Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (11.0 Kb) ] | 2013-05-10, 9:22 AM |
Семей қаласы «№32 ЖОББМ» КММ Қарабаева Ұлжалғас Жұмабайқызы қазақ тілі пәні мұғалімі "Тіл білгірі" сайысы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту. Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабағы . Сабақтың ұраны: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- Мемлекеттік тілді білген жөн болар. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Құрметті әріптестер, оқушылар ! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру. Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады: 1. Таныстыру. 2. Дода. 3. Сөз мәйегі- мақал. 4. Кім жылдам. 5. Әріптер сайысы. 6. Сен білесің бе? 7. Ойлан тап. 8. Кім тапқыр. 9. Өнерпаз болсаң. Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады. "Сайысымыздың бет ашарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысущы топтарға берейік. I-кезең. Таныстыру. 1-топ:"Жас қыран". Қалықтап көкте жас қыран, Халықпыз сөзге тоқтаған. Тіліміз топты жаратын, Тобымыз біздің- " Жас қыран". 2-топ:'' Топжарған''. Шығарар намыс топтыалдан, Дуалы ауыз тілге арман. Сайысқа келдік арман, Тобымыз біздің-" Топжарған". II-кезең." Өлең- сөздің патшасы". Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. III-кезең. " Cөз мәйегі-мақал". Сайыскерлер Отан, тіл, туған жер, достық туралы мақалдар айтудан жарысады. V-кезең. Әріптер сайысы. (А, Е, Т, О, С ). Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек. 1-топ. 1. Қандай елде тұрасың? 2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ? 3. Досың кім ? 4. Қазір жылдың қай мезгілі ? 5. Қайдан келдің ? 6. Әдемі қыздың арманы не ? 7. Елтаңбада не бар? 8. Бүгін қандай күн? 9. Сенің көзің қандай? 10. Жігіттер сырға таға ма? 11. Жасың нешеде? 12. Қандай тағамды ұнатасың? 13. Бала оқытатын адам? 14. Наурыз көжеге не салады? 15.Жерде не бар? 2-топ (Ә, Б, М, Н, Д ). 1. Мақал білесің бе ? 2. Атың кім ? 3. Атың кім ? 4. Қандай қаланы білесің ? 5. Сен тұратын қаланы ата. 6. Бір зат есімді ата. 7. Асан әнді қалай айтады ? 8. Жазушыны ата. 9. Қазақстанда қандай жануарлар бар ? 10. Алма тәтті ме ? 11. Кім болғың келеді ? 12. Сенің анаң қандай адам ? 13. Сыныпта неше оқушы бар? 14. Қыздар неден қорқады? 15. Сәукелені қай кезде киеді? VI кезең. "Сен білесің бе?". Тақтада берілген ұяшықтарда сұрақтар бар. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап береміз. VII кезең. " Ойлан тап". Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру. VIII кезең. "Кім тапқыр". Бұл кезеңде топ мүшелері берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді.Топтың әрбір жауабы бір ұпаймен бағаланады. IX кезең. "Өнерпаз болсаң...". Оқушылардың дайындап келген өнерлерін тамашалаймыз. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша Назираның орындауында ."Аққу"биі. Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды. | |
Просмотров: 6357 | Загрузок: 320 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|