Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (19.3 Kb) ] | 2014-01-28, 1:28 PM |
Павлодар қаласы №13 жалпы орта білім беру мектебі Ашық сабақ жоспары Пән - қазақ тілі Сынып: 8 Тақырып: Қызылорда – Орал қалалары Мұғалім: Аушенова Салтанат Ерболатқызы Павлодар – 2014ж. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік – мәдени аяның «Қызылорда және Орал қалалары» тақырыбы Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімін тілдік танымдық, мәдениет танымдық, ұлттық - әлеуметтік тұрғыдан тереңдетіп қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру; 2. Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушылардың өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру; 3. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу, алған білімдерін кез келген жағдаяттарда қолдана білу дағдыларын дамыту; Сабақтың түрі: жаңа тақырып Сабақ әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының Блум таксонометриясы, Күнделік, Синквейн әдістері. Оқыту құралдары: бейнеролик, кестелер, плакаттар, тест Оқыту формасы: жеке тұлғалық, жұппен, топпен жұмыс жасау Сабақтың құрылымы: Ой қозғау, ойландыру, рефлексия Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2. Сабаққа баулу ІІ. Тақырыпқа шығу – «Қызылорда және Орал қалаларына» байланысты слайд 1. Слайд арқылы тақырыпты балалар анықтайды 2. Әр балаға кесте таратылады Білемін Білгім келеді Білдім 3. Алдымен 1-ші баған толтырылады. 4. 2-ші баған толтырғаннан кейін сабақтың мақсаты мен міндеттерін балалар анықтайды. 5. Сыныпты топқа бөлу: тарихшылар, саяхатшылар, географтар. Әр топтың алдына мақсат қойылады. ІІІ. Мәтінмен жұмыс 1. Әр балаға мәтін таратылады. 2. Мәтінді оқи отырып, дәптерге маңыздысын түртіп алу («Бортовой журнал») 3. Өз жазғанын топпен салыстырып, дұрыстығын анықтап, барлық мәліметті плакатқа коллаж ретінде рәсімдеу. 4. Әр топ тақтаның алдында өз коллажын қорғайды. ІҮ. Грамматикалық тапсырма 1. Сабақтың тақырыбына назар аудару, сөзді сөз құрамына бөлу. 2. Түбір сөздің құрылымына тоқталып, қайталау. 3. Карточкамен жұмыс. Әр балаға карточка таратылады, оны орындап болғаннан соң, қасындағы оқушымен алмасып, бір-бірін тексереді. Ү. Бекіту кезеңі 1. Әр балаға тест беріледі, 1 минут ішінде орындап, қасындағы оқушымен алмасады, тақтада алдын ала ілулі тұрған тест кілттерімен салыстырып, тиісті бағасын қояды. ҮІ. Қорытынды. «5-жолды өлең» ҮІІ. Үй тапсырмасын беру. 99-б, 3-тапсырма | |
Просмотров: 3549 | Загрузок: 135 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|