Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (179.0 Kb) ] | 2013-04-16, 11:55 AM |
Сабақ жоспары Пәні: әдебиет сыныбы: 5а күні: Мұғалімі: Екібастұз қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі Рахимжанова Айгүл Нұрқасымқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту,өлеңнің мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын түсіндіру арқылы ақпараттық құзыреттілікке назар аудару; Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін, теориялық ұғымдарды саралай білуін дамыту;өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру, ынтымақтастықпен жұмыс істеу арқылы коммуникативтік құзыреттілікті арттыру; Тәрбиелік: Оқушылардың елін,жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: : сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ, аудиожазба Сабақтың көрнекілігі: кеспе, слайдтар, интерактивті тақта, мәтін, аудио мәтін. Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: тарих, биология. Сабақтың барысы: І дидактикалық кезең Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар аудиожазбаны тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады, мақсатты белгілейді. 1.Сыныппен амандасу 2.Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім 3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу Махамбет 1 (аудиожазбаны тыңдату) -Балалар, тыңдаған кімнің өлеңі деп ойлайсыңдар? (ықтимал жауап: Махамбет Өтемісұлы) - Махамбет жайлы не білесіңдер? (қазақтың ақыны, Исатай деген батырмен отарлау саясатқа қарсы шықты .т.б.) ІІ дидактикалық кезең «Қайталау – оқу анасы» Міндеті: Ақынның өмірбаянымен тереңірек танысу, мәнерлеп оқу дағдыларын көрсете білу Атқарылатын жұмыс түрі: «Соғыс» өлеңінен үзіндіні жатқа оқу 1. «Соғыс» өлеңінен үзіндіні жатқа оқу (3-4 оқушыдан сұрау) 2. Махамбет 1 аудиожазбасын тыңдату (өмірбаяны) - Оның тағы қандай өлеңдерің білесіңдер? («Соғыс», «Қызғыш құс») Мұғалім сөзі: - Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, алдымызға қандай мақсат қоямыз? Дұрыс, балалар, бүгін біз дауылды жылдар жыршысы ұлы Махамбеттің шығармашылығымен тереңірек таныса отырып, оның «Қызғыш құс» өлеңіне тоқталамыз. Өлеңнің мазмұнын түсініп, тақырыбы мен идеясын ашамыз. Сондықтан да Махамбет әлеміне қош келдіңіздер! (дәптерлерін ашып, күнді, тақырыпты жазады) ІІІ дидактикалық кезең «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл!» Міндеті: Оқушыларға биология пәнімен интеграция жүргізу арқылы қызғыш және лашын құстар туралы ақпарат беру Атқарылатын жұмыс түрі: берілген сөздерді сөздік дәптеріне жазып алу Қызғыш (лат. Vanellus vanellus) — татреңтәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі (шөлді жерлерде тіршілік етпейді). Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 200 г. Жон арқасы мен жемсауы қара қоңыр, бауыры ақ түсті. Желкесінде жіңішке қауырсындардан тұратын айдары бар. Қызғыш — жыл құсы. Наурыз — сәуірде ұшып келіп, су маңындағы шалғынға және батпақты жерлерге құрғақ шөп төсеп, шұқырлап ұя салады. Қазан — қараша айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігінене ұшып кетеді. Лашын (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). Тақтамен жұмыс. Сөздікпен жұмыс Қызғыштай – қызғыштай қорыды, (қорғады) – қорғаштады, ара тұрды. Құсалық – құса болғандық (уайым, шер), қасіретке батушылық. ІV дидактикалық кезең «Махамбетті оқы, таңырқа, өз елінді үнемі қорға » Міндеті: «Қызғыш құс» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, талдау . Атқарылатын жұмыс түрі: өлеңмен жұмыс | |
Просмотров: 6720 | Загрузок: 581 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|