Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (69.0 Kb) ] | 2013-12-13, 12:46 PM |
Кіріспе Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін,сөйлемдердің , мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды. Әуелде «интонация» термині латынның «intonare» «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, екпін, ырғақ, просодикалық тембр интонацияның компоненттері болып табылады. Сонымен, интонация- көп функциялы күрделі құбылыс. Тілдің басқа элементтерімен салыстырғанда интонацияның өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әр қилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше . Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екенін айтуға болады. Олар сол дауыс интонациясының өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды. Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі хайуанаттардың қарым-қатынасына қызмет еткен интонация деп жорамалдауға болады. Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға бастайды, соған сай әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, иегін кемсеңдетіп жылай бастайды, ал енді біреу жағымды дауыспен «агу-агу», «кіш-кіш» десе және сол сияқты анасының еркелеткен сөздерін естіп, олардың мағынасын ұқпаса да, көздерін жаутаңдатып, езу тартып күледі. Интонация тонының (тональность) адамдардың қарым-қатынасында үлкен орын алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиын емес. Сондықтан интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (сөйлемде, мәтінде) де оқылады. Мысалы, жазушы жазғанының басқалар оқығанды қалай естілетінін, оның қандай интонациямен айтылатынын ескеріп, тиісті тыныс белгілерін қойып отыруының себебі сонда болса керек. Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның интонациясына байланысты. Егер мәтіннің интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес, сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Демек, интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы байланыс өте күрделі және құбылмалы болып келеді. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттерін, оның көріністерін оған мейлінше үңіліп, эксперементті зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Қазақ тілі жүйесіндегі сан алуан синтаксистік- коммуникативтік құрылымдарда интонация және оның единицалары мен компоненттері өзара әр қилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Түрлі синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттердің алатын орын ерекше. Оның сөйлемдегі сөздерді семантикалық- құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор. Күрделі мәтіндердегі сөйлемдердің түрлеріне қарай интонация әр түрлі коммуникативтік, эмоциялық мазмұнға не болып, өзара түрлі қарым- қатынастарға түсіп, мәтіннің жалпы мазмұны мен эмоциялық реңкін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады. Жалпы тіл білімінде интонация сөйлемді сомдайтын ең маңызды универсалды факторлардың бірі саналады, оның компоненттерінің сөйлемнің әр алуан түрлерін түзіп, дифференциялауда және бір-бірімен айырып ажыратуда орны ерекше. Интонацияға ертеден, көне замандардан көңіл аударылған. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және өлең оқу өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне деректер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ырғақ туралы алғашқы түсініктер берілген. Сөйлемнің ырғақты құрылымының ерекшеліктері туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбеқтерінде кездестіруге болады. Ырғақ туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде кездеседі. Онда автор ырғақтың ерекшеліктеріне тоқталып қана қоймай, оны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігін де айта отырады. Сөйлеу тілі интонациясы туралы пікірлер М.В.Ломоносов еңбектерінде де баршылық. Интонация деген ұғымның жалпы тіл білімінде әр түрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не функциясына ғана көңіл аударғанынан болар. Басқа фонетикалық құбылыстармен салыстарғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты және синтаксистік тұрақты құрылымдарға қарағанда, онда абстрактілік сипат айқынырақ. Тіл білімінде интонацияны зерттеуде үш түрлі (синтаксистік, фонетикалық және фонологиялық) бағыт бар . Синтаксистік бағыттағылар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керек деп санайды. Себебі, олардың пікірінше, интонация- синтаксистік мағынаны, синтаксистік қатынастар мен байланыстарды қамтиды. Фонетикалық бағытты ұстанғандар интонацияны сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оның сөйлемдерін, синтагма, фразалардың басқа да фонетикалық майда бөлшектерін қалыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне олардың бәрінің басын қосып, бөлшектерден тұратын әуенін шашыратпай бір күрделі байламға келтіретін құбылыс деп есептейді. Ал фонологиялық бағыттың өкілдері интонацияны қарама-қарсы, яғни бір-бірінен айырмашылығы бар бөлек жүйелер ретінде алып қарайды. Егер сегменттік фонологияда фонемалардың «қарама- қарсылығы» оларда белгілі бір сипатты белгінің бар не жоқ болуына негізделеді. I тарау 1.1. Түрлі тілдердегі интонация туралы. Зерттеулерге келетін болсақ, интонацияның оларда тілдің әр түрлі деңгейінде қарастырылатыны байқалады. Мысалы, интонация олардың не «фонетика», не «синтаксис» бөлімінде сөз болады. Соңғы кезде интонацияны жалпы тіл жүйесіндегі дербес бір құбылыс ретінде танып, оны өз алдына жеке алып зерттейтін білім саласың интонология деп жүр. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері бар. Қайткенде де кейін пайда болған лингвистикалық теорияның интонацияның жаңа қырларын ашып, оның аясын кеңейтіп, жалпы сөйлеу тілін жан-жақты зерттеуде маңызы зор. Белгілі француз ғалымы Б. Мальмберг просодияның, яғни интонацияның орны- қандай тілдің болсын құрылымының нағыз өзегінде, оны аңғармау, оның маңызын дұрыс түсінбеу-тілдің жалпы табиғатын түсінбеумен барабар дейді. Сондықтан тіл білімінде соңғы кезде пайда болған интонологияның тіл жүйесінде алатын орнын, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтауда зор қызмет атқаратыны даусыз. Сұраулы сөйлемдер оған қойылатын сұрақтардың мазмұнына қарай әр түрлі болады : ашық сұрақ (тура сұрақ), күмәнді сұрақ, қарсы сұрақ, риторикалық сұрақ. Сұраулы сөйлемдердің түр-түрлерінің интонациялық ерекшеліктері олардың мазмұнымен және жасалу әдістерімен тығыз байланысты. 1.Ашық сұрақ көбінесе біреудің я бірдеменің жайынан хабар алу үшін, я оның бар-жоқтығын білу үшін диалогтарда қолданылады. Мұндайда сөйлеуші тыңдауышыдан жауап күтеді: Аман-есен оралдың ба? –Шүкір (2). Кім болып істейсің? –Ревизормын (2) Атың кім? –Қайырғали (1) Астықтың өнімі қалай? –Жаман емес (1) Жақсы хабар бар ма? –Бар (5) 2. Күмәнді сұрақ. Белгісіз, күмәнді жағдайды анықтау үшін қойылады. Мұндай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма/ме, ба/бе сияқты шылаулармен қатар екен, шығар, ау, ә деген шылаулар болады. Сол жаққа мен де барсам екен? Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (5) Ол келе алмай қалған ғой, ә? Мүмкін, біздің тексіздігіміз де осыдан басталған шығар? (6) Жалғыз басты болсаңыз жан бағарсыз, ал бала-шағаңызға ол табысыңыз да жете қояр ма екен? (6). Ол бүгін келер ме екен? 3. Қарсы сұрақ. Кейде сұраулы сөйлемдерге тура жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде қолданылған жауап қарсы сұрақты білдіреді. Біздің ауылға барасың ғой, қызым? -Бармағанда қайтем? (8) Сен балаң болуын тілейсің бе? –Баланың керегі не? Біреуге өлтірткізу үшін бе? (8) Сонда ол не дейді? – Шынымен солай деді ме? (8) 4. Риторикалық cұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады. Кеш, Тәңірім, болса сөзім пендешілік, Мінекей, айқын зұлым, қайда әділдік? Соншама кең рахметтен құр тастайтын, Баласы алты Алаштың - біз не қылдық? Бір жауыз сөндірмек пе әлде нұрың? Үстіңе кигізбек пе қара құрым? Жоқ әлде қазіргімен жұмысың жоқ, Қайғыға түсіре ме өткен күнің? (Жұмабаев) Экспериментті зерттеулерге сүйене отырып, (ма/ме, ба/бе, па/пе) шылаулар арқылы жасалған ашық сұраулы сөйлемдердің интонациясын қарасақ, негізгі тонның сол шылау жалғанып, мағыналық өзек болып тұрған баяндауышқа дейін көтерілумен қатар оның тон жиілігі мен интенсивиілігінің де біршама молаятыны байқалады. Сөйлемнің басы мен соңына қарағанда, оның ортасындағы сөз буындарының айтылу қарқыны жылдамырақ болады. Шылаулар арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер көбінесе интонацияның негізгі тон жиілігінің орташа регистрінде орта интенсивтілікпен айтылады. Сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемнің интонациясы сол есімдіктердің сөйлемдегі орнына қарай құбылады. Сұрау есімдігі сөйлемнің басында тұрған жағдайда ол сөйлемде екі мағыналық өзек байқалады. Оның біріншісі логикалық акценттелген сұрау есімдігінде болса, екіншісі синтагманың аяғындағы екпін түскен сөзден көрінеді. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сөйлемнің интонациясының жалпы контуры аяғына қарай бәсеңдейді де, кең диапазонмен ерекшеленеді. Мұндай ой екпіні сұрау есімдігіне түсетін сөйлемдегі мағыналық өзек әдетте негізгі тонның ең жоғары мәніне ие болады. Сөйлемнің соңындағы оның екінші өзегі мол ұзақтылықпен беріледі. Сөйлемнің жалпы айтылу қарқыны орташа болады. Сұраулы сөйлемдегі негізгі логикалық мазмұнға ие болатын сұрау есімдігінің орны өзгерсе, сөйлемнің интонациялық суреті де өзгеріп кетеді. Егер де сұрау есімдігі сөйлемнің аяғында болса, мұндай сөйлемнің әуені мағыналық өзектегі соңғы буынға дейін көтеріліп барып, шұғыл төмендейді. Мұндай сөйлем кең тоналды диапазонмен жоғары тоналды регистрде айтылады. Күмәнді сұрақтардың интонациясы баяу қарқынға және шамалы интенсивтілікке ие болады. Оның тоналды диапазоны едәуір болып, орташа регистрде айтылады да, жалпы контуры көтеріңкі және көтеріңкі-бәсең тонмен ерекшеленеді. Сөйлемнің басы мен аяғының тоналды интервалы орташа болып келеді, ал сөйлемнің интенсивтілігі тонмен бірге өзгеріп өзара пропорциялы болады. Қарсы сұрақтың тоналды контуры аяғына дейін көтеріліп келеді де, соңғы сөздің ақырғы буыны ой екпінімен белгіленеді. Мұндай сөйлемнің тоналды диапазоны мен интервалы кең мәндермен ерекшеленеді. Қарсы сұрақ әдетте жылдам қарқынмен айтылып, орташалау интенсивтілікпен ерекшеленеді. 1.2. Тілдің қайбір формасы. Қандай аспектісі болмасын, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас құралына қызмет етеді. Ал сөйлемнің коммуникативтік типтердің ішіндегі тілдің қоғамда атқаратын осы негізгі функциясына жұмсалымы жағынан сәйкес келетін түрі сұраулы сөйлемдер болып табылады. Сонымен қатар сұраулы сөйлем қоршаған ортаны танып білуге, үздіксіз даму процесінде болатын адамның таным-білім деңгейінің молайып, дамуына ұйытқы болатын, танымды жаңа сатыға жетелейтін тілдік форма екені белгілі. Осындай тілдік қарым-қатынас құралының негізгі құрылымдық материалы болуымен байланысты,сұралуы сөйлемдердің табиғаты да сан қырлы және күрделі. Сұраулы сөйлемдердің көп функционалдығы мен табиғатының күрделілігіне байланысты олар тек лингвистиканың ғана емес, соныменқатар логика,психология,педагогика,техникалық кибернетика ғылымдарының да зерттеу объектісі ретінде ғалымдар назарынан тыс қалған емес.Аталған сөйлемдер жөніндегі зерттеулердің өткен ғасырда басталып,әлі күнге дейін тіл білімінде ғылыми зерттеу нысаны болып келе жатқанын бұның бір дәлелі ретінде айтуға болады.Соңғызерттеулерде сұраулы сөйлемдер құрылымдық,функционалдық,семантикалық жақтары мен қолданыс аясына қарай (әртүрлі тілдік стилъдерде синтаксистің жаңа салаларының пайда болуына байланысты:мәтін синтаксисі,функционалдық синтаксис т.б.)жаңа жақтарынан қарастырылып келеді. Тіл білімінде сұраулы сөйлемдерге байланысты жазылған алғаш еңбектерде олардың құрылымдық , семантикалық ерекшеліктері сипаттамалық әдіспен дәстүрлі грамматикада қалыптасқан үлгі бойынша сөйлем деңгейінде қарастырылады. Бертін келе , 50-ші жылдардан бастап, эксперименттік фонетиканың дамуына байланысты , сөйлемнің әртүрлі коммуникативтік типтерінің , оның ішінде сұраулы сөйлемдердің де интонациясы эксперименттік фонетикалық әдіспен әр түрлі тілдер материалында зерттелді. Лингвистикада сұраулы сөйлемдер жөнінде әр түрлітілдер материалы негізінде арнайы жазылған еңбектер көп болғанымен,оларда бұл сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық типтері ,олардың жалпы табиғаты толық ашылып,көрсетілді деп айту қиын. Қазақ тілінде сұраулы сөйлемдер арнайы зерттеу жұмыстарында (Н. У. Туркбенбаев.Қазақ тіліндегі жай сұраулы сөйлемдердің интонациясы.Алматы, 1966; Ш.Джусакинова .Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемнің табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері. Алматы, 1990; Е.Есіркепов. Структурно-семантические особенности встречного вопроса. Алматы, 1999 Ш.Омарова.Сұрау етістіктерінің сөйлемдегі қызметі. Алматы, 1999) олардың құрылысы, семантикасы,интонациясы жайында сөз болғанымен, күрделі еңбектерде сұраулы сөйлемдердің лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы жасалғантүрлері зерттеліп, олардың жасалуы жолдары анықталып талданады да, ал интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер аталғанымен, олардың ерекшеліктері, нақты тілдік фактілермен дәлелденіп, талданбаған. Сұраулы сөйлемдердің интонация тәсілі арқылы жасалған түрінің жұмсалымда көптеп кездесетінін тілдік фактілер дәлелдейтініне қарамастан ,олар ғылыми еңбектерде жан-жақты талданып ,оқулықтардың синтаксис бөлімінен өз орнын ала қойған жоқ. Ал шын мәнінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің сөйлеу тілінде орнығып, қолданыс аясы да кеңейіп келе жатқанын тілдік материалдар дәлелдеп отыр: Бұлардың бәрі алғашқыда осында, сосын «Мәдениет» колхозында оқыған, өз қолымызда өскен балалар. - Осы жігіттердің бәрі де шәкірттеріңіз? - Ия, бәрі де шәкіртім (9). - Үйде балаларым тағы бар. - Жас шамалары? – Алды тоғызда, соңы екіде (9). Білмеймін, Нәкеңнің ұнатқаны «Космос». - Ал сен болсаң? – Мен болсам ана Чех мебелі дұрыс па деп...(6). Сен өзің газет-журнал оқитын жігітпісің? – Аздап. –Мысалы?- Жас азамат, «Сары арқа» (6). Жүзгенде Бәтиманы көрген адам перінің қызы не аққу деп білер еді. Екі көзіме нанбаймын, енді көрген түстей болды. Дәрмен ақырын күрсінді. - Сонымен аяғы? – Айырылып қалдым, не керек... (5). - Орнын басатын қыздар бар көрінеді. - Атап айтқанда? – Мысалы, Гүлшат Аманова (7). Осы келтірілген мысалдарда сөйлемнің сұраулық мағынасын лексика-грамматикалық көрсеткіштер емес, интонация білдіріп тұр. Бұл сөйлемдер сұраулы сөйлемнің барлық критерийлеріне (сөйлемнің соңына қойылған сұрау белгісі, сұраққа берілген жауап талап ету және сұраулық интонация) жауап беріп, «толыққанда» сұраулы сөйлемнің функциясын атқарып тұр. Осындай мысалдарды тілдік фактілерден көптеп телтіруге болады. Сондай-ақ интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер интонацияның сөйлемнің басты белгілерінің бірі ғана емес, сонымен қатар сұраулы сөйлем жасауда доминантты роль атқаратын құрал екені көрінеді. Тілімізде осындай синтаксистік құрылымдардың жиі кездесуін бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Тіл де қоғамдық құбылыс, ғылым ретінде даму үстінде және өзгерісте болады. Соңдықтан мұндай құрылымдардың көрініс табуын, бір жағынан, ауызекі сөйлеу тілінің, аударманың жазба тілге әсерінен деп, екінші жағынан, қазіргі апарат тасқыны заманында,өмір талабына сай аз уақытта көп ақпарат алуды діттейтін, осы мақсатқа байланысты аз сөзбен көп мәлімет алуға, нақты сөйлеуден, тілдік формаларды үнемдіпайданалудан туған қажеттілік деп түсінуге болады. Қазіргі кезде қоғам өмірде болып жатқан көптеген өзгерістерге байланысты, үздіксіз келіп жатқан ақпарат ағынын қысқа да, нұсқа шағын синтаксистік формалармен беру аса қажет. Интонация тәсілі арқылы жасанған сұраулы сөйлемдердің табиғаты осындай синтаксистік құрылымдардың бірі болып табылады. Сондықтан да олардың табиғатын түсіну үшін, сұраулы сөйлемнің бір типі ретінде жеке қарастыруға негіз болатын өзіндік жасалу, түзелу жолдары, құрылымдық, коммуникативтік-семантикалық, просодикалық ерекшеліктерін анықтау қажет. Адам факторы, тілдің коммуникативтік қасиеті, функционалды синтаксис аспектілері тұрғысынан зерттеуде қазақ тіл білімі үшін маңызды болары анық. Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тілі синтаксисінде сұраулы сөйлемдер лексика-грамматикалық және интонация тәлдері арқылы жасалады. Бұл қағида барлық оқулықтар мен синтаксиске қатысты ғылыми еңбектерде айтылған. Дегенмен сұраулы сөйлемдің лексика-грамматикалық тәсілдеріне көп мән беріліп, интонация тәсілі арқылы жасалған сөйлемдер солардың «көлеңкесінде» қалып қоятыны байқалады. Бұндай үрдістің өзіндік себебі де бар. Жоғарыда атап өткендей, қазақ тілінде тілдік формалар белгілі бір үлгідегі нормативтік грамматиканың ережелеріне сай келетін құрылымдарда ғана зерттелді. Ал тілдік формалар сөйлеу актісінде, сөйлесімде, диалогтік сөйлеу жағдайында көрініс табатын функционалды синтаксис тұрғысында зерттелген жоқ. Қазіргі кезде тілдік формалар мен категорияларды мәтін, контекст, сөйлеу жағдаятында зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Осы тұрғыда интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерді ғылыми тұрғыда зерттеу сөйлеу фонетикасы, функционалды синтаксис мәселелерін шешуге септігін тигізетін талпыныстың бір көрінісі деуге болады. Қазақ тілінің сұраулы сөйлемдеріне арналған зерттеу жұмыстарында оларға сөйлеуден тыс оқшау қалыпта, сөйлем деңгейінде синтаксистік талдау жасалады. Тіл адамдардың қарым-қатынас орнату құралы (коммуникативтік) екенін ескере отырып, сөйлемді қарым-қатынас материалы ретінде синтаксистік зерттеудің коммуникативтік аспектісінде қарастыру қолға алынып жатыр. Тілдің барлық категориясы өз құрылымымен, мағынасымен адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет едеді. Осы бағытта тіл бірліктерінің коммунакативтік акт процесінде, контекс, ситуация, сөйлеудің диалогтік формасында қарастыру маңызды болып саналады. Коммуникативтік акт процесінің әртүрлі сөйлесу формасында жиі кездесетін интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерді зерттеп, олардың табиғатына ғылыми тұрғыда талдау жүргізу осы аталған талаптарға сай, әрі маңызды екені талас туғызбайды. 1.3. Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ көркем шығармасындағы диалог үлгілерінен алынған интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің түзелу ерекшеліктері мен құрылымын, коммуникативтік-семантикалық типтерін, интонациясын эксперименттік-фонетикалық зерттеу жүргізу арқылы анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды: - тіл білімінде, түркологияда, қазақ тіл білімінде сұраулы сөйлемдердің зерттеуінде шолу жасау; - қазақ тілінде интонация тәсілі арқыл жасалған сұраулы сөйлемдердің түзелу ерекшеліктерін, алғы шарттарын анықтау; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің коммуникативті-семантикалық типтерін анықтап,оларға сипаттама беру; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің просодикасына эсперименттік зерттеу жүргізу а) аудиторлық талдау; б) электроакустикалық талдау; - қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер интонемасының инварианттарын, интонациялық конкурсын, варианттарын анықтау. 1.4. Зерттеудің дереккөзі. Зерттеу жұмысына қажетті тілдік (зерттеу) материалдар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Ж. Аймаутов, М. Дулатов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин және қазіргі қазақ жазущыларының көркем прозалық шығармаларынан алынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижесі. Қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің синтаксистегі орны, статусы анықталумен қатар, интонацияның қазақ тіліндегі атқаратын синтаксистік қызметін тереңірек түсінуге негіз болатын мәліметтер алынды. - қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің қолданыс жиілігі мен үлес салмағының сұрақтың басқа түрлерінен басым келіп, қазіргі заман талабына жауап беретін түрлерінен басым келіп, қазіргі заман талабына жауап беретін синтаксистік құрылымдардың бірі екені нақты тілдік материалдар негізінде дәлелденді; - зерттеу нысанындағы сөйлем түрінің коммуникативтік типтерінің интонациясына эксперименттік фонетикалық зерттеу жүргізіліп , олардың просодикасы, интонемалары, интонациялық контуры анықталды; - интонацияның сөйлемнің басты белгілерінің бірі ғана емес, сонымен қатар сұраулы мағынаны білдіруде доминантты роль атқаратын сөйлеу құбылысы екені дәлелденді; - интонацияның сөйлемнің басты белгілерінің бірі ғана емес, сонымен қатар сұраулы мағынаны білдіруде доминантты роль атқаратын сөйлеу құбылысы екені дәлелденді; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің табиғатын ашу барысында интонацияның синтаксистік функцияларының кең екеніне көз жеткізілді. Зерттеудің методологиялық тірегі.Қазақ тіл білімінде қалыптасқан тіл мамандарының интонациясы , сөйлемнің коммуникативтік типтері, оларды таптастыру принциптері т.б. жақтары жөніндегі пікір-көзқарастары, тұжырымдары зерттеудің теориялық-әдістемелік негізінде алынды. Зерттеу әдістері.Зерттеудің әр тарауының мақсаттарына сәйкес ғылыми жұмыста сипаттама, салыстырмалы, эксперименттік-фонетикалық, жинақтау , қорыту әдістері, сондай-ақ лингвистикалық, статистикалық әдістер де қолданылады. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерді зерттеу нәтижесінде алынған мәлімет, деректер, қорытындылар қазақ тіліндегі интонацияның синтаксистік функциясын саралай көрсетуге , сұраулы сөйлем синтаксисі, функционалды синтаксис мәселелерін шешуге септігін тигізеді.Сондай-ақ сұраулы сөйлем жөніндегі ғылыми теориялардың аясын кеңейтіп, олардың табиғатын түсінуге көмектеседі.Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілі суперсегментті фонетика және синтаксисінен арнайы курстарда пайдалануға болады.Эксперименттік –фонетикалық зерттеу барысында алынған нәтижелер сұраулы сөйлемнің интонациясын оқытуда, тіл үйренушілерге қазақ тіліндегі сөйлемнің коммуникативті типтерінің интонациясын үйретуде қолдануға болады. Интонация тәсілі: - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер коммутикативтік мақсатына қарай информативті және модальды (информативті емес) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Осы екі топта сұрайтар ішпей тура сұрақ, болжау мағыналы, анықтау мағыналы, мақұлдату мағыналы сұрақ, қосымша және қайта сұрақ деп бір неше жанама түрлерге жіктеледі; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер құрылымы, семантикасы жағынан да өздері түзілетін мәтінмен, контестпен, сөйлеу жағдаятымен тығыз байланыста және оларға бағынышты болып, солардың құрамында ғана олардың мағынасы толық анықталады; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің екі инвариант-интонемасы және сөйлем мағынасына қарай түрленетін олардың әрқайсысының бірнеше варианттары бар; - интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің интонациялық контуры (сөйлемнің негізгі және, жанама мағынасына қарай) – біркелкі көтеріңкі, күрт көтеріңкі, көтеріңкі-бәсең, біркелкі-күрт бәсең болады. Зерттеу жұмысының мазмұны.Кіріспеде сұраулы сөйлемдер мен интонацияның жалпы тіл білімінде, түркологияда, қазақ тілінде зерттелу деңгейі жайында мәліметтер берілді. Сондай-ақ кіріспеде зерттелу деңгейі жайында мәліметтер берілді. Сондай-ақ кіріспеде зерттеу жұмысының материалы, өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері, теориялық және практикалық мәні, жұмыстың талқалануы мен жариялануы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілді. II тарау 2.1. Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің құрылымы. Коммуникативтік-семаникалық типтері деп аталып, мұнда зерттеу нысанындағы сөйлемдердің түзелу ерекшеліктері мен құрылымы коммуникативтік-семантикалық типтері анықталып, талданды. Қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің құрылымдық еректерін олар түзілетін сөйлеудің диологтік формасы, контекст, сөйлеу жағдаяты ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болады. Жұмыста жалпы ситуация, комуникативтік акт процесінде, факт, оқиға жағдаймен байланысты анықталатын ұғым ретінде қолданылса, контекст, сөйлеу жағдаяты ерекшеліктерімен байланыста түсіндіруге болады. Жұмыста жалпы ситуация , коммуникативтік акт процесінде ,факт, оқиға , жағдаймен байланысты анықталатын ұғым ретінде қолданылса , контекст сол ситуацияның тілдік формадағы көрінісі түрінде алынды(Л.В.Бондарко /9/). Диалектік сөйлеу формасының құрамында түзілетін интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер құрылымы жағынан жай,жалаң толымсыз, эллипті болып келеді. Сондай-ақ олар құрамы жағынан сөйлемнің жекелеген мүшелерінен ,кейде бір ғана көмекші сөздерден де тұрады.Бұлай болуы сұралы сөйлемніңқұрамындағы жетіспейтін лексика-грамматикалық көрсеткіштерді интонация толықтырып, сұраулық мағынаны да білдіріп тұрады. Қазақ тілінде коммуникативтік типтерінде кездесе беретіні белгілі. Құрамында негізгі ойға қатысты сөйлем мүшесінің ғана сақталуы –интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің басты ерекшелігі.Себебі алдынғы құрылымдарда қолданылған сөздердің түзіліп айтылуы сөйлемнің мазмұнына нұқсан келтірмейді. Оның мағынасына қатысы аз сөйлем мүшелері қайталанып жұмсалмайды.Сұрақтың мұндай синтаксистік шағын құрылымы ойды дәл, нақты жеткізуге, айтылымның әсерлі (эмоционалды) болуына, тілдік формаларды үнемді жұмсап, аз сөзге көп мағына сиғызып,аз уақытта көп ақпарат алуға мүмкіндік береді. Әлбетте, бұл сөйлемдердің осындай құрылымдық ерекшеліктеріне интонация, контекст, сөйлеу жағдаятының , диалогтің әсері зор екенін айту қажет.Сұраулы сөйлем синтаксисінің басты мәселелерінің бірі-олардың коммуникативті-семантикалық топтастырылуы болып табылады.Сұраулы сөйлемнің коммуникативтік мақсаты, белгісіздіктің дәрежесі де әртүрлі болуы мүмкін. Ал әрбір сұрақтың коммуникативтік мақсаты , мағынасы тек контекст құрамында ғана толық ашылатыны анық. Сондықтан да интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің коммуникативті- семантикалық типтері контекс негізінде ғана анықталады. 2.2. Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің қолданыс жиілігі. Жоғары бірнеше коммуникативтісемантикалық типтері анықталды.Олар жалпы екі топқа бөлінеді:1) информативті сұрақ, яғни коммуникативтік мақсаты жаңа не өзіне белгілі нәрсе жайында қосымша ақпарат алуға бағытталған сұраулы сөйлемдер:2)модаль мағыналы сұрақтар. Сұрақтың екінші типінің коммуникативтік мақсаты-тыңдаушыға өзінің болжамын жеткізу не тыңдаушыдан өз ойын құптауын талап ету, өз тұжырымының дұрыс не бұрыс екенін анықтау ,тыңдаушының назарын аудару. Сұрақтың бірінші түрінде сұраулық мағына басым болса , ал екінші түрінде сұраулық мағынамен қатар айтушының сол ойға қатысы,ниеті де(модальдық мағына) астарлап жатады. Жұмыстың мақсатына қарай(нейтралды) объективті модальдық мағынадағы сұрақтар ғана қарастырылды.Сөйлемдер жоғарыда аталған мағыналық ерекшеліктеріне қарай мынадай коммуникативті-семантикалық типтерге жіктелінеді:1)тура сұрақ; 2)қосымша сұрақ;3)болжау мағыналы 4)анықтау мағыналы сұрақ; 5)мақұлдату мағынасындағы сұрақ;6)қосымша сұрақ; 6)қайта сұрақ. Информативті сұраулы сөйлемдер өз ішінде тура сұрақ және қосымша сұрақ сияты семантикалық топтарға жіктеледі. а)Тура сұрақтың коммуникативтік мақсаты - тыңдаушыдан міндетті түрде жауап алу(жаңа ақпарат алу). Мұнда айтушы жауаптың қандай болатындығынан бейхабар. - Жұмыс орныңыз?– Аудандық газетте қызмет істеймін (9). - Сізді мұнда жетелеп келген нәрсе?– Халқымның қамы (8). - Сонымен ақыры?– Ақыры сенат Банзаровты Петербургке қалдырмауға ұйғарды (2). - Рухани қысым дегененіңіз?– Бізде ол дінге байланысты (7) - Жол болсын?–Сіздің ауылға мейман әкеле жатыр едік(8) Тура сұрақ сөйлесімде, диологтың құрамында (көбінесе ортасында), ресми сауалдамаларда көптеп кезеседі, сондықтан да құрылысы жағынан қысқа, нақты түрде болады. Сондай-ақ сұраулы сөйлемнің бұл түрінде модальдық экспрессивтік реңктер аз байқалады. Дегенмен кей жағдайда тура сұрақ мағынасында хабарлы сөйлем де моладьды-экспрессивті реңкте, стилистикалық мақсатта қолданылады: - Сіздің атыңызда ұмытып қалдым? – Ердәулет (2) - Соның себебі маған түсініксіз болып тұр? – Оны кейін түсіне жатарсың, қазір... (6) Осы келтірілген сөйлемдер құрылымы жағынан хабарлы сөйлем сипатында болғанымен, олардың коммуникативтік мақсаты белгісіз нәрсе жайлы жаңа ақпарат алу болып табылады. Сөйлеуші сұраулық интонациямен хабарлы сөйлем түрінде сұрақ беіп, жауап күтіп тұр. ә) Қосымша сұрақ қою арқылы айтуші өзі білетін, ақпаратқа қосымша, оны толықтыра түсіенетін мәліметтер алады. Яғни өзі білетін нәрсе (құбылыс, оқиға) жайлы ақпаратқа жаңа мәліметтермен толықтырады: - Мекен-жайыныз? – Қара өткел. – Бала-шағаныз? – Екі балам бар. - Жас шамалары? – Алды төртте, соңы екіде (4). Менімен сапарлас болғанда Қажымұқан қырықты толық орталаған адам. Қырықтан асқан соң,- дейді ол, шарлана бастадым. Одан кейін жуандағанмен, салмағым кеміді. – Қазір қанша тартасыз? – Айтуға да тұрмайды. – Дегенмен? – Жеңілдеп қалдым деп тұрған жоқпын ба? – Сонда да? – Қазір 214 кг тартам (4). Интонация тәсәлі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің үлкен бір тобын сұраулық мағынамен модальдық мағынасы астарласып жататын сұраулы сөйлемдер құрайды. Зерттеу тақырыбының мақсатына байланысты объективті модальді сұраулы сөйлемдер ғана қаралып, олардың төмендегідей коммуникатівтік-семантикалық түрлері анықталды. а) Болжау мағыналы сұрақ (болжау сұрақ). Сұрақтың бұл түрінің негізгі өзегі, түйіні – айтушының бір нәрсе, құбылыс жайлы өзінің ой-тұжырымы, болжамы, қорытындысы болып табылады. Айтушы сұрақ қою мақсатына қарай тыңдаушыдан сол өз ойы, тұжырымы, болжамының дұрыс не бұрыс екенін анықтайтын, не құлтап, растайтын жауап күтеді: - Гүлнәр, сен әнші болың керек?– Неге олай ойлайсыз? (7). - Олжаларыңыз көп болу керек?– Неге, сіздерге артар кінәміз жоқ (8). - Егер алдамаған болсам? – Онда өзің айтқан жаңағы жолмен лагерьге барыңызда, Қайсарды алып келініз (8). Келтірілген мысалдардың біріншісінде («Гүлнәр, сен әнші болың керек?») Гүлнардің киіну үлгісін, әсем жүріс-тұрысын, қимылын, ерекше даусын байқаған жігіт, оны әншіге ұқсайтын келешекте солай болар деген ойға келеді де,сол ойының дұрыс екенін анықтау мақсатында сұрақ қойып оты. Екінші сұрақта да айтушы аттан түсіп жатқан жігіттердің атқа байлаған теңдерінкөріп, олардың босқа әуре болмағанын, олжасыз емес-ау дегенді болжап, соның дұрыстығына көз жеткізу мақсатында сұрақ қойып тұр. Болжау мағыналы сұрақтар да айтушының көрген, байқаған нәрсе, құбылысы (ситуация) жайлы ішкі тұжырым, көзқарасы, қорытындысын білдіреді. Мысалдардың құрамындағы «болу керек» модаль сөздері сөйлемдердің сұраулық мағынасын көрсетуге себін тигізгенмен, негізгі рольді интонация аиқарып тұр. Бұл сөйлемдер екінші бір контекст, сөйлесу жағдаятында, диологтың құраманда сөйлемнің бпсқа коммуникативтік типтерінің қызметін атқаруы да мүмкін. - Бүркіт Еркебұланнан – Ауылдарыңдағы неғылған жиын?- деп сұрады. – Қыз ұзатып жатқаннан саумысыңдар? Еркебұлан: - «Ия», - деді ол даусын ақырын шығарып, қамыға. – «Жабағыбайға Нұржамалды тоқалдыққа бермекші. Соған той жасап жатыр». - Саған бұл той ұнамайтын сияқты? – Біз Нұржамал екеуміз бір-бірімізді жақсы көретін едік... (5). Бұл мысалда да айтушы (Бүркіт) Еркебұланның көңіл-күйінен тойға қуанышты емес (қарсы екнін), көңілсіз екенін байқап, болжап тұр. Сол болжамының дұрыстығы, не терістігін көрсететін жауап алу мақсатында сұрақ қойып отыр. Осы тәріздес мысалдар жоғарыдағыдай сөйлесу формасында көптеп кездеседі. Бұл сұраулы сөйлемдердің сұраулық мағынасын ситуация да, контексие де, интонация да айқындап тұр. 2.3. Болжау мағыналы сұраулы сөйлемдер. Сұраққа берілетін жауаптың мәні сұрақ қоюшының сұрағында көрініс табады. ә) Мақұлдату мағыналы сұрақтың негізгі мағынасы – айтушының жақсы білетін (не сол ситуация, контекст, мәтін барысында өзі анық көзі жеткен, сенімі мол) нәрсе (құбылыс, оқиға) жөніндегі тұжырымын тыңдаушы тарапынан құптауын, расталуын, мақұлдануын, айғақталуын талап ету мақсатымен байланысты. Мақұлдату мағыналы сұрақта айтушы өзі хабарлап тұрған нәрсе, әрекет жайлы тыңдаушыдан өз ойын растайтын жауап алатынына сенімділігін көрсетеді. Яғни бұл сұрақта, бір жағынан, айтушы өзінің болжамының дұрыстығына сенімді болады да, екінші жағынан, тыңдаушыдан өзін растауды, қолдауды ған талап етеді. - Әрі ұйымды басқардың? – Ия, ол жұмысты да маған сеніп тапсырған (8). - Демек, келістіңдер? – Ия, әзірге келістік, ал кейінгісін көре жатармыз (8). - Берлиннің өзінен қайттыыздар? – Жоқ, Берлинге жеткеніміз жоқ, Польшадан қайттық (5). Болжау мағыналы сұрақта айтушының болжамы, шамалауы жөніндегі тұжырымында күдік басымдау көрінсе, мақұлдату (құптату) мағынасындағы сұрақта айтушының тұжырым, пікірінің дұрыстығына сенімі басымырақ болады. б) Анықтау (нақтылау) мағыналы сұрақ. Айтушының өзіне берілген ақпаратты дұрыс, анық түсініп отырғанын білу мақсатында қойылыды. Анықтай мағыналы сұрақ оған берілетін жауаптың түріне, алдыңғы сұраққа не фразаға, лексика-грамматикалық құрылысына, интонациясына қарай тура сұрақтың мақұлдату (куәландыру) мағынадағы сұрақтан айырмашылығы – айтушы алдыңғы сұрақты, не фразадғы айтылған ойды дәлірек анықтай түсу, көз жеткізу мақсатында қолданады. Анықтау мағыналы сұрақ оған берілетін жауаптың түріне, алтыңғы сұраққа не фразаға, лексика-грамматикалық құрылысына, интонациясына қарай тура сұрақтың жанама түрлерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл сұрақтың мақұлдату (куәландыру) мағынадағы сұрақтан айырмашылығы – айтушы алдыңғы сұрақты, не фразадағы айтылған ойды дәлірек анықтай түсу, көз жеткіу мақсатында қолданады. - Қайсарды ала кетпекші. – Өзі бірге барады да? – Ия. – Ертең? - Ия, ертең жүрмекші(5). - Кәдімгі бай Ахмет, қашқын Ахмет? – Ия, дәп өзі (6). в) Қайта сұрақтытүзуші факторлар контекст, ситуация, сөз тізбесі, коммуникативтік акт процесі, диологтік сөйлеу формасы болып табылады. Сұрақтың басқа коммуникативтік түрлеріне қарағанда қайта сұрақ өзінің алдындағы фразамен тығыз байланысты болады. Қазақ тіл білімінде қайта сұрақ құрылымдық-семантикалық типтеріне талдау жасай келе, олаодың мақсатына қарай теріске шығару/айғақтау, анықтау, таңдану, жауаптан бас тарту, реніш білдіру т. б. Жанама түрлері анықталды. Ғалымдардың пікір-көзқарастарынан қайта сұрақ жайлы түсініктердің біркелкі емес екені бпйқалады. Қазақ тілінде де қайта сұрақтың коммуникативтік-модальдық мақсаты әртүрлі болып келеді. Көп жағдайда сұрақтық мағынамен бірге әртүрлі модальды-экспрессивтік реңктері алдыңғы орынға шығып жатқаны анық байқалады. Қайта сұрақ құрылым жағынан түзілу ерекшеліктеріне (алдын-ала дайындықсыз, ауыз-екі сөйслесу формасы аясына) байланысты лексика-грамматикалық формалары жағынан да әртүрлі, көбінесе эллипті болып келетіндігімен сипатталады. - Ия, ол менен безетін болып кетті. – Сізден безетін? Түк түсінсем бұйырмасын? - Өзім де онша түсініп тұрғаным жоқ. Мен оған басқа бір әйелді сүйетінімді сездіріп едім, сіздің атыңызды бірден атап салды (6). - Менің атымды? – Ия, сіздің атыңызды (7). - Олай болса мен Ташкентке кетемін. – Ташкентке? – Ия, ол жер әкемнің жастық шағы, ең қиын, ең қызықты кезі өткен жер (7) - Шахтаға түсуге кайта шақырып жатыр. – Тағы да мені? – Бәрін (8). Келтірілген мысалдар тәрізді басқа да материалдарды талдау барысында қайта сұрақтың коммуникативтік мақсатына қарай мынадай негізгі түрлері ажыратылды: - айтушы өзі сұраған нәрсе жайлы тезірек жауап алуға тырысып, жауапты күтпестен қайта қайта сұрақ қояды; - тыңдаушы қандай да бір себеппен жауап беруден бас тартқанда, айтушы алдыңғы сұрақты қайталап қояды; - айтушы қайталау арқылы алдыңғы сұрақтың жауабының дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін сұрақ қояды; - айтушының сұрағын тыңдаушы дұрыс түсінбеген жағдайда, оны түсіндіру мақсатында қойылады. Яғни алдыңғы сұрақтың мағынасын толығырық ашу үшін сұрақ қайталанады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан қайта сұрақтың сөйлеудің диологтік формасында, эллипті сөйлем түрінде негізгі сұраудық мағынамен бірге әртүрлі модальдық экспрессивтік реңктерді білдіретіні байқалды. Жалпы тіл білімінде лингвистер модальдықты обьетивті және субъективті модальдылық деп екі категорияға бөліп қарастырады. Модальды білдірудің де бірнеше тәсілдері бар. Қарастырылатын сөйлемдерге модальдық мағынаны білдіруге интонация доминантты роль атқарады. Интонацияның сөйлемнің негізгі мағынасымен қатар модальдық экспрессивтік мағынаны жеткізуде де шешушіроль атқаратыны турасында А. М. Пешковскийдің «адам сезімін сіз арқылы жеткізу мүмкін емес, оны тек интонация арқылы беруге болады» деген тұжырымын келтіруге болады/10,179/. III тарау 3.1. Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер. Құрылымдық ерекшелікері мен коммуникативтік-семантикалық типтерін анықтауда интонацияның барлық функциялары қамтылуы тиіс. Зерртеу жұмысы мысалдарының көпшілігі (контекст, сөйлесу жағдаятынан оқшау алып қарастырғанда) түрлі мағыналыболып кетеді. Сұраулы сөйлемдердегі осындай әр түрлі мағынаның ішінен нақты да дәл мағынасын айтылымда, сөйлесімде итонация арқылы ғана анықтай аламыз. Зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары интонациясының универсалды категория ретінде сөйлемнің лексика-грамматикалық көрсеткіштер шектеуі болған жағдайда колммуникативтік-семантикалық, модальдық мағынаны білдіруші доминантты фактор екенін дәлелдеді. Сұраулы сөйлемдердің сұраулық мағынасымен қатар коммутикативтік мақсатын білдіруде де интонация шешуші роль атқарады. Нақты тілдік материалдар негізінде интонацияның функционалдық жақтары көрсетілді. Зерттеу нысанындағы сұраулы сөйлемдердің жасалуында, сұраулық мағынаны білдіруді, сөйлемдегі лексика-грамматикалық формалардың жеткіліксіздігінен туындайтын көп мағыналылық жағдайында оның дәл мағынасын табуда және тағы басқа да көптеген синтаксистерді міндеттерді шешуші интонация басқа қызмет атқаратынына мысалдардан көз жеткізуге болады. Интонауияның тілдік бірліктерді әрі үнемді, әрі эиоционалды, экспрессивті жеткізуге себепші құбылыс болуымен қатар, аз уақыт ішінде (сөйлемнің мазмұнына нұқсан келтірмей) көп ақпарат алуға жол ашатын ерекше синтаксистік құрылымдар жасауға қатысатыны анықталды. Жұмыстың «Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің просодикалық ерекшеліктері» атты атты III таруында нысандағы сұраулы сөйлемдердің интонациясын экспериметтік-фонетикалық әдіс арқылы зерттеудің сатылары сипатталып, инструменттік әдіспен алынған деректерге талдау жүргізілді. Эксперименттік зерттеу жұмысы бірнеше сатыдан тұрады. Тілдік материал аудиторлық талдау жүргізу нәтіжесінде эксперимент мақсатына сәйкес іріктеліп алынды. Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің әрбір семантикалық типінің физикалық өлшемдеріне электроакустикалық талдау жасалды. Инструментті талдау жүргізу үшін интонацияның релевантты компаненті болып есептелетін үш параметрі,яғни фразаның негізгі тон жилігі, интенсивтілігі,уақыт ұзақтылығы алынды.Интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің просодикалық ерекшеліктері мына шамалар бойынша анықталды: 1)фразадағы негізгіт тон жилігінің қозғалу бағыты; 2)екпін түскен буын мен оның алдыңғы буынының тоғысындағы жиілік интервалы; 3)фразаның әрбір бөлігінің айтулы жиілігінің диапазоны; 4)барлық фразаның айтылу жиілігінің диапазоны; 5)фразаның соңындағы жиілікдиапазоны; 6)екпін түскен буын мен оның алдындағы буынның тоғысындағы интервалы; 7)фразаның соңындағы негізгі тон жиілігі үдеуінің не кемуінің жылдамдығы; 8)негізгі буынның ұзақтылығы, буынның орташа ұзақтылығы,негізгі буын ұзақтылығының орташа буын ұзақтылығына қатынасы. Қарастырылып отырған сөйлемдердің просодикалық ерекщеліктерін экспериментті зерттеуге сүйене отырып отырып көрсеткенде, негізгі тон жиілігі мағыналық өзекте көтерілетінін байқалады, сонымен қатар оның тонының жиілігі мен интенсивтілігі де біршама молаятындығы анықталды. Көп буынды фразаларда сөйлемнің басы мен аяғына қарағанда оның ортасындағы буындардың айтылуы қарқынына жылдамырақ болады. 3.2. Тура сұрақ,қосымша сұрақтар. Сөйлемнің интенсивтілігі негізгі мағыналық өзектің орына қарай өзгеріп отырды. Мұндай сұрақтардың интонацясының жалпы контуры соңына қарай көтеріледі де, кеңейтілген диапазонда болады. Сөйлемдегі мағыналы өзек негізгі тонның ең жоғарғы көрсеткішіне және соңындағы сөз ең үлкен ұзақтылыққа ие болады. Мұндай сөйлемнің жалпы айтылуы қарқыны орташа болып келеді. Егер ой екпіні сөйлемнің аяғында болса, фразаның әуені мағыналық өзектің терминалды буынына дейін көтеріледі.Мұндай сөйлемдер кең тоналды диапазон мен жоғары тоналды регистрде айтылады. Сөйлемнің әуені аяғына қарай шұғыл өзгереді. Болжау мағыналы сұрақтың интонация жай қарқынмен айтылады және шамлы интенсивлікке ие болады. Оның тоналды диапозоны едәуір болып, орташа регистрде айтылып, жалпы әуенді контуры көтеріңкі, көтеріңкі-бәсең тонмен ерешеленеді. Сөйлемнің басы мен аяғының тоналды интервалы ортвша болып келеді де, ал сөйлемнің интенсивтілігі негізгі бірге өзгереді. Мақұлдату мағыналы сұрақтың контуры да көтеріңкі тонмен ерекшеленеді. Мұндай сөйлемнің интенсивтілігі де сұрақтың басқа түріне қарағанда (қайта сұрақтан басқа түрлерінде) молаятындығы байқалады. Мұндай сөйлемдер де кең диапазонда және жоғары регистрде айтылады. Анықтау мағыналы сұрақ орташа қарқынмен, орташа регистрде айтылады да,жалпы контуры бәсең және көтеріңкі тонмен өрнектеледі. Сөйлемнің басы мен соңында тоналды интервал орташа болып келеді. Қайта сұрақтың тоналды контуры аяғына дейін көтеріліп келеді де,соңғы сөздің ақырғы буыны логикалық акцентпен белгілінеді. Мұндай сөйлемні тоналды диапазоны мен интервалы кең болады да жылдам қарқынмен айтылады, ал интенсивтілігі әдетте орташа болып келеді. Төменде электроакустикалық талдау барысында алынған интонацияның негізгі компонеттерінің кейбір көрсеткіштерінің (физикалық өлшемдер) кестесі мен сөйлемдердің интонациялық сызығының суреттері берілді. Қорытынды Жоғарыда көрсетілген Эеспериментті-фонетикалық зерттеу әдісі бойынша жүргізілен аудитория, электроакустикалық фонологиялық талдау нәтіжесінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің семантикалық типтерінің төмендегідей ерекшелігін көрсетуге болады: - информативті сұрақтарға қарағанда модаль мағыналы сұрақтардың жиілік деңгейі жоғары шамалпрмен ерекшеленеді. - жиілік диапазоны тура сұрақ, қосымша сұрақтарға қарағанда, мақұлдаату, анықтау, қайта сұрақтарда кең болады. - жиілік интервалының көрсеткіші фразаның негізгі мағыналақ өзегі орналасқан бөлігенде жоғары болады және негізгі тон жиілігі де сол бөлікте үдемелі болады. - негізгі тон жиілігінің интервалы тура сұрақ пен қосымша сұрақтарға қарағанда модаль мағыналы сұрақтарды ажырататын ерекшелігі болып табылады. Модаль мағыналы сұрақтарда негізгі тон жиілігі интервалының көрсеткіштері әртүрлі болып келеді. - сөйлемдерді аудиторлық, электроакустикалық талдау нәтижесінде оның интонацияның төмендегідей әуендік үлгілерібелгілері: біркелкі көтеріңкі, - (тура сурақ, қосымша сұрақ, анықтау мағыналы сұрақ); біркелкі көтеріңкі – бәсең (анықтау мағыналы сұрақ); көтеріңкі – бәсең (қосымша сұрақ, қайта сұрақ, болжау мағыналы сұрақ); біркелкі бәсең (қосымша сұрақ, қайта сұрақ); біркелкі көтерінкі (болжау мағыналы сұрақ), күрт бәсең – күрт көтеріңкі – (тура сурақ, қосымша сұрақ, анықтау мағыналы сұрақ). - осы келтірілген интонация әуенінің үлгілері сөйлемнің буын санына, айтушы мен сұрақтың коммуникативтік мақсатына қарай әртүрлі (варианттары түрінде өзгеруі және интонацияның релевантты компоненттерінің көрсеткіш дәрежесі аз не көп болып өзгеруі мүмкін) болып өзгеріп отыралы. - негізгі тон жиілігінің максималды көрсеткіші фразаның (сұрақтың) мағыналық өзегінде болады, ал ой екпінінің орнына қарай көтеріңкі әуеннің және бәсең әуеннің ең жоғары нүктесі фразаның әр түрлі бөліктерінде болуы мүмкін; - қарастырылып отырған сұраулы сөйлемдерде дауыс әуені интонемалардың екі инварианттарының (жалпы сұрақ және арнайы сұрақ) түрлі варианттары (көтеріңкі, біркелкі көтерінкі, біркелкі бәсең, көтеріңкі-бәсең, күрт бәсең – күрт көтеріңкі, күрт көтеріңкі) көрініс табады; Қорытаайтқанда, интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер қолданыста бар екенін тілдік материалдар дәләлдеп отыр. Лексика-грамматикалық тәсілдерсіз жасалған сұраулы сөйлемдер сөйлемнің коммуникатівті типінің бір түрі ретінде өзіндік түзілу алғы шарттары және құрылымдық ерекшеліктері арқылы дәлелденеді. Оларды коммуникативтік, семантикалық, жақтарына қарай топтастыру барысында жиі кездесетін бірнеше жанама типтері бар екеніне көз жеткізілді. Аудиторлық, электроакустикалық , фонологиялық зерттеу барысында олардың просодикалық ерекшеліктері анықталып,жан-жақты талданды. Қазақ тілінде интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің екі интонемасы бар екені дәлелденді. Пайдалынылған әдебиетер тізімі 1. Казем-бек А.Грамматика турецко-татарского языка. Изд.2. 1846-192 с. 2.МелиоранскийП.М .Краткая грамматика казахско-киргизского языка. Спб.ч. 1.1894.- 217 с. 3. Каратинский В. Грамматика киргизкого языка. 1848. – 181 б. 4. Туркенбаев Н. У. Интонация простых вопросительных предложений. Алма-Ата: Мектеп, 1971. – 47 с. 5.Джусанова Ш. Қ. Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемнің табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері. Канд. Диссертация. Алматы, 1991. 6.Есіркепов Е. Структурно-семантические особенности встречного вопроса в казахском языке. Диссертация канд. филол. наук. Алматы, 1991. 7.Жүнісбеков Ә. Прсосдика слова в казахском языке. Алма-Аты,: Наука, 1987. – 80 с. 8.Базарбаева З. М. Қазақ тілінде интонация жүйесі. Алматы, 1996. – 226 б. 9.Бондарко А. В. Функциональная грамматика. М.: Просвещение. 1984. – 288 с. б. 10.Пешковкий А. М. Русский синтаксис в научном освещании. М., 1838. – | |
Просмотров: 9423 | Загрузок: 213 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|