Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ.Қазақ әдебиеті. "Ата үміті?"
[ Скачать с сервера (268.0 Kb) ] 2014-01-17, 8:45 AM
Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті».Әңгімедегі адамгершілік,ізгілік мәселелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш- қуатын таныту;
Дамушылық- жазушының портрет жасау шеберлігіне назар аудару,көркем сөз құдіретіне үңілу,кейіпкерлерге мәтіннен мысал келтіре отырып сипаттамалар беру,ой қорыту,пікір айтуға,оны қорғай білуге төселту;
Тәрбиелік- оқушыларды зұлымдық,жауыздық,қатыгездік,қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына тәрбиелеу,адамгершілік, имандылық,парасаттылық сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;
Сабақтың типі: Ұжымдық;
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау;
Сабақтың әдісі: Сәйкестендіру,пікірнама,талдау,ойтолғау.
Сабақтың эпиграфы: «Пайда ойлама,ар ойла.....» (Абай).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1) Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ жауап:
1.Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібіне түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар.
2.Қалай ойлайсыздар,үзінді неге «Ата үміті»деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған,артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста,соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді,атаның үміті неде?
Біз шығармада үш ақ кейіпкермен жүздестік,бірақ салмағы батпандай ой түйдік.
3.Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік?
4.Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
5.Алғашқы жүздесудегі әсер
6.Шығарманың сізді ерекше толғантқан тұсы?
7.Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?
8. Осы әңгіме авторы туралы не білесіңдер?
Үй жұмысын қорытындылау.
1. Әңгіме ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
ІІ.Жаңа сабақ
Тақтаға күнді,тақырыпты жазу,жазғызу.
Мақсатын айтып өту.
Ой қозғау: «Обал мен сауап»
а) Обал -ұғым атауы.Дерексіз зат есім.Көзбен көрмейміз,қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Трек-сигналдар
Неге,кімге қатысты айтылады? Не себепті айтылады?
Пайдасынан басқа зияны жоқ,жан біткенге қылдай қиянат келтірмейтін,бейкүнә,жазықсыз аңдар мен құстарға, жануарлар мен жәндіктерге қатысты айтылады.Мысалы: құс,құмырсқа,ара,үйдегі жан жануар т.б. «Ұя бұзған оңбайды». Ұяны,омартаны,илеуді бұзуға болмайды,өйткені олар құстың,араның,құмырсқаның Отаны.Олар сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның-олардың өміріне балта шапқаның,бастарына қайғы- қасірет әкелгенің,қиянат жасағаның. Үлкендердің «Обалына қалма,тиіспе» деуі сондықтан.
Қасиетті,киелі саналатын тағам атауларына қатысты айтылады.Мысалы:сүт,нан т.б. «Сүт - тіршіліктің бастауы,нан-астың үлкені».Олар адамның адал еңбегімен келеді.Сол еңбектің қадірін білу керек.Оны бағалау керек.
Адамға қатысты айтылады.Мысалы көрген қорлық,кеткен ақы,төгілген жас,көрген қиянат. Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып соғуға,қиянат жасауға,зорлықпен біреудің ақысын бермеуге,күш арқылы біреудің затын тартып,не ұрлап алуға болмайды. Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз жасына қаласың,наласына батасың. «Обал болады»осындай жағжайда айтылады.

ә) сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
«Дұрыс боды,оған сол керек» деген мағынада жұмсалады.
Алғыс,ықылас,қошемет,рахмет ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын алды(алғысын алды,рахметін алды).
Обал және сауап бір-біріне қарама-қарсы,яғни антоним сөздер.
1.Талдау:
Композициялық жоспар жасату.
2.Мінездеме.
Омаш ақкөңіл
оспадар
Ергешбай мейірімді
зейінді
Тоқсанбай қарт тасжүрек
3.Венн диаграммасы.
Тоқсанбай қарт Омаш


4.Ой толғау
Абай айтқан «Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» және Омаш.
5.Мағынаны тану. (топпен жұмыс)
Кейіпкерлер Іс-әрекеті Қандай мінездің адамы



6.Мәтінмен жұмыс.
Мәтін бойынша іс-әрекеті Әңгіменің қай бөлімінде,кім?
-Келмей жатып ақ ненің ауыр,ненің жеңіл екенін де біліп алапсың ғой.Ештеңе етпейді,бірер ай қиналсақ қиналармыз,сонан соң екеуміз орған дерменемізді Арысқа апарып жеткізіп,ақшаны уыс-уыс қып ап қайтамыз.
-Бұл кісі дермене ұрлап келді ме?
-Бұл әтәңәләлеттерге бала не керек десеңші!
-Аптауыздың тоқтайтын жеріне барып жатайық.Ертеңгісін бірінші жүргеніне мініп етерміз.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ жауап.
1.Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді? (тауып оқу)
2.Обал,сауап,адал,арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?
3. Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
жеңудің бәрі жеңіс пе?
ІІІ.Бағалау
ІҮ.Үй тапсырмасы: «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Пішка
Просмотров: 4198 | Загрузок: 324 | Рейтинг: 3.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 8:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru