Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-01-10, 10:10 AM | |
Күні: 13.11.13 Сынып: 7 "Б" Тақырыбы: "Төл теңге - ел тірегі". Сабақтың мақсаты: Білімдіділік: Оқушылардың сөздік байыту, білімдерін тереңдету, тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылық: тез ойлау, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: білімге деген ынтасын арттыру, озің ұлттық валютаны сыйлау. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, сөйлеттеру, ойын, топқа бөлу, тест. Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, тапсырмалар, теңге. Сабақтың барысы: 1. Қайырлы күн, кұрметті ұстаздар, оқушылар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған ашық сабақ бастаймыз. 2. Ал, балалар, ойландар, бугінгі сабақтың тақырыбы қандай? Осы суреттері караңдар. (№1 слайд және видеосюжет). Иә, дұрыс, теңге туралы. Сонымен, біздің сабақтың тақырыбы "Төл теңге - ел тірегі".(№2 слайд саб.тақырыбы жазылған). 3. Ақша ертеден адамзаттың қатар өмір сүреді. Ақша дегеніміз не? Ақшанның қызметі тауар айырбастау процессімен байланысты, ол экономикалық маңызы белгіледі. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта теңге дайын болды. Біздің суретшілер теңгені шығарумен айналысқан кезде, олар немістің компаниясынан технологияны алыпты.(белгілі көрсету). Ал тиын шығару ушін Өскеменде монета сарайында құрылды. 4. Ал, балалар қазір сендер әр түрлі тапсырмаларды істеп болған соң, ақшаны аласыңдар. Тақтаға қараңдар. а). Осы суретте салалық терминология бейнелеген. Осындай тапсырма сендерге. Қандай терминдер қай салалыққа жатады? Бірақ, осында артық сөздер бар.(астық, қаржы, несие, емхана, мемлекет, нарық, науқас, дәрігер, оқушы, табиғат, мақта, теңге). Осы тапсырманың бағасы 2000 теңге. (№3 слайд). ә). Сөздікпен жұмыс. Дәптерлерді ашыңдар. Осы сөздермен сойлем құрастырыңдар. (қаржыгер, бейнелер, үлгі бекітті, жарлық, қаржы нарығы, айналымға енгізілді). (№4 слайд). 5. Мәтінмен жұмыс. Осы мәтінді тыңдаңдар, сосын аударыңдар (№5 слайд және аудио). а). Келесі тапсырма. Осы мәтінмен байланысты лотерея ойнаймыз. Әр тапсырманың астында бағасы тұр. (№6 слайд). 6. Грамматикалық тапсырма. "Көптік жалғаулар" (№7 слайд) (бағасы 2000 теңге). 7. Сергіту сәті. (№8 слайд). 8. Разминка жасаймыз. Валюта сайкестендіру. (№9 слайд). 9. Каз.Тест 5 тапсырма. (№10 слайд). 10. Ал енді, балалар, рақымшылыққа неше теңге бересіңдер? (№11 слайд). 11. Үй жұмысы. (№12 слайд)7 12. Ал, балалар, біз қай қалада тұрамыз? Иә, Рудный қаласында. (№13 слайд және видео/аудио). Қорытынды қандай айтып бересіңдер? Иә, валютаны сақтау керек. 13. "Жаса, Қазақстан" әні. (№14 слайд және аудио). 14. Назар қойып, тындағандарынызға рақмет. Сабақ аяқталды. | |
Просмотров: 981 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|