Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тақырыбы: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы»
2014-01-23, 3:53 PM
Тақырыбы: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы»

Орындаған: Джилкибаева М. Б.
Жұмыс орны: Осакаров ауданы,
№ 25 ОМ
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Қарағанды-2013
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік – оқушыларды Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
Дамытушылық – оқушылардың ізденімпаздық, байқампаздық қасиетін қалыптастыру, тапқырлыққа, ой еркіндігіне, зерделікке баулу, өз ойларын айта білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік – оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Еңбек етуге, туған елін, Отаның сүюге баулу.
Міндетті: қазақ халқының ұлы адамдары туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, ойландыру, іздендіру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекті құралдар:
1) Шоқан портреті, Шоқан суреттері;
2) Ұлы ғалым тулралы жазылған ой-пікірлер.
Жоспар:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Шоқанның өмір жолдары
3. Шоқанның жастық шағы
4. Шоқанның мансабы
5. Шоқанның ғылыми қызметі
6. Шоқан бейнесі көркем әдебиет шығармаларында

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
– «XIX ғасырдың өзінде орыс ғалымдарынан жоғары бағасын алып, «шығысты зерттеу әлемінің аспанынан аққан жұлдыздай өте шыққан» Шоқан XXI ғасырда да ғылым үшін маңыдылығын мысқалдай да кеміткен жоқ. Өз халқы үшін оның ағартушылығы мен этнографтығы, ауыз әдебиетін жинған еңбегі – тағы бір төбе. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында халқына мол мұра қалдырды.
Шоқанның 175 жылдық мерейтойы еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төр ағалық етумен тұспатұс келді. Былтырғы жыл бүкіл жұртымыз үшін ұлы ғалым, этнограф, фольклоршы, саяхатшы, және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуымен есте қалады.
Классик жазушымыз Ғабит Мүсірепов «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!» – деген болатын.
Бұл барша қазақстандықтардың мерейін өсіректін баға ретінде тандық ғылымның әлемге танылуына септік жасайды.

2. Шоқанның өмір жолдары (1 топ)
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Шын аты-Мўхаммедханафия, јжесініѕ бала кїнінде «Шоќаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоќан» аталып кеткен. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арєы атасы-ќазаќтыѕ ўлы ханы –Абылай, Шоќан оныѕ шґбересі. Ґз атасы Ујли де хан болєан. Ал јкесі Шыѕєыс Ќазаќстанда хандыќ жїйе жойылып, аєа сўлтандыќтыѕ енгізілуіне байланысты, аєа сўлтан лауазымын иеленген.
Денсаулығы нашарлап ол еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады.
Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шағарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстын шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.
1958 жылы Уәлихановтың Алтынмелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылады. Кауфман қойғызған мәрмәр тас соның қабырғасына өріліп жымдастырылады.

3. Шоқонның жастық шағы (2 топ)
Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Ол негізінен портрет, пейжаз жјне халыќтыѕ тўрмыс-салтын бейнелеумен айналысќан. Одан 150-дей сурет ќалєан. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды», - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен.
Костылецкий арқалы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді Потанин.
Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған. «...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе сықылды болды», - дейді Г.Н.Потанин.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын 18 жасында бітіреді. Ол Омбыда әскери қызметқе қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқаратын генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Екінші жағынан Батыс-Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Қызметте Шоқан бюрократтық...мансапқор чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді. Бұл туралы достарына – М.Ф.Достоевский, А.Н.Майков, В.Курочкин, К.К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, тұған халқына пайдасы тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.
Ш.Уәлиханов адъютанттық қызмет атқара жүріп Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге белсене араласады.

4. Шоқанның мансабы (3 топ)
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.
1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.
1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстыққөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы зерттеледі. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен суреттеген. Орыс достары оны «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі» деп атаған.
Шоқан қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарын аса құнды туындылар ретінде бағалаған. Шоқан «Манасты» даланың «Иллиадасы» тәрізді десе, «Семетей» жырын «Манастың» жалғасы. Бұл – қырғыздың «Одиссеясы» деген. «Манасты» бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан.
П.П.Семенов-Тян-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.
1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүние жүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.
Ш. Уәлихановтың Қашғар экспедициясының нәтижелелері өте маңызды болды. Олар ғалымдардың орасан зор қызығушылығын туғызды.
Шоқан Қашғардан «Тазкирян Сұлтан Сутуқ Боғра хан» (Сұтұқ Бұғрахан тарихы), «Тазкирян Туғлуқ Темір хан» (Туғлуқ Темір хан тарихы), «Тазкирян Ходжаган» (Қожалар тарихы), «Абумүслим Маурузи» және басқа да сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын, сонымен қатар, тау жыныстарының коллекциясын, нефрит үлгілерін, гербарий, нумизматика ескерткіштерін және т. б. алып келді.

Шоқан өмірімен ғылыми творчестволық қызметінің аса елеулі кезеңі – оның 1859 жылдың аяғында Петербургте болуы еді. Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты.

5. Шоқанның ғылыми қызметі (4 топ)
Қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы Ш. Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған еңбектер жазып үлгерді. Ол терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым еді. Деректі материалдардың кең қамтылуы, қаралатын мәселелердің кеңдігі, көптеген шешімдердің негізділігі қазіргі зерттеушілерді дереккөздердің біркелкілігі ретінде оның еңбектеріне көңіл бөлуде ерекше жігерлендірді. Ш. Уәлихановтың шығармаларынан нақты қорытынды және өзі жүргізген зерттеулерді де, ертеде өткен, халық зердесінде сақталған мәліметтерді таба аламыз. Халықтық дәстүрлер мен аңыз-әңгімелерді, көптеген деректі материалдарды білу оған Қазақстан тарихының ең қасіретті кезеңде кең көлемде және терең зерттеуге мүмкіндік берді*131.
Өзінің ғылыми қызметін Ш. Уәлиханов кадет корпусында оқып жүрген кезде-ақ бастаған болатын. Шығыстанушы И. Н. Березиннің еңбектеріне қызығушылық білдіріп, Ш. Уәлиханов онымен хат жазысып және оның тапсыруымен қазақ тілі саласы бойынша біраз ізденіс жасады. Ш. Уәлиханов сонымен бірге, И. Н. Березиннің «Хан жарлықтары» еңбегіне сын-пікір жазды, ол оның тұңғыш ғылыми еңбегі болды. Қадырғали Жалайырдың «Джами'ат-тауарихынан» көп нәрселер алып, алғаш рет оның негізгі тарауларын орыс тіліне аударып, түсініктер беріп, аудармаға қосымша шығыс терминдерінің сөздігін жасады. Ол «Шейбани-наме» мен «Шежіре-и-түрктің» (И. Н. Березин басылымы) көптеген жерлерін жазып алып, солардың негізінде теориялық жағынан маңызды «Қырғыздың шежіресі» атты еңбегін жазды.
«Джами'ат-тауарихты» Уәлиханов сирек ұшырасатын тарихи шығарма, XV, XVI ғасырлардағы қазақтың тарихи аңыздар жинағы ретінде бағалады. «Қырғыздың шығу тегі туралы аңыздар, - деп жазды ол, - Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан қырғыз жазған «Джами' ат-тауарих» пен «Шейбани-намеде» айтылған жайлармен дәлелденеді».
Осыдан бұрын айтылып өткендей, Ш. Уәлиханов бірнеше шығыстық және еуропалық тілдерді жақсы білді. Соның арқасында ол көне дереккөздерді түпнұсқада оқуға мүмкіндік алды. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының географиясына, тарихына қатысты материалдардың орыс тіліндегісінен басқа, барлық еуропалық және шығыстық дереккөздермен де қиналмай таныса алды. Ол ұзақ та мұқият қарастырған парсы, араб, түрік тілдеріндегі дереккөздер оған жақсы таныс болды. Кейіннен Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде пайдаланған белгілі «Бабырнама», «Тарих и Рашиди», «Тазкира и Ходжаған» (Қожалар тарихы) деректерін зерттеді.
1854 жылы К. К. Гутковскийдің экспедициясына қатысқан Ш. Уәлиханов Қапал бекінісіне келіп, осы арада Ұлы жүз қазақтарының аңыз-әңгімелерін жазып алды. Одан бұрын ол Орталық Қазақстандағы Ботағай (Нұра өзенінде), Жұбан ана, Айтболат (Сарысу өзенінде) сәулет ескерткіштерін зерттеген болатын.
Ғылыми салада Ш. Уәлиханов үшін 1856-1858 жылдар аса жемісті болды. Жетісу өлкесінде ол көне Алматы, Қойлық, Алмалық қалашықтарын зерттеп, көне тиын ақшалар коллекциясын жинады, Таңбалы тас (Іле өзенінде), Шолақтаудағы және Жоңғар қақпасы маңындағы тасқа қашалған суреттерді, Ыстықкөлдің солтүстік жағасы мен Аягөз өзеніндегі балбал тастардың түр-кескінін қағазға түсіреді.
Оның Ыстықкөл, Құлжа, Қашғар сапарларында жазған тамаша күнделіктері, «Көкетай ханның өлімі», «Оңтүстік Сібір тайпалары-ның тарихы туралы ескертпелер» (№1 жазба) осы кезеңге жатады.
Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи-географиялық шолу түріндегі - «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышар немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының хал-жайы туралы», (Кіші Бұхара) еңбектері үлкен қызығушылық туғызады.

6. Шоқан бейнесі көркем әдебиет шығармаларында (әр топтан)
а) С. Бегалин «Шоқан асулары» повесінен үзінді
ә) Ә. Марғұлан «Шоқан»
б) С. Мұқанов «Шоқан Уалиханов» пьеса
в) Шоқан туралы өлеңдері

IV. Қорытындылау:
«Шоқан ұлы ғалым» - сөзжұмбағы арқылы қорытындылады.
1. Шоқанның әкесінің аты кім?
2. Шоқанның білім алған қаласы?
3. Шоқанның туған өлкесі?
4. Шоқанның әжесі?
5. Шоқанның әкесі?
6. Шоқанның қайтыс болған жері?
7. Зерттеген лиро-эпостық поэмасы?

V. Үйге тапсырма
Кроссворд құрырастыру
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: maral2111 | Теги: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, қазақтың ұлы ғалымы
Просмотров: 1316 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 11:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru