Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2013-12-12, 1:10 PM | |
Малгаздарова Бақыш Естайқызы №17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов шығармаларындағы алаш идеясы Сабақтың мақсаты: білімділік – зерттеу барысында ақын шығармаларының қазақ тарихымен үндестігін таныту; дамытушылық – зерттей отырып тұжырым жасай білу қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – оқушыларды өз ұлтының тарихына құрметпен қарауға, тәуелсіз еліміздің ұлтжанды азаматы болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: білімді жүйелеу, қорыту Сабақтың түрі: сараптама сабағы Сабақтың бөлімдері: 1. Зерттеу 2. Зерделеу 3. Түйіндеу Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену, жинақтау, салыстыру, сараптау, жүйелеу, тұжырымдау, қорытындылау Сабақтың барысы І Зерттеу бөлімі Оқушылар зерттеп келген тапсырмалар бойынша жұмыс: І топ тапсырмасы: Тарихи кезең сипаты. Қоғам.Оқиға.Тұлға ІІ топ тапсырмасы: М.Дулатовтың өлеңдерін талдау Көркем туынды сипаты. Мазмұн. Тақырып. Идея Үлгі: «Жастарға» өлеңі Өлеңнің мазмұны - Қазақ халқы қалың ұйқыда жатыр; - алла қалың ұйқыны аямай бергендей; - ұйқыға тоя алмай келе жатқан қазақ сияқты халық атырапта бар ма екен? - жаңа гүл шашқан бақшадай жастардан үміт күтеді; - автор: «жұртқа жар салып жол көрсетпесе, мұратқа жету мүмкін емес, озық ойлы қазақ жастары халықты қараңғыдан жетектеп алып шығады, терең судан өтер ме, мың қойды серке бастамай» ,- деп ой түйеді. Өлеңнің тақырыбы Халықты бейқам тіршілігінен арылтып, жаңа заманға жол бастайтын жастар деген ақын сенімі. Өлеңнің идеясы Озық ойлы қазақ жастарын халқына қызмет етуге үндеу. «Таршылық халіміз хақында аз мінажат» өлеңі - «Көзінен жас орнына қан кетіп, ата мирас заңы, әділетпен басқарған ханы кетіп», ұлтымыз аяқ асты болды; - сүлік болып қазақтың қанын сорғандарды төбемізге шығарып, дәндеттік; - «Басқа халық алға кетіп бара жатқанда біздің жұрттың қадам баспай жатуы жарамас, әлі де болса «аллалап» оянайық»,- дейді ақын. - малын бағып, еркін жүрген қазақ өзіне қақпан құрылғанын, өз-өзімен дұшпан болып жүргенде, басқаға жем боларын білмейді. Айтқан сөзді «ант етсең де, нанбастан тарқар шулап»,- деп ақын қазақтың бейқамдығын, өз тағдырына салғырттығын сөз етеді; Өлеңнің тақырыбы Халықты азаттық пен тәуелсіздік жолына бастайтын білімді жастар деген ақын үміті. Өлеңнің идеясы Қазақ халқын білімге, адамгершілікке, мәдениетке шақыру. ІІ Зерделеу ІІІ топ оқушылары тарихи деректер мен әдеби әдеби дәйектерді жүйелейді. Жүйелеу Тарихи деректер «Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекетке құқы бар мерополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, қазақ қоғамын жаңа өмір сұранысына сай өзгерту, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркендеуіне жол ашу болды.» Тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жарияланған Алаш бағдарламасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа кіргізген болатын. Белгілі бір саяси мақсатты көздеген бұл аудармада Алаш бағдарламасындағы аса маңызды принциптік ойларды саналы түрде бұрмалаушылық орын алды. Бұл аударма оқырманға Алаш партиясын жікшілдік «Қазақстан қазақтар үшін» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген ұйым етіп көрсетуді мақсат етті.Бұл Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы «Алаш интеллигенциясы» атнған зиялы топты халыққа қарсы қою пиғылынан туындаған әрекет еді.(М.Қойгелдиев, «Ұлттық саяси элита», Алматы,Жалын баспасы, 2004, 158-159-бет) 1917 жылы Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынбор қаласында өтті. Съезде қазақ саяси партиясы «Алаш» деген атқа ие болды. 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 күндері «Алашорда» атанған Ұлт Кеңесі құрылды.(Ғ.Ахметов, «Тарихымызды таразыласақ» мақаласы Қазақ әдебиеті, 1989, 8 желтоқсан. Тарихи маңызы Қазірдің өзінде тарихшылар «Алаштың» өз алдына қазақ қоғамының бірте-бірте өзгеруі мен оның өз заманына лайық бейімделуін мақсат тұтқан патриоттық Ұйым болғанын дәлелдеп отыр. Олардың бағдарламасын зерделейтін болсақ, бұл өз еліне зор қамқорлық танытып, өркендеуіне жол ашпақ болған жандар екеніне көз жеткіземіз. «Алаш» бағдарламасының көптеген ережелері осы күнге дейін өз маңызын жоймай, іске асты. Қазақстанда президенттік басқару жүйесі бар екі палаталы парламентті мемлекет құрылымы бар.Жалпыға бірдей сайлау құқығы мен автономиялар теңдігі, дін, тіл теңдігін орнатуды «Алаштықтар» ұсынған болатын. Алаш идеясы –тәуелсіз мемлекетіміздің идеясы. Қанша уақыт өтсе де Алаш идеясының ұшқыны ұлт жүрегінде, санасында қалатыны ақиқат. Жүйелеу Әдеби дәйектер 1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап болды. Бірі – Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі – Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», үшіншісі – Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты жинағы. «Оян, қазақты!» ел қазақтары құрандай жаттаған. Ақынның бұл жинағы халықты күреске үндеген жоғары революциялық пафосқа толы болды. Ол ұранға, үндеуге пара-пар өлеңдерімен қазақ халқының көкейіндегі отарлық езгіге, қараңғылыққа қарсы күрес отына шоқ тастады. Көңілдерін оятып, көздерін ашты, өздерін-өздері тануға, ескіліктен арылып, жаңалыққа ұмтылуға шақырды. «Оян, қазақтың» жарық көруі баспа ісі жөніндегі Бас басқарманы қатты абыржытты. Ақыры оның бірінші басылымын да, екінші басылымын да, Міржақыптың өзін де тұтқынға алды. Халық бақыты үшін күресіп жүрген азамат тағдыры елді толғантпай қойған жоқ. Әдеби маңызы Міржақып Дулатовтың даңқы қазақ арасында ғана емес, түркі әлеміне әйгілі. Оның «Оян,қазақ!» деген ұраны, идеясы отарланған Шығыс үшін классикалық ұран, идея болып шықты.Тәуелсіздік Алаштан тамыр тартқан.Міржақып Дулатов туындыларының маңыздылығы – елі мен жерінің басына түскен ауыр кезеңнің жаралы шындығын айтып, қазақ даласын қалың ұйқыдан оятуында, жастарға сенім артып, ізгі жолға бағыттауында, келешекке үміт артуында. Міржақып шығармалары Алаш ұранды әдебиеттен ерекше орын алады. ІІІ Түйіндеу ІҮ топ оқушылары тұжырым жасайды, қорытындылайды. Тұжырымдау Қорытындылау ХХ ғасырдың бас кезінде Алаш идеясын уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлер ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады. Алаштық азаматтар Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси күшке айналдырды.Алаш партиясы әлеутеттік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының саяси ұйымы болды (Мұхтар Құл-Мұхаммад, «Алаш ардагерлері», Жеті жарғы, Алматы, 1996) Алаш азаматтары – жеті жұрттың тілін меңгерген, өз заманының көзі ашық зиялылары , озық елдердің зиялыларынан асып түспесе, кем түспейтін, әр түрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Сол кездегі әдебиеттің үлкен білгірі С.Садуақасов Міржақып Дулатовты қазақтың ұлттық қозғалысының үлкен қайраткері ретінде бағалай отырып, оның публицистикалық мақалаларындағы ойды халыққа өлеңмен жеткізетіндігі ерекше қасиет деп таныды. («Бес арыс» жинағы, Марат Әбсеметов, «Азамат ақын», Алматы, Жалын. 1992. Үндестік Сыныптағы барлық оқушылар тарих пен әдебиеттің үндестігін айтып дәлелдейді. Алаштың аманаты – біздің тәуелсіз еліміз үшін өте маңызды. Алаш арыстары – ұлт үшін жаралған, жан-тәнімен бірігіп, кірігіп кеткен азаматтар. Олар көрегендікпен тәуелсіздіктің ірге тасын қалап кетті.Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған әрекеті сол кездегі ащы өмір талабынан туындаған бірден-бір тура шешім болатын. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметімен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді.Бүгігі ұрпақ 17 жылдың қаһарлы, суық желтоқсанында именбей, Алаш Автономиясының туын көтеріп, еліне бостандық әперуден үміттенген аға ұрпақ аруағының алдында тағзым етеді. Алаш ұранды әдебиет ілгері дами берді.. Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды әрекеттерімен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды. Міржақып шығармашылығы –өзі заманының айнасы іспеттес. Ел мен жердің бостандығы, ұлттық құндылықтар, қазақ халқының азапты тіршілігі туралы жырлады. Ақынның өлеңдері Алаш қозғалысының идеясымен, мақсатымен, әр сәтімен үндесіп жатқандай. ІҮ.Бағалау. Оқушылардың іздену, зерттеу деңгейлерін бағалау. | |
Просмотров: 2526 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|