Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (31.6 Kb) ] | 2013-04-02, 4:18 PM |
Қарағанды қаласы №66 ЖББ орта мектеп. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дюсекова Асел Женисовна Сабақтың тақырыбы: Мектеп өмірі Сабақтың мақсаты: Білімділік: сан есімнің түрлерін, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білу, сан есімдерді сөйлемнен дұрыс таба білу. Дамытушылық: тақырыпқа байланысты жағдай туғызып , сұхбаттасу, ой-өрісін, тілін дамыту. Тәрбиелігі: өз мектебіне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аудиожазба, сұхбаттасу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа қағаздар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Менің алғашқы ұстазым» шағын әңгіме. ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Ыбырай Алтынсарин Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгеннен-ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Ол алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан және қыз балаларға арнап мектеп ашқан. Ы.Алтынсарин бірнеше оқулықтар жазған. Қазақ балаларын мектепке шақырып мына өлеңін жазған «Кел, балалар, оқылық!» Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар. -Ал, қазір, балалар, сендер қай мектепте оқисыңдар? -Нешінші сыныпта оқисыңдар? -Сендердің мектептерің қандай? Жаңа сөздермен танысу. Қазіргі талапқа сай – соответствуют современным требованиям Жабдықталу – оснащаться Мәжіліс – заседание Мәтінмен жұмыс Мектеп Біздің мектеп қазіргі талапқа сай жабдықталған. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта үлкен асхана бар. Екінші қабатта спорт зал мен мәжіліс залы бар. Кітапхана үшінші қабатта. Мектептің ауласы кең, онда ағаштар өсіп тұр. Ауладағы спорт алаңында түрлі спорт ойындары өткізіледі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру 1. Біздің мектеп қалай жабдықталған? 2. Мектеп неше қабатты? 3. Спорт зал мен мәжіліс залы нешінші қабатта? 4. Бірінші қабатта не бар? 5. Мектептің ауласы қандай? 6. Спорт ойындары қайда өткізіледі? Сан есімнен білімдерін тексеру 1. Сан есім дегеніміз не? 2. Сан есімнің құрамына қарай неше түрі бар? 3. Сан есімнің мағынасына қарай неше түрі бар? 4. Реттік сан есім қалай жасалады? 1- тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрін ажырат. 2-тапсырма. Сөздерден сан есімді шығару Кекілі-екі; ауызбірлік-бір; алтын жүзік-алты жүз; жүзім біркелкі-жүз бір; тон- он; тоғызқұмалақ- тоғыз. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Бір минутта ... секунд бар. 2. Еліміз ... наурызда Наурыз мерекесін тойлайды. 3. Жексенбі аптаның ... күні. 4. Мектепте мұғалімдер бөлмесі ... қабатта. 5. Біздің сыныптағы үздіктер саны ... болды. Бекіту. «Бес жолды өлең» стратегиясы 1. Зат есім. Мектеп 2. Сын есім. Кең, жарық, үлкен, әдемі. 3. Етістік. Оқимыз, жазамыз, ән айтамыз. 4. Сөйлем. Мектеп өмірі қызықты. 5. Синоним. Екінші үй. Үйге тапсырма: «Болашақтағы мектепті қалай елестетесің?» (өз шамаларынша ойларын жазу) Бағалау. | |
Просмотров: 3236 | Загрузок: 216 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|