалар, қазір біз дәптерлерімізбен алмасамыз да, тест тапсырмасын тексереміз және бағалаймыз. Тақтада тест тапсырмаларының жауаптары мен бағалау шкаласы тұрады.

8.Үйге тапсырма: Етістік, үстеу, еліктеу сөздерді қатыстырып «Наурыз – жал басы» тақырыбына эссе жазыңдар.

ІV. Бағалау- рефлексия кезеңі. Құстардың дыбысын жүргізу.
1. Бес жолды өлең құрастыру. Балалар қазір біз су деген сөзге синквейн құрамыз, ішінде осы сөз таптары
Су
Мөлдір, таза
Ағады, буланады, қатады
Су сылқ-сылқ етіп ақырын ағып жатыр
Сұйық.
2. Топбасшыға сөз, өз тобыңның оқушыларына қандай баға қояр едің.
Мұғалімнің бағалауы.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Дамеш | Теги: Қазақ тілі, еліктеу сзө, етістік, үстеу
Просмотров: 7186 | Загрузок: 272 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 9:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru