Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2013-10-12, 7:55 PM | |
Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беру мектеп- гимназия Молдақова А.Т. 2011жыл. Cабақтың тақырыбы: Көктем. Етістіктің шақтары Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты: Етістік” тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру Дамытушылық: “Көктем” тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: табиғаттың сұлулығын түсінуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу өнері Көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта 2. суреттер, музыка, карточкалар, тест тапсырмалары Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықтарын ояту – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Қолдарыңнан ұстап бір-бірлеріңе қарап жақсы тілек айтыңдар. («Сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер») Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Кезекшімен сөйлесу: -Сыныпта кім кезекші? -Бүгін нешесі? -Аптаның қай күні? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Ақпан жылдың нешінші айы? - Ақпан қыстың нешінші айы? - Бүгін ауа райы қандай? - Қазір нешінші жыл? - Сыныпта кім жоқ? ІІ Жаңа сабақ Өткен сабақтарда «Етістік» тақырыбын өттік.Осы тақырып бойынша алған білімдерімізді тексерейік. -Етістік деген не? -Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? -Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара етістік неше сөзден тұрады? Мысал келтіру.Күрделі етістік ше? Мысал келтіру. -Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? -Салт етістік қалай жасалады? Сабақты етістік қалай жасалады? Мысал келтіру. - Етістіктің қандай шақтары бар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Көктем. Грамматикалық тақырып: етістіктің шақтары. Сабақтың мақсаты: Сабақтың эпиграфы ретінде Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді. Абай Құнанбаев кім? Ол туралы тағы не білесіңдер? Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердiң жүзi. Жан- жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжiрер күннiң көзi. Абай «Жазғытұрым» 1. Тыңдату. Мұғалімнің оқу үлгісі. 2. 1-2 балаға оқыту Презентация «Көктем». (Вивальдидің «Көктемі» жүріп тұрады) - Бұл итальяндық композитор, скрипкашы, дирижер Антонио Вивальдидің « Көктем» атты симфониялық музыкасы. - «Көктем»дегенде, ойларыңа қандай сөздер келеді? (кластер) Көктем Осы сөздермен ауызша сөйлемдер құрастыру. Фонологиялық талдау жасау. «Көктемде» 1 бала тақтаға шығып жазады. 1-ші сатысын 1 бала айтады.2-ші сатысын 2 бала,т.с.с. ІІІ. 1).Жаңа сөздермен танысу Сөздік: жібиді-оттаивает қатады-замерзает сең-льдина бүршіктер-почки тіріледі-оживают шаруа-хозяйство жәндік-насекомое төлдейді- приносит приплод А) сөздерді дәптерге жазу Ә) жаңа сөздерді хормен оқу Б) 1-ші қатар оқиды В) 2-ші қатар оқиды Г) сөздермен сөйлемдер құрастыру 2). Мәтінмен жұмыс: «Көктем» Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді. Көктемде шаруа жұмыстары басталады.Көктемде егін, бақша егеді, малдар төлдейді, жәндіктер тіріледі. Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.Көктем мезгілі сондай тамаша! 1.Мәтінді оқу ( мұғалімнің оқу үлгісі) 2.Мәтінді оқу (оқушылар) 3.Мәтінді аудару 4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру 5. « Көктем» тақырыбына диалог құрастыру 3).Тапсырмалар орындау: 1.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою. Қыстан кейін көптен күткен көктем ... Наурыздан бастап күн жылына ... Қар.... Ағаштар бүршік ...Жер беті гүл-бәйшешекке ...Қыс бойы қатып жатқан өзендер, көлдердің мұздары ...Күн жылы, түн әлі салқын ... Жылы жаққа кеткен құстар ...,балапандарына ұя ...Көктемде шаруа жұмыстары ... Керекті сөздер: келеді, бастайды,ериді, жарады, бөленеді, бұзылады, болады, оралады,салады,басталады. - Көп нүктенің орнына қойылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? ( Не істейді?) - Ол ненің сұрақтары? ( етістіктің) -Осы сөздер қай шақта тұр?Келер шақ қалай жасалады? Өткен шақ қалай жасалады? -Енді осы етістіктерді өткен шақта қоямыз. Мысалы, келеді- келді 2. Өлеңмен жұмыс «Көктем жыры» - Жыл мезгілдері, соның ішінде көктем туралы көптеген өлеңдер бар. Сендер жатқа білесіңдер ме? ( жатқа айту) - Балалар, енді назарымызды өлеңге аударайық. Мәнерлеп оқимын. Енді өлеңді іштей оқи қойыңдар. Енді дауыстап оқиық. (Теріп оқыту). - Өлеңде не туралы айтылған? Әңгімелеп айтыңдар. - Жылдың төрт мезгiлiне арнап ақындар өлең шығарса, әншiлер әнге қосса, суретшiлер де туған елiнiң бай табиғат көрiнiстерiн қылқалам арқылы бейнелеген. Табиғат көрiнiсiн бейнелеген қөркем шығарманы-ПЕЙЗАЖ деймiз. Балалар, бiздi қор¬шаған әлем қандай көркем! Олай болса, «Март», «Ұзақтар қайта оралды», «Көктемдегі орман» көктем көрiнiсiн бейнелеген суреттерiне тоқталайық. - Сурет бойынша көктемдегi табиғаттың өзгерiстерiн айтып берiңдер. - Табиғаттың тамаша уақыты- көктем туралы бiлдiк, олай болса, ойын ойнап, жұмбақ шешiп көрелiк. «Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны 1.Көктем айлары: наурыз, шілде, тамыз 2.Көктемде қар еріп, сай-салаға су толады. 3.Көктемде егін,бақша егеді, малдар төлдейді, құстар ұшып кетеді. 4.Күн жылы, түн әлі салқын болады. 5.Мал көк шөпке тойынады. Жұмбақтар: Ала сиыр жатып қалады, Ақ сиыр тұрып кетедi. (Жазғытұрым) Бiрi құяды, Бiрi жұтады. (Жаңбыр мен жер) Тұрғанымен жырақ өзi, Таусылмайтын шырақ көзi. (Күн) Жыл мезгiлi шуақты, Жердiң бетi нұрланған. Сайды қуып су ақты, Гүлдер өстi ырғалған. (Көктем) Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бiрақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң-қорын тек, Барша тiрлiк қурайды. (Су) Талдың басында, Жемi бар қасында. Там тұр саялы, Достарға аялы. (Құс ұясы) Көктем келсе күлiмдеп, Ол да шығар үлбiреп. Көңiл мен көше сәнi ол Ол не? (Гүл) -Көктемде табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Адамдардың да көңілі көтеріңкі болады. Көктемде көп мерекелер тойланады. Олар.... Соның ішінде «Наурыз мерекесі» «Көктемді сағындым» 93-бет. Шіркін, көктем айы жақсы ғой! Күн жылынды. Айнала жасыл түске боянды.Әсіресе, Наурыз мерекесін тойлау қандай қызық! Бізідің ауылымыз бұл мерекені асыға күтеді.Әр адам өзінің ұлттық киімдерін киеді. Ән айтып, би билейді. Қазақша күрес ұйымдастырады.арқан тартыс, жаяу жарыс, көкпар тарту, қыз қуу, ат шабыс сияқты неше түрлі ұлттық ойындар ойналады. Тапсырмалар: І деңгей. 1.Мына сөздерді орыс тіліне аудар. Наурыз, мейрам, халық, Жаңа жыл, жыл басы 2.Мәтінді мәнерлеп оқы, сұрақтарға жауап бер. А) Наурыз қандай мейрам? Ә) Наурызда адамдар қандай киім киеді? Б) Жылынды, боянды етістіктері қай шақта тұр? ІІ деңгей. 1.Мына сөздермен сөз тіркестерін құрастыр. Наурыз, мейрам, халық, Жаңа жыл, жыл басы 2.Мәтінді оқы, сұрақтар құрастыр. 3. Ойнап жүр – осы шақта жікте. ІІІ деңгей 1.Мына сөздермен сөйлемдер құрастыр. Наурыз, мейрам, халық, Жаңа жыл, жыл басы 2.Мәтінді оқып, аударып, мазмұнын айтып бер. 3.Мәтіннен етістіктерді тауып, шақтарын анықта. Бекіту: шағын тест өткізу Тест сұрақтары: 1. Етістіктің нақ осы шақтың түрін анықтаңыз. А) естіген болатын В) бара жатыр С) келмекші Д) ұғыпты 2. Етістіктің өткен шағын көрсетіңіз. А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізеді Д) жеткізді 3. Етістіктің неше шақтары бар? А) 3 В) 4 С) 5 Д) 2 4. Етістік дегеніміз не? А) заттың атын білдіретін сөз табы В) заттың санын білдіретін сөз табы С) заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы Д) заттың дәмін білдіретін сөз табы 5. Келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз. А) Дәрігер адамдарды емдейді. В) Мұғалім балаларды оқып жатыр. С) Кітапханашы кітап берді. Д) Жүргізуші автобус жүргізіп жатыр Сабақты қорытындылау: 5 жолды өлең жазу-1-нші қатар, Венн диаграмасы-2-нші қатар (ауызша) Бағалау. Үйге тапсырма: « Көктем жыры» жаттау - Көктемнің күніндей жарқырап Жүздеріңнен күлкі кетпей Гүлдей жайнап жүре беріңдер, -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. -Сау болыңдар! | |
Просмотров: 6922 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|