Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-01-05, 6:12 PM | |
Сабақтың тақырыбы: Мекенжай Грамматикалық тақырыбы: Сұраулық шылаулар. Сабақтың мақсаты: білімділік: Өз мекенжайы туралы әңгімелеу, әңгіме құрау арқылы ауызекі және жазба тілдерін жетілдіру. дамытушылық: Қабылдау, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілікке үйрету тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілгі: плакаттар, суреттер, Сабақтың барысы: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Өткен сабақты қайталау (карточкалар тарату) Жаңа сабақты бастау. 1. Дыбыстарды қайталаңыздар, әр дыбысқа мысал келтіріңіздер. Ә Ө Ы Қ Ұ Ү І 2. Қажетті жалғауларды жалғаңыз. 1. - Кешір.............. кіруге бола ма? - Иә, ......... 2. - Кешір............... шығуға бола ма? - Иә, .......... 3. - Төрлет.........................., - Рақмет! 4. Бауыржан ата, төрлет.................... . - Рахмет! Жаңа сөздер Мекенжай – адрес Ықшамаудан – микрорайон Электронды мекенжай – электронный адрес Ауыл – аул Көше – улица Қала – город Үй – дом Пәтер – квартира Қабат – этаж Осында – здесь Нешінші? – который? (по счету) Қай? – который? Сен ше? - а ты? Ұялы телефон – мобильный телефон Бесінші – пятый Бірінші – первый 3.Мәтінмен жұмыс. Менің үйім, пәтерім Петропавл қаласы – менің туған қалам. Менің үйім Жамбыл көшесі, 32-үйде орналасқан, үй бес қабатты. Пәтерім 2-қабатта, 3 бөлмелі, жаңа жобалы. Кіреберістен тура – асүй. Оң жақта – төргі бөлме, жатын бөлме, сол жақта – балалар бөлмесі. Жуынатын бөлме мен дәретхана бір-бірінен бөлек. Менің пәтерім кең, жарық, таза. Мәтінмен жұмыс, сұрақтар қою арқылы мәтінді түсіну. Грамматикалық тақырып. Сұраулық шылаулар. Вопросительные частицы Сұраулық шылаулар сөйлемге жалпы сұрау мағнасын үстейді және олар сөз тіркесінде үндестік заңына бағынады. Сұраулық шылау түрлері: ма? ме? па? пе? ба? бе? Мысалы: Сен кинотеатрға барасың ба? Сенің атың Сәуле ме? Сіз әкімдікте жұмыс істейсіз бе? Сұраулық шылаудың екінші түрі – ше баламалы сұрақ негізінде қолданылады. Мысалы: Мен кітапханаға барамын. Сен ше? Мен жиырма бесінші пәтерде тұрамын. Сіз ше? 3. Сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар. Үлгі: Сенің атың – Қайрат Сенің атың Қайрат па? 1. Бұл кісі – сенің әжең. 2. Сіздің атыңыз – Сәуле. 3. Сіз «Самал» ықшамаудауында тұрасыз. 4. Оның аты – жөні – Сұлтан Мейірбекұлы Ерік. 5. Оның мекенжайы: Талдықорған қаласы, 20 – үй 62 пәтер. 4. Сөйлем құрыңыздар. Үлгі: Сіз/ тұрасыз/ 58 үйде/ ба? Сіз 58 – үйде тұрасыз ба? 1. ба?/ ауылда/ Сен/ тұрасың 2. Сіздің/ ма?/ аты – жөніңіз/ Мағжан Айдарұлы 3. төрт/ ма?/ жаста/ Ол/ отыз 4. тұрасың? / нешінші / Сен / пәтерде 5. мекенжайыңыз / қандай / Сіздің 6. поштаң / ма? / электронды / Сенің / m.aidaruly@ mail.ru 5. Ше сұраулық шылаумен сөйлемді толықтырыңыздар. 1 – диалог 2- диалог - Сен Алматыда тұрасың ба? - Сен неше жастасың? - Иә, Алматыда тұрамын. – Мен он бес жастамын. - Сен ше? - Айдос ....? - Жоқ, мен Арқалықта тұрамын. – Ол он төрт жаста. 3 – диалог 4- диалог - Сенің отбасың шағын ба? - Жәнібек, сенің білімің қандай? - Жоқ, менің отбасым үлкен. Сенің .... ? - Жоғары. - Әсет, сенің ... ? - Орта арнаулы білімім бар. Сабақты бекіту. Бағалау, үй тапсырмасы | |
Просмотров: 2137 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|