Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (258.8 Kb) ] | 2013-11-24, 1:38 PM |
Окапова Майра Ыбрайқызы қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі № 18 мектеп, Павлодар қаласы Сабақтың тақырыбы:Екі дос Сынып: 6 «а» сыныбы Мұғалім: Окапова Майра Ыбырайқызы Пән: қазақ тілі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дос, достық төңірегінде сөйлей білу. Тақырып бойынша өтілген жаңа сөздерден сөз тіркестерін дұрыс құрай білу. Дамытушылық: Сауатты, қатесіз, көркем жазуға, мәнерлеп дұрыс оқи білуге, жылдам оқуға дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік: Өз досына, ата-анасына, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың түрі: теория немесе тәжірибе жүргізу арқылы ізденіс. Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, суреттер, плакат. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, практикалық әдіс, логикалық әдіс. Сабақтың формалары: Эвристикалық, монологиялық, жұппен. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен сәлемдесу. - Кезекшімен сұхбаттасу. - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Жылдың қай мезгілі? - Күз айларын ата. - Үйге қандай тапсырма берілді? Мотивация кезеңі: Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін, слайд шоу өткізу. Сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс. Сөз тіркестерін аудар. Түйдей құрдас - ______________________________________ Жұбын жазбау - ______________________________________ Қабақ шытыспау - ____________________________________ Қадір тұту - __________________________________________ Қатты сөзге келмеу - __________________________________ Көрнекілік. Суреттермен жұмыс. Мұғалім: Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, кіші балаларға, үлкендерге, қамқорлық жасаған істерді, бір сөзбен айтқанда достық, еңбек тақырыбымен байланысты суреттер. Сондықтан бүгін біз кімдер туралы әңгімелейміз? Достар және достық туралы. Жұмбақ шешу. Тыңдалым. Мәтінді тыңдау( мұғ-ң дауысымен жазылған) Менің досым. Менің нағыз досым бар. Оның аты – Ермек. Ол өте қайырымды және адал. Оның кәрі әжесі бар.”Үлкендер тәрбиелеген бала ақылды, еңбекқор,мейірімді болады,”- дейді анам.Ондай дос, әрқашан қол ұшын беруге дайын. Мен досымды жақсы көремін. -Бұл мәтінде кім туралы айтылған? Достар қандай болады? Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Жаңа тақырып «Екі дос» 1. Іштей оқу 2. Дауыстап оқу 3. Мәнерлеп оқу 21бет - Балалар, мәтінде кімдер туралы айтылған? - Кім мазмұнын айтып бере алады? Ауызша әңгімелеу. Жазылым. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Интербелсенді тақтамен жұмыс. 1- тапсырма. Сөз тіркестерін мағынасына қарай дұрыс құрастырыңдар . 2- тапсырма.Берілген сөздердің септік жалғауларын белгілеңдер.Сәйкестіру әдісі. Құрдастар..., досым..., мінез..., кеңес..., ермек..., ойын...,көз..., табиғат. 3-тапсырма.Бұл тапсырманы оқулықтан орындау. Белсенді тақтаға жазу, тексеру.24бет Сергіту сәті. Айтылым. Дос және достық туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтып беру. Ой толғаныс кезеңі: Мына мақалдың « Жүз сом ақшаң болғанша , жүз досың болсын» мазмұнын дәлелдеу.Өз ойларыңды айту. Тілдесім. Мына көріністі кім сөйлетеді? Көрнекілік топамасын көрсету. Үй жұмысын беру кезеңі: 1. Жаңа сөздерді жаттау. 2. Мәтінді оқып,әңгімелеу. 3. Нағыз достық туралы шағын шығарма жазу. Бағалау кезеңі: Оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.Өзін-өзі бағалау парақтарын жинап алу | |
Просмотров: 1566 | Загрузок: 82 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|