Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2013-04-08, 3:02 PM | |
Хайуанаттар әлемінде 4-сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың жануарлар тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау, жүйелеу. Қазақ тілінің жалғаулары туралы білімдерін бекіту. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, үйренген сөздерді мен сөз тіркестерінен сөйлем құрап үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Грамматикалық тапсырмаларды саналы түрде түсініп орындау. Тәрбиелік: әдептілікке, ұжымдылыққа, табиғатты және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. Әдіс: жаңа технология стратегиялары: ой қозғау, сұрақ− жауап, топтастыру, әңгімелеу, диалог құрау. Түрі: қайталау, білімді нақтылау. Типі: дәстүрден тыс (Ертегі сабақ). Көнекілігі: суреттер, үлестірмелі кәртішкелер, бейнетаспалар, жемістер. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, дүниетану. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу; ә)оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Мұғалім: − Балалар, алдымен қазір біз сендермен мультфильм көріп тамашалайық. Мультфильм көру. Мұғалім: − Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда орыс жазушы Корней Чуковскийдің «Қайырымды дәрігер Айболит» ертегісі бойынша өткіземіз. Сол Қайырымды дәрігер Айболит − мен боламын, ал сендер менің көмекшілерім боласыздар. Біз қолымыздан келгенше, көмек сұраған барлық жануарларға көмектесеміз. Екі топқа бөлініп, топтың атын анықтайық. Сандар бойынша әріптерді тауып, сөздер құрастыр. Бірінші топ: Неугасимова Юлия Разуваев Павел Гамзин Кирилл 28 Ү 13 Й 10 ж 1 а 18 н 26 у 1 а 23 р 16 л 1 а 23 р 37 ы Екінші топ: Гамзина Кристина Игбердинова Мадина Долгачёва Светлана 10 ж 1 а 3 б 1 а 13 й 37 ы 1 а 19 ң 7 д 1 а 23 р Ертегі кейіпкері: Қоян сыныпқа кіріп келді. Қайырымды Айболит дәрігер: − Балалар, бізге қонаққа не келді? − Қоян. Қайырымды Айболит дәрігер: − Балалар, қоян қандай? (слайд) − Қоян қорқақ Қоян: − Дәрігер, менің басым ауырып тұр, көмектесіңізшң? − Көмектесейін, мына дәріні ішіңіз. 1- тапсырма. Тақтамен жұмыс. «Сәбіз» сөзін тәуелдеу. Неугасимова Юлия тақта алдында І жақ Менің сәбізім ІІжақ Сенің сәбізің Сіздің сәбізіңіз ІІІжақ Оның сәбізі Қайырымды Айболит дәрігер: − Балалар, біз қандай аңдарды білеміз? Сұрақ − жауап. 1. Ең үлкен жануар не? (кит) 2. Ең ауыр салмақты жануар не? (піл) 3. Ең үлкен маймыл? (горилла) 4. «Черепаха» сөзі қалай аударылады? (тасбақа) 5. Ең үлкен қолтырауын? (Ніл қолтырауыны) 6. Ең биік жануар? (керік) 7. Аңдар патшасы? (арыстан) 8. Пілден кейін ауыр салмақты жануар қайсы? (зіл) 9. Ең қорқақ аң қайсы? (қоян) 10. Айлакер деп нені айтады? (түлкі) 11. Ең еңбекқор жануар қасы? (тышқан) 12. «Верблюд» сөзі қалай аударылады? (түйе) Дәптерде жұмыс істеу. І топ жауап береді ІІ топ жауап береді Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер горилла кит тасбақа піл қолтырауын керік арыстан зіл қоян түлкі тышқан түйе 2 – тапсырма. «Жеделхат» Сәйкесін тап. Дұрысын белгіле: І топ белгілейді 1. Жылқының төлі... а) қозы 2. Сиырдың төлі... ә) құлын 3. Түйенің төлі... б) бұэау 4. Қойдың төлі... в) лақ 5. Ешкінің төлі... г) бота І І топ белгілейді 1. Қойдың пірі... а)Зеңгі баба 2. Жылқының пірі... ә)Қамбар ата 3. Сиырдың пірі... б)Ойысылқара 4. Түйенің пірі... в)Шопан ата 5. Ешкінің пірі... г)Шекшек ата 3 – тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қою. Хайуанат... бағында Диана шешесімен хайуанаттар. бағына барады. Хайуанаттар бағында аң- дарды көрді. Диана керікті, маймыл дарды, аю ларды, арыстан дарды, түлкі -лерді бірінші рет көрді. Диана хайуанаттар бағында көрген аңдарды есіне сақтап қалды. Сергіту сәті. Би «Қара жорға». Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Жақсы әнге би билеп, Бойымызды жазайық. Ал, кәнеки, балалар, Босқа қарап тұрмағдар. Отырамыз, тұрамыз, Қарлығаш боп ұшамыз. Ұша − ұша шаршадық, Орнымызға қонамыз. Қайрымды Айболит дәрігерге түлкі: − «Ой, мені маса шағып алды!», −дейді. Қайрымды Айболит дәрігер: − Ой, балалар, түлкіге көмектесейік. Мына суреттерге қайрайықшы. Балалар, жануарлар немен қоректенеді? − Жемістермен. − Ондай болса, балалар, мен қазір әр қатарға жемістерді беремін, сендер сол жемістерден сөйлемдер құрау. 4 –тапсырма. Жұптық жұмыс. Ойын «Кім бірінші?» деп аталады.(сөйлем құрау) І топ құрайды ІІ топ құрайды 1. Алмұрт. 1. Банан. 2. Жасыл алмұрт 2. Сары банан 3. Тәтті, жасыл алмұрт 3. Тәтті, сары банан 4. Тәтті, жасыл алмұртты жедім 4. Тәтті, сары банан жегім келеді 5. Мен тәтті, жасыл алмұрт жедім 5. Мен тәтті, банан жегім келеді Қайрымды Айболит дәрігерге ит те келді: − «Мені қораз шоқып алды!» Тапсырма береді 5 -тапсырма. Дәптермен жұмыс. Үлестірмелі кәртішкелер. Оқушыларға жануардың суреті беріледі, олар суреттерді жіктеулері керек. Сосын бір − бірінің жұмысын тексереді. Сабақты қорытындылау: - Жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерг жемістерді сыйлық ретінде беріледі. Үй тапсырмасы: жалғаулардың түрлерін қайталау | |
Просмотров: 2963 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|