Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

12 ЖЫЛДЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУ
2014-01-08, 2:04 PM
12 ЖЫЛДЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІН АРТТЫРУ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген міндеттердің бірі 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламада «орта білім берудің мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін əлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу» деп көрсетіліп, оны орындаудағы міндеттерінің бірі «12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру» делінген. Яғни жоғарыда аталған құжатта белгіленгендей, 12 жылдық оқытуға көшу үшін білім мазмұнын жаңғырту басты мәселе болып табылады.
Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу қазіргі білім беру саясатының бағыттарын іске асырумен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі міндеттерін орындауы тиіс: сапалы білім алуы үшін барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; қазақстандық патриоттыққа, адам құқықтары мен бостандығына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу; ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға, толеранттыққа тәрбиелеу; қоғамда әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру; оқушылардың оқу жүктемесін білім беру деңгейлеріндегі жас ерекшелік мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара байланыстыру; жеке білім беру траекториясын қалыптастыру; жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және оның негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыру.
Орыс тілінде білім беретін мектептерде мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту – қазіргі заман талабы, өмірлік зор маңызы бар өзекті іс болып отыр. Орыс тілінде 12 жылдық білім беретін мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қазақ халқының көркем әдебиет туындыларымен, әдебиет теориясымен жүйелі түрде таныстырып, сол негізде оқушыларға жан-жақты тәрбие бере отырып, әдебиетіміздің үздік туындыларымен, көркем мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр және де осы 12 жылдық білімге көшу кезеңіне сәйкес, уақыт ұстаздарға үлкен талап қояды.
«Білікке сенер заманда-ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда-қапы қалып жүрмейік»- деп Абылай хан ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіреттілік күш тек білімге ғана тән екеніне барлығымыздың көзіміз жетті. «Оқыту» бұйрық мағынасындағы сөз, яғни біреудің басшылығымен немесе үстемділігімен жүзеге асырылады, кейін толығымен шәкірттің өз билігіне көшеді. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.
12-жылдық мектепте қазақ әдебиетінен оқушылардың білім деңгейлерін арттыру үшін дамыта оқыту технологиясының көмегі зор. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар: Л.С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов: «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.
Дамыта оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділігін, дербестігі мен қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданылуында. Олардың ішінде: шығарма, жоспар құру, пікір жазу және реферат. Енді әрбіреуіне тоқталсақ:
1.Шығарма- жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі, өйткені оқушы берілген тақырыптың мазмұнын ашып, керекті қатысымдық тұлғаларды таңдауды өз бетімен ойланып іске асырады. Мұғалім оқушылардың әрекетіне бағыт-бағдар беріп жетелейді, ойланудың жолдарын дамытады. Яғни, оқушы белсенді субъектіге айналады да, мұғалім көмек беруші, бағыт беруші деңгейінде болады.
2.Көркем мәтінге жоспар жасау арқылы ойдың себеп-салдарлық, мезгіл-мекендік байланыстылығы меңгеріледі. Осыған орай оқушы сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін арттырады, алдыңғы оймен соңғылардың байланысын сақтап жазуға жаттығады. Жоспар жасау арқылы оқушы жеке сөздерді дұрыс жазу, сөйлем құрау тетігін меңгереді.
3.Дамыта оқытуда оқушылардың пікір жазып үйренуі үлкен рөл атқарады. Осыған әңгіме, мақала, баяндама, реферат түрлеріне пікір жазуға үйретуде мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет. Оқушылардың қабылдауын, ойлануын, қиялдауын, сөйлеуін дамытуға тікелей бағыттауда шығармашылық жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті, еңбектенуді қажет етеді.
4.Күрделі ой еңбегін қажет ететін оқушылардың өзіндік жұмыстарының бірі- реферат жазу. Реферат- мәтіндегі негізгі ақпаратты ықшам түрде жазбаша мазмұндау, оны жүйелі қорытындылау және бағалау болып табылады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
• Оқу міндетін қою сабағы
• модельдеу сабағы
• түсінікті нақтылау сабағы
• нақтылау сабағы
• бағалау сабағы

1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі – дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп,әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы – тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
- проблемалардың шешімін табу;
- ақпараттық;
- коммуникатвтік құзыреттіліктер;
«Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі»- деп, Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген.
12 жылдық оқыту мерзімінен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге бағдарланып белгіленген. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын құзыреттіліктер түрінде берілген. Бұл оқушының оқу – танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Міне, бүгінгі күннің өзінде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақтың тиімділігін, оқудың 80/% нәтижелілікке жетуін қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20/%-ы ғана мұғалімнің жеке шеберлігіне байланысты екенін ұмытпау керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістемелігі оқыту ісінің алдын ала кең де дұрыс жобаланып отыруына мән береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары// 12 жылдық білім беру, 6-2006-18б.
2. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері //Психологиялық ғылым және білім беру , 5-2003 - 22-25 б.
3. 12 жылдық білім журналы. №1 2008ж.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ямур
Просмотров: 1921 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-03, 4:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru