Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Эссе "Менің педагогикалық философиям"
2014-01-09, 8:05 PM
Менің педагогикалық философиям.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға ».
Абай Құнанбайұлы
Мен ұлылықтың ұйтқысы болып отырған мамандықтың иесімін.Бөтен адамдар « Қай салада жұмыс істейсің ? » деген сауал қойған кезде, үлкен мәртебемен : « Еліміздің болашақ тіректерін қалап жатқан ұстазбын » деп жауап беремін. Себебі , мектеп менің екінші үйім , ал қызметімді өзімнің өмірімнің мәні деп есептеймін. Өйткені мен мұғалім болып жұмыс істемеймін, мұғалім болып өмір сүремін.
Балалық шағымның бір сәтін есіме түсірсем. Онда мен мектеп оқып жүрген кезім еді. 8-сыныптан бастап, біздің сынып қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәндерін тереңдетіп оқи бастады. Үйде әкемнен басқасы орысша сөйлегендіктен, бұл пәндерді тереңдетіп оқу маған қиынға түсті. Әсіресе, ұстазым- Құдайбергенова Сәуле Ибрагимқызы үйге шығарма жазуға берген сайын көзіме жас алатынмын. Әкем марқұм ақын болғандықтан, оған сенетінмін. Бірақ ол бос үміт еді. Себебі мен шығармаммен жақындаған сайын, ол маған түрлі көркем әдебиеттерді , әсіресе, сол кезде жаңа шығып жатқан «Бабалар сөзі» кітабын ұсынып: « Қызым, біреуге жалынғанша, көркем әдебиеттерді оқымайсың ба! Көптеген көркем туындыларды оқығаннан кейін, өзің-ақ шығарма жазасың», дейтін. Сол кезде : «әкем де қызық, осы кітаптарды оқытпай-ақ, неге маған өзі шығарма жаза салмайды», деп ойлайтынмын. Бірақ бұны кейін студент кезімде ұстазым Динара Кеңесқызы : « Ертең кітапханада « Бабалар сөзі » кітабының 16-томының шығуына байланысты конференция болады. Сол кітаптағы ұнаған туынды бойынша сөз сөйлейсің!», деп сол баяғы әкемнің оқы деп берген кітабын берді. Осыдан кейін көркем әдебиетке деген ықыласым туып, өмірдің кілті кітапта екеніне көзім жетті. Негізінде жанұямызда мұғалім болған адамдар жоқ, бірақ дәл қазақ тілі мен әдебиет бөліміне түсуіме ықпал еткен адам –әкем, өйткені ұстаз болмаса да, сол мамандыққа жүрегімен жақын еді. Кейін келе бұл мамандықты таңдауыма себепші болған- «Бабалар сөзі» кітабы, мектептегі әр күнім М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы , әр сабағым Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» романы, балалармен өткізген әр минутым Ғ.Мүсіреповтың «Автобиографиялық әңгімесі», бірге жұмыс істейтін әріптестерім Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі ұстаздар деп айта аламын. Себебі менің өмірім әр көркем шығармамен тығыз байланысты.
Ертеде жұртына бақытты өмір сыйлағысы келген хан данагөй адамдарға кеңес сұрауға барады. Олар ханға «Өмірде қандай уақыт, адам және іс ең маңызды? » деген 3 сұрақ қояды. Хан көп ойланып, сауалдардың шешімін таба алмаған екен. Ал жауабы былай еді: Өмірдегі ең маңызды уақыт- нақ осы болып жатқан шақ ; ең басты адам - сенің қасындағы серігін ; ең маңызды іс - дәл сол кезде істеп жатқан іс . Ал мен ханның орнында болсам сауалдарға өзімнің педагогикалық философияма сүйене отырып былай жауап берер едім : маған сабағымның әр минуты маңызды , басты адамым-білім нәрін сусындап жүрген -оқушым , ал ең басты ісім-оқушылардың бойларына сенімділік пен мейірімділіктің гүлшоғын ұялату. Себебі маған оқушы - барлық мүмкіндіктер үшін ашық жүйе.Ашық жүйе ретінде оқушы басқа субъектіге , қоғамға , әлемге , ақпаратқа , табиғатқа әсер етеді, әрекеттеседі. Философия ғылымында әрекет адамды зерттеудің әдіснамасы ретінде қарастырылады. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Әрекет іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік . Ал сол әрекетті ұйымдастырушы - ұстаз. Әрине, ұстаз болып тумайды, ұстаз болып қалыптасады. Ұстаз болып қалыптасу үшін жалпы мәдениеттілігінен басқа ең кемінде үш құраушы компонент болуы крек деп санаймын :
-біріншіден, психологиялық-педагогикалық, пәндік білім ;
-екіншіден, шеберлікпен шектесетін кәсіптік ептілік, икемдік, яғни құзыреттілік ;
-үшіншіден, ерекше ұстаздық мінез-құлық, ойлау, жүріп-тұру стилі, моральді-этикалық қабілеттілігі;
Бірақ қазіргі таңда бұл мұғалімдерге аздық етеді, себебі кәсіби білім , білігі мен іскерлігін үнемі дамытып, әрекетін технологияландыру арқылы нәтижеге бағыттау, ғылыми зерттеушілік үдеріске айналдыру- бүгінгі қоғам мен заманның талабы, сондықтан мұғалім өзінің педәрекетіне талдау жасап, болашаққа бағдарлай отырып, еңбектің жемісін болжай алу- маңызды мәселе. Адам баласының қайталанбас ең бір сәулелі, жаныңа соншалықты ыстық, қимас сезімдегі періште кездері- балалық дәурені мен мектеп қабырғасындағы тезірек ержетуге, бойжетуге ұмтылған шақтары. Бәріміз де сол сағындыратын сағым жылдардағы алып ұшқан балаң көңілдің, тәтті қиялдың жетегінде жүріп, ат жалын тарттық. Әсіресе, балалық тұңғыш таңырқау, таңдану-алғашқы мектеп, алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз-еш ұмытылмайтын сәттерді айтсаңызшы. Бағамдап қарасам, осы бір алаңсыз бақытты шақ-бүкіл адам затына ортақтығымен де қымбат. Тарихтан ұққанымыздай, ұлы адамдардың, белгілі тұлғалардың, кемеңгер ойшылдардың негізі, зерделік санасы, сана құдіреті осынау балалық кезде қалыптасып, байқалатын көрінеді. Ал сол балалардың өміріне ықпал ету менің басты мақсатым деп білемін. Сондықтан да менің педагогикалық философиям не деген сұрақ қоятындарға , былай жауап бере аламын: мейірімділікке үйрету арқылы оқушылардың бойына мейірімділіктің шамын жағу, қиындық арқылы көздеген мақсатқа жету, махаббат арқылы шындыққа қызмет ету, міне осыны мен өзімнің педагогикалық философиям деп есептеймін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ямур
Просмотров: 4257 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-03, 4:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru