Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-01-08, 1:59 PM | |
Құрастырған: Сыздықова Жанар Қиноятқызы – қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі. Жинақта қазақ тіліне арналған тест сұрақтары құрастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Тест жинағы оқушыларға, өздігінен білім алушылар мен мұғалімдерге арналып әзірленген. Алғы сөз Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Қазіргі таңда тест құраудың түрлі нұсқалары бар: • Альтернативті жауап беру. Негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес), оқушылардың қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді. • Көп нұсқаулы жауаптық тапсырма. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмалары мен бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға, сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолдануға арналған. • Кез-келген кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың үлкен тақырыптар бойынша грамматикалық білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған 6-сыныпқа негізделіп құрастырылған тест жинағы мұғалімдерге көмекші құрал болып табылады. Оқушылардың білім дәрежесінің дамуы мен ойлауына мүмкіндік жасалады. Оқушылардың әр тоқсанда берілген тақырыптардан алған білімдерін тексеріп, еске сақтау, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту үшін бұл тест жинағы құрастырылып отыр. Әр тоқсанға арналып құрастырылған тест 30 сұрақтан тұрып, 40 минут уақытқа берілу көзделген. Тоқсандық бақылауға қосымша ретінде пайдалануға болады. Мақсаты: Қазақ тілі сабағында өтілген әр тақырыпты есте терең сақтап бекіту арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Міндеттері: * Оқушының ой- өрісін кеңейту, * Шапшаңдылыққа, тапқырлыққа машықтану, * Есте сақтау қабілеттерін дамыту. I тоқсан Тест сұрақтарында қамтылған тақырыптар мен тілдік бірліктер: 1. Қазақ тілінің қоғамдық рөлі. 2. Әдеби тіл және оның нормалары. 3. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы. 4. Сөзжасам. 5. Сөз тұлғасы. 6. Түбір мен қосымша. 7. Дара және күрделі сөздер. 8. Біріккен сөздер. 9.Қос сөздер. 10.Тіркескен сөздер. 11.Қысқарған сөздер. Мақсаты: 1. Оқушылардың I тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтап, бекіту. 2. Берілген сұрақтар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру. Тестілеуге 40 минут беріледі 1. Қазақ тілі қоғадық қызмет атқара ма? А.Иә. Б.Жоқ. В.Кей жерлерде. С.Мектепте ғана. 2. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді............. ....... дейміз. А.Әдеби тіл. Б.Мемлекеттік тіл. В.Ресми тіл. С.Қазақ тілі. 3. Әдеби тілдің екі түрі? А.Ауызша және жазбаша. Б.Дара және күрделі. В.Лексикалық және грамматикалық норма. С.Ортақ. 4. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар? А.Лексикалық. Б.Фонетикалық. В.Грамматикалық. С.Барлығы дұрыс. 5. Ауызша тілдің нормасы? А.Орфоэпиялық. Б.Орфографиялық. В.Лексикалық. С.Барлығы дұрыс. 6. Жазбаша тілдің нормасы? А.Орфоэпиялық. Б.Орфографиялық. В.Лексикалық. С.Барлығы дұрыс. 7. Мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен – үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді қалай атайды? А.Мәтін. Б.Сөйлем. В.Әдебиет. С.Сөз. 8. Қар деген сөздің ұғымы? А. Түсі ақ, салқын, еріп, суға айналатын зат. Б. Түсі қара, салқын, еріп, суға айналатын зат. В. Түсі сары, салқын, еріп, суға айналатын зат. С. Түсі жасыл, салқын, еріп, суға айналатын зат. 9.Офография бойынша дұрыс жазылған сөз? А.Иә. Б.Иа. В.Ия. С.Іиә. 10. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөз? А.Жазза. Б.Жазса. В.Жасса. С.Жашша. 11. ЖОЛДАСТЫҚҚА деген сөз неше бөлшектен тұрады? А4. Б.5. В.6. С.3. 12. Сөздің тұлғасы деген ұғымға нелер жатады? А.Түбір және қосымша. Б.Сөйлем және мәтін. В.Сөз және бөлшек. С.Ұста, ата. 13. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін не дейді? А.Түбір. Б.Қосымша. В.Сөз. С.Мәтін. 14. Қосымша нешеге бөлінеді? А.2. Б.3. В.4. С.5. 15. Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер қалай аталады? А.Туынды түбір немесе туынды сөз. Б.Дара. В.Негізгі түбір. С.Жалғау. 16. Жұрнақтың неше түрі бар? А.2. Б.3. В.4. С.5. 17. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді? А.Дара және күрделі. Б.Қос сөз және біріккен сөз. В.Түбір және қосымша. С.Дұрыс жауап жоқ. 18. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді? А.4. Б.3. В.5. С.6. 19. Қысқарған сөздер берілген нұсқа? А.Ата-ана, әке-шеше. Б.ҰБТ, БҰҰ. В.Бүгін, ала. С.Жүз бес. 20. Қос сөз? А.Үлкен- кіші. Б.Түбір. В.ППК. С.Ауыл. 21. Тіркесті сөз? А.Шұбар ат. Б.АҚШ. В.Жаздыгүні. С.236. 22. Біріккен сөз? А.Астан- кестен. Б.Көркемөнерпаз. В.Ұшақ. С.Қара торы. 23. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді қалай атайды? А.Күрделі сөз. Б.Дара сөз. В.Қос сөз. С.Қысқарған сөз. 24. Қос сөздер нешеге бөлінеді? А.2. Б.3. В.4. С.5. 25. Қосарлама қос сөзі бар тіркес? А.Тау- тау астық. Б.Үйдей- үйдей боп жатыр. В.Көзбе- көз сөйлесу. С.Ата- ана. 26. Қос сөз қатысқан сөйлем? А.Талғатпен кеше кездестім. Б.Бүгін 11- сыныпта ата- аналар жиналысы өтті. В.Сабаққа жиі кешігеді. С.Сар дала. 27. Күрделі сөз қатысқан сөйлем? А.Бозторғай жұмыртқалаған жер. Б.Дала тастай қараңғы. В.Жүгіріп келе жатыр. С.Дала, ақ. 28. Жұрнақ жалғанған сөз? А.Шегеле. Б.Тар. В.Екі- екіден. С.Топ. 29. Тек қана түбірден тұрған сөздер? А.Жаңбыр, жау, қала. Б.Түстік, көсеу. В.Ананы, таға. С.Ешкім, өйткені. 30. Септік жалғауында тұрған сөз? А.Бозбала. Б.Алдаспан. В.Көрпешік. С.Орақты II тоқсан Тест сұрақтарында қамтылған тілдік бірліктер: 1. Морфология. 2. Сөздердің түрлері. 3. Сөз таптары. 4. Зат есім. 5. 50Сын есім. Мақсаты: 1. Оқушылардың II тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтау, бекіту. 2. Пәнге деген қызығушылықтарын ояту және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету. Тестілеуге 40 минут беріледі 1. Морфология нені зерттейді? А.Сөз таптарын. Б.Сөйлемді. В.Сөз мағынасын. С.Дыбысты. 2. Сөздің түрлері? А.Атауыш, көмекші, одағай сөздер. Б.Дара және күрделі. В.Түбір және қосымша. С.Жұрнақ және жалғау. 3. Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздер қалай аталады? А.Атауыш сөздер. Б.Көмекші сөздер. В.Одағай. С.Дұрыс жауап жоқ. 4. Мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздер қалай аталады? А.Атауыш сөздер. Б.Көмекші сөздер. В.Одағай. С.Дұрыс жауап жоқ. 5. Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін немесе жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылатын сөздер қалай аталады? А.Атауыш сөздер. Б.Көмекші сөздер. В.Одағай. С.Дұрыс жауап жоқ. 6. Қазақ тілінде неше сөз таптары бар? А.9. Б.8. В.10. С.12. 7.Зат есімнің сұрақтары? А.Кім? Не? Б.Қандай? В.Нешеу? Қанша? С.Нешінші? 8. Жалқы есімдер? А.Байжан, «Дала» газеті. Б.Ауыл, аймақ. В.Қыз, ұл. С.4, 5. 9. Күрделі зат есім? А.Көкшетау. Б.Қойшы. В.Күй. С.Дұрыс жауап жоқ. 10. Туынды зат есім? А.Көкшетау. Б.Қойшы. В.Күй. С.Дұрыс жауап жоқ. 11. Негізгі зат есім? А.Көкшетау. Б.Қойшы. В.Күй. С.Дұрыс жауап жоқ. 12. Нақтылы тануға болатын зат атаулары қалай аталады? А.Деректі зат есім. Б.Дерексіз. В.Жалпы. С.Жалқы. 13. Дерексіз зат есім? А.Адамгершілік, сана. Б.52, 55. В.Жомарт, Айдар. С.Мектеп, кеме. 14. Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы қалай аталады? А.Сын есім. Б.Зат есім. В.Сан есім. С.Есімдік. 15. Заттың дәмін білдіріп тұрған сөз? А.Тұщы. Б.Сары. В.Қысқы. С.Жаман. 16. Сын есім құрамы жағынан нешеге бөлінеді? А.2. Б.3. В.4. С.5. 17. Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар? А.-лы, -шыл. Б.-кер, тай. В.-паз, и. С.Барлығы дұрыс. 18. Сын есімнің мағыналық түрлері? А.Сапалық және қатыстық. Б.Дара және күрделі. В.Негізгі және туынды. С.Жалпы және жалқы. 19. Сапалық сын есімді тіркес? А.Қызыл киім. Б.Өнерлі жігіт. В.Орманды алқап. С.Аттылы. 20. Күрделі сын есім? А.Тұп- тұнық. Б.Жақсырақ. В.Биіктеу. С.Ақ. 21. Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар? А.-ғақ, -гек. Б.-ғыш, -гіш. В.-ық, -ік. С.Барлық жауап дұрыс. 22. «Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.» Қай ақынның өлеңінен алынған үзінді? А. А.Құнанбайұлы. Б. Қ.Мырзалиев. В. С.Сейфуллин. С. М.Әуезов. 23. Берілген сөздердің қайсысы одағай? А.Пай- пай! Б.Үшін, мен. В.Ана, әке. С.Ермек үшін. 24. Берілген мысалдағы сөздердің қайсысы көмекші сөз? Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай) А.Мен. Б.Жазбаймын. В.Үшін. С.Өлеңді. 25. Туынды сын есім? А.Тоғайлы. Б.Қаймақ. В.Ала. С.Дара. 26. Сапалық сын есімді тіркес? А.Қысқы бақ. Б.Құмды жер. В.Сулы. С.Әдемі киім. 27. Қатыстық сын есім? А.Қысқы бақ. Б.Құмды жер. В.Сулы. С.Барлық жауап дұрыс. 28. Одағай қатысқан сөйлем? А.Ойбайлап не болды соншама? Б.Алақай, демалыс басталды! В.Анау жұлдызды көрдің бе? С.Бөлменің іші тар екенің жаңа ғана көрдім. 29. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ қатысып тұрған сөз? А.Білгіш. Б.Сурет. В.Қызғалдақ. С.Талапкер. 30. Заттың түсін білдіріп тұрған сөз? А.Дәмді. Б.Үлкен. В.Қысқы. С.Ақшыл. III тоқсан Тест сұрақтарында қамтылған тілдік бірліктер: 1. Сан есім. 2. Есімдік. 3. Етістік. 4. Етістер. 5. Есімше. 6. Көсемше. Мақсаты: 1. Оқушылардың III тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтау, бекіту. 2. Тестпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Тестілеуге 40 минут беріледі 1. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табы? А.Сан есім. Б.Зат есім. В.Есімдік. С.Үстеу. 2. Күрделі сан есім? А.Үштен екі. Б.Үш. В.Алты. С.Мың. 3. Дара сан есім? А.Алпыс екі. Б.Тоқсан үш. В.Бес ондық. С.Он. 4. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? А.6. Б.7. В.5. С.4. 5. Есептік сан есім? А.Он екі. Б.Оныншы. В.Біреу. С.Жүздеген. 6. -ыншы, -інші қай сан есімнің жұрнақтары? А.Реттік. Б.Есептік. В.Бөлшектік. С.Болжалдық. 7. Біреу, екеу қай сан есімнің түріне жатады? А.Жинақтық. Б.Болжалдық. В.Реттік. С.Есептік. 8. Қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадан? деген сұрақтар қай сан есімнің мағыналық түрінің сұрақтары? А.Болжалдық. Б.Есептік. В.Реттік. С.Жинақтық. 9. Топтау сан есім? А.Екіден. Б.Екеу. В.Екі. С.Екінші. 10. Есімдік нешеге бөлінеді? А.7. Б.5. В.3. С.6. 11. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз? А.Сіздер бұл сатасыздар ма? Б.Бұл қалай шықты екен? В.Мен, сен. С.Өзім, өзі. 12. Ешқандай, ешкім деген сөздер қай есімдіктің түріне жатады? А.Болымсыздық. Б.Жіктеу. В.Сілтеу. С.Жалпылау. 13. Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі қалай аталады? А. Белгісіздік. Б.Жалпылау. В.Сілтеу. С.Сұрау. 14. ЕШ, ӘЛДЕ, ӘР, КЕЙ, БІР, ҚАЙ сөздері басқа сөз таптарымен тіркесіп келгенде қалай жазылады? А.Бөлек (бір мезгілде, әр түрлі). Б.Бірге (бірмезгілде, әртүрлі). В.Қысқартылып. С.Қосарланып. 15. Қай сөз табы заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді? А.Етістік. Б.Зат есім. В.Сан есім. С.Сын есім. 16. Туынды етістік? А.Шегеле. Б.Қыс. В.Аш. С.Бер. 17. Күрделі етістік? А.Келе жатыр. Б.Күліп тұрған. В.Жамап отыр екен. С.Барлығы дұрыс. 18. Болымсыз етістік қатысқан сөйлем? А.Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді. Б.Кеш батты. В.Әуелгі бетінен адасты. С.Бірақ кісінің бойы көрінбейді. 19. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер қалай аталады? А.Сабақты. Б.Салт. В.Болымды. С.Болымсыз. 20. Салт етістік қатысқан тіркес? А.Ауылға қайт. Б.Байды көрді. В.Баламды бердім. С.Айтты. 21. Етістер нешеге бөлінеді? А.4. Б.3. В.5. С.6. 22. Өздік етістің жұрнақтары? А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с. 23. Өзгелік етістің жұрнақтары? А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с. 24. Ырықсыз етістің жұрнақтары? А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с. 25. Ортақ етістің жұрнақтары? А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с. 26. Есімшенің жұрнақтары? А.-қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р. Б.-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. В.-атын, -етін, -йтын, -йтін. С.Барлығы дұрыс. 27. Көсемшенің жұрнақтары? А.-а, -е, -й. Б.-ып, -іп, -п. В.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі. С.Барлығы дұрыс. 28. Бұл етістіктің түрі қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. А.Тұйық етістік. Б.Есімше. В.Етіс. С.Көсемше. 29. Тұйық етістіктің жұрнағы? А.-у. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с. 30. Сөйлемде тұйық етістігінің жұрнағы жалғанған сөз қайсысы? Көсеу ұзын болса, қол күймейді. А.Көсеу. Б.Ұзын. В.Қол. С.Күймейді. IV тоқсан Тест сұрақтарында қамтылған тілдік бірліктер: 1. Үстеу. 2. Еліктеу сөз. 3. Одағай. 4. Көмекші есімдер. 5. Көмекші етістіктер. 6. Шылау. Мақсаты: 1. Оқушылардың IV тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтау, бекіту. 2. Есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту арқылы ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру. Тестілеуге 40 минут беріледі 1. Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөздер қалай аталады? А.Үстеу. Б.Көмекші сөздер. В.Есімше. С.Етіс. 2. Негізгі үстеу? А.Ақырын. Б.Ерте. В.Бұрын. С.Барлығы дұрыс. 3. Күрделі үстеу? А.Ақырын. Б.Ерте. В.Бұрын. С.Бүгін. 4. Сөздердің қосарлану мен қайталану арқылы жасалған үстеулер? А.Жоғары-төмен, енді-енді. Б.Ата-ана, қыз-келіншек. В.Ала жаздай, күн ұзақ. С.Ендігәрі. 5. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді? А.7. Б.6. В.8. С.9. 6. Мезгіл үстеу? А.Ертең. Б.Ілгері жүр. В.Балаша. С.Онша жараспайды. 7. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? қай үстеудің сұрақтары? А.Сын-қимыл (бейне) үстеуі. Б.Мезгіл. В.Мекен. С.Мөлшер. 8. Бұл үстеу қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, Қалай? Не мақсатпен ? деген сұрақтарға жауап береді? А.Мақсат үстеуі. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл. 9. Ең әдемі, тым биік, өте жақсы. Келтірілген мысалдар қай үстеудің түріне жатады? А.Мақсат үстеуі. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл. 10. Не себепті? Неге? Қалай? деген сұрақтарға үстеудің қай түрі жауап береді? А.Себеп-салдар. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл. 11. Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді? А.2. Б.3. В.4. С.5. 12. Алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер қалай аталады? А.Еліктеуіш. Б.Бейнелеуіш. В.Үстеу. С.Етіс. 13.Бейнелеуіш сөз? А.Жалт қарады. Б.Қалт етті. В.Маң- маң басты. С.Барлығы дұрыс. 14. Негізгі еліктеу сөз? А.Дік. Б.Арсаң. В.Тарс- тұрс. С.Домалаң. 15. Одағай сөз қатысқан сөйлем? А.Мұны бастаған кім, ә! Б.Жаңа бір күш пайда болды. В.Бүгін менің туған күнім. С.Қалаға бара жатырмын. 16. Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай неше түрге бөлінеді? А.3. Б.4. В.2. С.7. 17. Көңіл күй одағайлары................................сияқты мәнді білдіреді. А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару. Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу. С.Барлығы дұрыс. 18. Жекіру одағайлары................................. сияқты мәнді білдіреді. А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару. Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу. С.Барлығы дұрыс. 19. Шақыру одағайлары................................. сияқты мәнді білдіреді. А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару. Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу. С.Барлығы дұрыс. 20. Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдерді қалай атайды? А.Көмекші есімдер. Б.Көмекші етістіктер. В.Одағай. С.Зат есім. 21. Көмекші есімдер? А.Үсті, маңы. Б.Азат, Ақлима. В.Мен, бен, пен. С.Тап, кел. 22. Көмекші етістік атқаратын қызметіне қарай екі түрлі? А.Негізгі және көмекші етістік. Б.Дара және күрделі. В.Негізгі және туынды. С.Дұрыс жауап жоқ. 23. Шылаудың неше түрі бар? А.3. Б.4. В.5. С.6. 24. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы? А.Шылаулар түрленбейді. Б.Толық лексикалық мағынасы жоқ. В.Сөйлем мүшесі болмайды. С.Барлығы дұрыс. 25. Септеулік шылаулар? А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман. Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ. В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс. 26. Жалғаулық шылаулар? А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман. Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ. В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс. 27. Демеулік шылаулар? А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман. Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ. В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс. 28. Демеуліктер үстейтін мағынасына қарай нешеге бөлінеді? А.6. Б.7. В.8. С.9. 29. Болжалдық демеуліктер? А.-мыс, -міс, -ау. Б.ғана, тек, -ақ. В.ма, ме, ба, бе. С.қой, -ды. 30.Шектік демеуліктер? А. ғана, тек, -ақ. Б. -мыс, -міс, -ау. В.ма, ме, ба, бе. С.қой, -ды. 6- СЫНЫПТЫҢ ТЕСТ КІЛТІ 1-тоқ 2-тоқ 3-тоқ 4-тоқ 1 А А А А 2 А А А С 3 А А С С 4 C Б А А 5 А В А А 6 Б А А А 7 А А А А 8 А А А А 9 А А А В 10 Б Б А А 11 А В Б А 12 А А А А 13 А А А С 14 А А А А 15 А А А А 16 А А А А 17 А С С А 18 А А С Б 19 Б А А В 20 А А А А 21 А С А А 22 Б А А А 23 А А Б А 24 А В В С 25 С А С А 26 Б С С Б 27 А С С В 28 А Б А А 29 А А А А 30 С С А А Қолданылған әдебиет тізімі 1.С. Исаев, К.Назарғалиева, Ж. Дәулетбекова. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. 2- басылым. – Алматы: Атамұра, 2006. – 208 бет. | |
Просмотров: 22394 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|