Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі, 9-сынып Сабақтың тақырыбы: Мұражайлар тарихынан
[ Скачать с сервера (44.5 Kb) ] 2014-01-28, 10:26 PM
Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұражайлар тарихынан
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мұражай туралы түсініктеме беру, мұражайлар тарихынан мәліметтермен таныстыру, тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс жүргізу
Дамытушылық : оқушылардың ой -өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: еліміздің тарихын , мәдени құндылықтарын сақтап, құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ.
1) Жаңа сөздермен , сөз тіркестерімен танысып, сөйлемдер құрандар.
Сөздік: мұражай, ескерткіш, мәдени құндылықтар, мұралар, негізгі бағыттар, өнер туындылары, сақтау, жинақтау.
2) Мәтін құру. Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
3) Тірек сызбалар арқылы әңгіме құру
Мұражай

ескерткіштерді өнер туындыларын мәдени құндылықтарын мұраларды

Мұражай топтары

тарихи көркемөнер жаратылыстану техникалық кешенді мемориалды

тарихи көркемөнер
жалпы тарих көркемөнер
археологиялық мүсін
антропологиялық қолөнер
этнографиялық театр, музыка

жаратылыстану техникалық
биологиялық авиация
зоологиялық автокөлік
геологиялық кеме жасау
өнеркәсіп
өндіріс өкілдері

кешенді мемориалды
шаруашылық мемлекетке
жаратылыстану өнерге
өлкетану әдебиетке
ғылымға еңбегі сіңген белгілі
адамдардың жеке өмірі мен қызметіне арналған

4)Мұражай ісінің негізгі бағыттары: мұраларды жинау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру.
5)Мұражай жұмыстары: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару.
6) Диалог бойынша сөйлесу
- Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе?
- Иә. Алғашқы мұражай бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени құндылықтарды сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан.
- Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
- Көне замандағы коллекциялар.
- Ал коллекция ісімен кім айналысқан?
- Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь.
- Еуропада мұражайлар қашан пайда болды?
- Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды.
- Алғашқы мұражайлардың қандай түрлері ашылған?
- 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.
- Ал Қазақстанда мұражай тарихы қашаннан басталады?
- 1830 жылдан басталды.
- Рақмет, бүгін мұражайлар туралы көп мәлімет алдым.
7) Мәтінді тыңдап, аудару. Қазақстандағы мұражай тарихы
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде.
III. Қорытынды жасау
IV. Үйге тапсырма. Диалогты жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: lastochka
Просмотров: 12155 | Загрузок: 601 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-04, 9:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru