Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (46.0 Kb) ] | 2014-01-28, 9:40 PM |
6 сынып. Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: « Ұлттық валюта» Сабақтың мақсаты Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, грамматикалық мәліметтерді қолдануын ұйымдастыру Міндеттері: Білімділік : тақырып бойынша граматикалық тапсырмаларды орындау Дамытушылық : оқушылардың есте сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту Тәрбиелік : оқушылардың ұқыптылығын, әдептілігін тәрбиелеу _ Сабақтың әдіс-тәсілдері : сөздік жұмысы, мәтінді талдау, жазу Әдістемелік мәселені қарастыру: оқушылардың сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту Көрнекіліктер : слайдтар, суреттер, тапсырмалар парақтары Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу . Кезекшінің есебі. Үй тапсырмасын сұрау Септік жалғауларын қайталау. Жаңа сабақты түсіндіру Қызығушылығын ояту. Слайдтар арқылы ақша тарихымен таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. 1 . Мәтінді бөліп оқу, түсінгенін білдіріп отыру. Ұлттық валюта – теңге 1-топ. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. 2-топ. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. 3-топ. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. «Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. 2. Сөздік. Айрықша белгісі – отличительный знак Төлем – плата Құрал – средство Қазына – богатство Арнаулы – специальный Жарлығымен – по указу Құпия қорғанысы – секретная защита Дербес ел – суверенное государство Билік – власть Даму көзі – источник развития Деңгей – уровень Қамтамасыз ететін – обеспечивающий Үнемді – экономно Тәуелді болу – быть зависимым Құнды қағаздар – ценные бумаги Несие беру – давать кредит Қаржы мекемесі – финансовое учреждение Ақшаны жинау – копить деньги 3. Мағынаны ажырату. Сұрақтарға жауап беру Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? Теңгеде кім бейнеленген? Ақша қандай қызмет атқарады? Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай? Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған? Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? Қайдан несие алуға болады? Ақшаны қайда жинауға болады? Ұлттық валюта ненің белгісі? Ұлттық валюта дегеніміз не? Теңге немен безендірілген? Теңгеде қандай суреттер салынған? Қазақ теңгесі қайда басылды? 4. Мазмұнын анықтау 1-тапсырма Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар дұрыс бұрыс 1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді. 2 Ақша – халық байлығы. 3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар. 4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі? 5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков. 6 Тиыннан теңге құралады. 7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді. 2-тапсырма Дұрыс - бұрыс 1. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы. 2. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты. 3. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған. 4. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған. 5. Бесжолдық өлең. (үлгі) Теңге ( тақырып, 1 сөз) Құнды, сиқырлы (екі сын есім) Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз) Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз) Қазына.( синоним, 1 сөз) 6. Үй тапсырмасы Шағын шығарма 1. Егер сенің ақшаң көп болса, не істер едің? 2. Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба? 3. Ақшаны көп табу үшін не істеу керек? 7. Қорытындылау, бағалау. . | |
Просмотров: 6134 | Загрузок: 294 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|