Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Елтаңба
[ Скачать с сервера (114.3 Kb) ] 2014-01-13, 12:11 PM
Орал қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық
мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Хамитова Ғ.Ж.
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы»
«Зат есім»
Жалпы мақсаты: оқушыларға Қазақстанның елтаңбасын жете таныстыру, сөйлем құру дағдысын жетілдіру;
Күтілетін нәтижелер: мәтінді топта оқып талқылау, блиц сұрақтар, рөлдік ойын «Үш дос», «Дұрыс-бұрыс» тапсырмасы, синоним сөздерді жұптастыру, (практикалық жұмыс): сұраққа жауап бере отырып елтаңбаның, тудың әрбір элементтерін қолмен жинау және сипаттап беру;
Тапсырмалар: тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар, Блум таксономиямы бойынша сұрақтар, практикалық тапсырма (елтаңба элементтерін жинау), блиц-сұрақтар, рөлдік ойын.
Сабақтың түрі: аралас, практикалық
Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы» мәтіні, ҚР мемлекеттік рәміздері, ҚР Конституциясы; маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, флипчарттар, стикерлер,
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Оқушыларды топқа бөлу. Сабаққа даярланады,
жинақталады және
сабаққа ден қояды.
Модуль: Жаңа әдіс-тәсілдер
Әдісі: топқа бөлу тренингі. Уақыты: 3 минут
Партаның үстіндегі қима қағаздарға жазылған әріптерден сөздер құрастыру арқылы топқа бөліну («Қазақстан» тобы, «Рәміздер» тобы)
ІІ. Тұсаукесер.
Модуль: АКТ интербелсенді тақтамен жұмыс
(сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау)
ҚР мемлекеттік Туы.

Сабақтың тақырыбын анықтау
«Осы суреттерді не біріктіреді?»
Ұқсастығы не?







(суретте елтаңбаның бейнесі бар суреттер:
төлқұжат, жеке куәлік, ҚР конституциясы, 500 теңгелік монета, т.с.)
Негізгі бөлім.
Әдісі: Топтық жұмыс
Мәтінді топта оқып, талқылау. «ҚР елтаңбасы»
Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында – шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасында уықтар бар. Шаңырақтың екі жағында қанатты пырақтар орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі көгілдір және алтын
Сары түс – байлықты, көгілдір түс – ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді.
Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Жұппен жұмыс
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Дарынды балалармен жұмыс
Блиц-сұрақтар:
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстанның елордасы қалай аталады?
-Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
-Туған жер сөзіне синонимдерді атаңыз.
-Әнұран қандай ән?
-Қазақстанның қалаларын атаңыз.
-Қазақтың ұлттық аспаптары қандай?
-Тәуелсіздік күні қашан?
Топтық, жұптық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Синонимдік жұптарын табу
Отан қазақ тілі
Кең-байтақ туған жер
мемлекет Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанда теңге
Мемлекеттік тіл үлкен
Президент Астана
Ұлттық валюта Республикамызда
Елорда рәміздер
Домбыра, қобыз ел
Елтаңба, ту, әнұран ұлттық аспаптар

ІІ деңгей. Сөздерді аудару
Столица, независимость, государство, земля, гостеприимный, граничат, необьятна, государственные символы, мир, утвержден.
Бағалау өлшемдері:
1-3 = «2»
4-6 = «3»
7 – 8 = «4»
9 – 10 = «5»

ІІІ деңгей. Елтаңба, ту, әнұран сөздерін септеу
Сергіту сәті.
Практикалық жұмыс
Сұраққа жауап бере отырып елтаңбаның, тудың әрбір элементтерін қолмен жинау және сипаттап беру;
Рөлдік ойын «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Автор: Исмаил, Роман және Катя үшеуі бір күні кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Роман ту болып, Исмаил елтаңба болып, Катя әнұран болып ойнайды. Сөйтіп, үшеуі мұғалімге барады.
Ту айтты:
-Ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемесінде желбіреп тұратын менмін. Үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке-тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба былай деді:
-Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің басында тұратын менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Барлық ресми құжаттардың мөрінде менмін. Мен болмасам бәрі де жарамсыз болып қалады. Бағалы қағаздарда, теңгеде мен тұрамын. Барлық адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.
Сонда Әнұран сөзге араласады:
-Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін. Үлкен жиындар, мерекелік кештерді мен бастап беремін және мен аяқтаймын. Мектептердегі жаңа оқу жылының басталуы мен аяқталуы менсіз өтпейді. Мемлекеттік басшыларды қарсы алатын және шығарып салатын менмін. Мен сөйлеген кезде барлық адам мені тік тұрып тыңдайды.
Автор:
-Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Сендер болмасаңдар елдің, халықтың қадірі болмайды. Елтаңбасы, туы, әнұраны бар елді бәрі құрметтейді. Сендерге рақмет!
(Суреттерге қайтып оралу: Балалар бұл еліміздің Конституциясы, конституцияда біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жазылады)
34-бап, 2-тармақ:
Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрмтеттеуге міндетті.
Жұптық, топтық жұмыс.
Әр топқа Блум таксономиясының өлшемдеріне сай келетін сұрақтар беру:
Топтық, жұптық жұмыс.
Сұрақтар: (Блум таксономиясы)
1.-Қазақстан Республикасының рәміздері нелер? (білу)
2.- Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
3.- Алтын және көгілдір түс нені білдіреді? (түсіну)
4.-Елтаңба қандай бөлшектерден тұрады? (қолдану)
5.- Елтаңбаны ауызша сипаттаңыз? (талдау)
6. –Конституцияда рәміздер туралы не делінген? (жинақтау)
7. - Рәміздер ненің белгісі? (бағалау)

Үйге тапсырма: (Деңгейлік тапсырмалар)
- 3-тапсырма, 39 бет
- ҚР елтаңбасы туралы әңгімелеу
- «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрмтеттеуге міндетті»
эссе жазу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ХамитоваГ
Просмотров: 1888 | Загрузок: 168 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 8:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru