Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-01-29, 9:47 AM | |
Аты-жөні: Тасмагамбетова Алла Әшкенқызы Жұмыс орны: КММ «Нежинка орта мектебі» Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Білімі: жоғары Еңбек өтілі:32 ж Пән бойынша: 18 ж Санаты: 2 Әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту жолдары» Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты- адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану,оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан- дүниесінің баюына,шығармашылық еркіндігі мен белсенділігін қалыптасуына жағдай жасау,мүмкіндік беру. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу- қазіргі таңның басты мәселесі.Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгіземін. Қазір технологиялардың түрлері өте көп: 1-Слайд: 1.М..Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», 2.Ж.Қараевтің «Дамыту оқыту технологиясы»; 3. А.Тихомировтың «Ойын технологиясы», 4.Ақпараттық технология; 5.Деңгейлеп оқыту технологиясы; 6.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Әр сабақта менің алға қойған мақсатым:осы технологиялардың тиімді тәсілдерін қолдана отырып,қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып,сөз тіркесін,сөйлем құрау,сөйлем арқылы өз ойын басқаға жеткізу,түсіну және оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жұмысымда ауызша сөйлеу мен жазбаша тілінің принциптерін тығыз байланыстырып,басты орын алады деп ойлаймын. Сонымен,оқушылардың сөйлеу,ауызекі сөйлеу әрекеттерін қалай дамытамын? Оның екі формасына сүйеніп: ауызша және жазбаша әдістерін күнделікті жұмысымда кең қолданылуға тырысамын . 2-Слайд: Ауызша Жазбаша Мәтінмен жұмыс Диктант жазу Сөздікпен жұмыс Мазмұндама жазу Диалог ,монолог Шығарма ,эссе жазу Сұрақ-жауап Жаттығулар орындау Суретпен жұмыс Суретпен жұмыс Мақал-мәтелдер,өлеңдер жаттау Тест өткізу Қазақ тілін үйрену , лексикалық және грамматикалық тақырыпты меңгеру –күрделі жұмыс.Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету-қиын да қызық жұмыс. Осы қиындықтарды жеңілдету үшін және оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын ояту мақсатымен өз шығармамның кейбіреуін күнделікті сабаққа пайдалану нәтиже беретініне деп ойлаймын. Оқушылардың сөйлеу,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатымен өз тәжірибемде қай сынып болсын сабақты тілдік жаттығудан бастаймын.Тілдік жаттығулар: әр тақырыпқа қарай балалардың арасында ауызекі сөйлесуді сөйлеткізіп, жанылтпаш немесе бір шумақ өлең,не болмаса санамақ ,не әріпке байланысты тақпақ,шағын диалог .Мұндай тілдік жаттығу:біріншіден, сөздерді дұрыс айтуды меңгертеді,екіншіден, оқушы сабақта сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасайды және оқушылардың сөздік қорын молайтады,ойлау,есте сақтау қабілетін дамытады.. Оқушы сөйлеуді жақсы меңгерсе,өз ойын жазбаша да жеткізе алады деп ойлаймын,ал оны жеткізу үшін дұрыс,қатесіз ,тыныс белгісін сөйлем интонациясына қарай қоюды үйретіп отырамын. Сабақта үнемі ауызекі сөйлесуді қолданамын.Бұл жұмыстарды қолдану лексика-грамматикалық материалдарды белсенді түрде бекітуге,ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.Сабақта тілдік,даярлық сөйлесу жаттығуларын жиі қолданып тұрамын.Бұл жаттығулар қарым-қатынас жасауға бағытталады,сұраққа дұрыс жауап беру,сұрақты дұрыс қоя білу,сөйлем үлгілерін дұрыс пайдалана білу,ситуациялық жағдайларда сөйлесе білу. Мысалы, осыған байланысты «Көшеде», «Қалада», «Ауруханада» деген тақырыптарға ауызекі сөйлесуді ұйымдастырып, бір жағдаят туғызып,балалар өзара сөйлесіп тұрады Оқушылардың ауызекі сөйлеу әрекеттерін дамыту мақсатымен өз сабақтарымда жоғарыдағы берілген сызба бойынша модульдік технологияны пайдаланып отырамын.Ең бірінші сабақта модульдің тақырыбымен таныстырып,сөздік жұмысымын өткіземін және сөздің тура және ауыспалы мағыналарымен таныстыра отырып, екі тілде жеке-жеке және хормен жалпылама оқытамын. Ал мәтінде берілген әңгімені төмендегі әдіспен оқытамын: 3-слайд: 1.Тізбектеп оқу 2.Бөлімге бөліп оқу 3.Жеке түгел оқу 4.Бірін-бірі оқыту 5.Оқып,түсінігін айту,аудару 5.Сұрақ-жауап 6.Мәтін бойынша диалог құру Кез келген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір қалыпта,бір орында тұрмайтыны бәрімізге белгілі. Тәжірибемді әрдайым жетілдіріп,жаңартып отырамын. Тиімді технологияның бірі- деңгейлеп оқыту технологиясы.Бұл әдіс бойынша әр оқушы өзінің біліміне сәйкес тапсырмаларды алып,орындайды.Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Мысалы, қызыл,жасыл,сары түсті кеспелерге қызықтыру үшін «Ертегілер елінде» деген атпен үш кейікпердің (Алдар көсе,Тазша бала,Қаңбақ шал) салынған суреттеріне деңгейлік тапсырмаларды жазып,оқушыларға ұсынамын.Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап алады және келесі жолы барлық тапсымаларды орындауға қызығып тырысады. Мысалы: 1-деңгей: Төмендегі жұрнақтарды қосып,сын есім жаса. Мағынасына көңіл аудар: -ғы,-гі,қы,-кі,-шы,-ші , күзгі жапырақ. 2-деңгей: Бос тор көзге берілген сөз бен әріп саны бірдей қарсы мәндес сөздер тауып жаз. 3-деңгей: Сын есімнің түрлерімен (негізгі, туынды,дара,күрделі) қатыстырып,өз айналаңдағы бір адамның ,досыңның не туысыңның сөзбен портретін жаса. Сабақта қолданылатын әдістерінің бірі-жеке суреттерімен жұмыс оқушылардың сөздік қорын молайтады, сөйлеу,ауызекі сөйлесу, еркін әңгіме құрауға ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды.Сурет арқылы жаңа сөздерімен таныстырамын ,осы сөздерді пайдаланып сөз тіркесін,сөйлем құрастыруға үйретемін.Суретті сөзді қайталап айту жолымен оқушының есінде қалдыру.Мысалы: «Төрт түлік» деген тақырыпты өткенде магниттік тақтаны пайдаланып «Түйе-бота, бие-құлын,сиыр-бұзау,ешкі-лақ,қой-қозы» суреттерін немесе интерактивтік тақтада көрсете отырып,суреттер бойынша сұрақтар қойып оларды сөйлетуге ,нақыл сөздерді үйретуге,логикалық ойлауға ,сөйлеу ,ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырамын. Ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытамын,әр баланың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырамын,сабаққа зейінін аударамын,адамгершілік қасиеттерін,білімге құштарлығын арттырамын. Сабақта оқушылармен «Заттың атын ата», «Кім көп сөз табады», «Аудармашы», «Дүкенде»,«Тапқыштар»» «Сиқырлы қоржын» сияқты ойындарды жиі өткізіп тұрамын.Тіл үйретуде бұл ойындарды әр сабақта тиімді қолдану жақсы нәтижелерге жеткізу сөзсіз және осы ойындар арқылы өтілген сабақты бекітуге болады. Септіктерді қайталау тақырыбында 5-сыныпта «Асық» ойынын ойната отырып, сіріңке қораптарын,асық пен қоржынды пайдаланып,шағын көрініс көрсетуге болады. Сонымен,қорыта айтқанда, мен өз шәкірттерімнің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етемін.Оқушыларымның өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім,біліктілік ,дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау-біздің ұстаздық міндетіміз. Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. 1-СЛАЙД ҰБТ дегеніміз-мемлекеттің,қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және бақылау үшін жасалған тапсырмалар жүйесі болып табылады. 2-Слайд Ұлттық Бірыңғай Тестіге сапалық дайындық ұйымдастыру арқылы оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру,оның сапасын және орта ұпайын жоғарылату. МІНДЕТТЕРІ: 1.Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құрастыру. 2. Ортақ талдаулар,түзету жұмыстары Осы міндеттерді орындау үшін қазақ тілінің барлық салаларына арналған жұмыс жоспарын құрастырдым. Оқушыларды екі топқа бөлдім. Мысалы, 20 ұпай алып тұратын балалар 1- топқа енгізілді, 2-топқа 20 ұпайға дейін алатын оқушылар кірді . Жыл бойы жоспарға сүйене отырып ,әр оқушы анықтама грамматикалық дәптерін жасады. Бұл дәптер фонетика саласынан басталады. Әр сала бойынша тест жұмыстары жүргізілді.Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс,ортақ талдаулар,түзету жұмыстарын жүргізіп отырдым. Апта сайын тест жинақтарымен жұмыс,жекелей,қосымша жұмыс,электрондық тесттермен жұмыс болды. Тақырып бойынша бақылау тестілері,мониторинг,қатемен жұмыс парағын жүргіздім. Осы еңбек еткен жылдары оқушыларым ҰБТ кезінде жетістіктерге жетті. Сол жетістіктердің салыстырмалы түрде көрсеткіші осындай: 3-Слайд: БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ: 2010-2011 о.ж білім сапасы 100 пайыз болды . 2012-2013 о.ж білім сапасы 100 пайыз болды. 4-слайд: 2010-2011 о.ж. Орта балы 20 болды 2012-2013 о.ж. Орта балы 21 балл болды 5-слайд: Оқу жылдары Оқушының саны «5» «4» «3» Білім сапасы 2010-11 о.ж. 8 7 1 - 100% 2012-2013 о.ж 6 6 - - 100% Өз тәжірибеме сүйене отырып,қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға даярлауда болатын мынадай кедергілерді айтқым келеді: 6 слайд: 1.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын таба алмай жатады. 2.Сұрақты дұрыс түсінбейді. 3.Кейбір оқушылардың сөздік қорының аздығынан синонимдерді,антонимдерді ,омонимдерді таба алмай жатады. 4.Құрмалас сөйлем түрлерін шатастырады. 5.Септеулік пен демеулік шылауларды ажырата алмайды. Биыл 11-сыныптың 6 оқушысы ҰБТ-ға қатысты. Жыл бойы оқушыларымның көрсеткіштері жоғары деңгейде болды:орташа балы 20-21%-дан кем болған жоқ. Ал маусымның 4-інде қорытынды аттестациялау тапсырғанда, оқушыларым жыл бойы алған нәтижелерін дәлелдеді . Ең жоғары ұпай – 24 , ең төменгі -20 ұпай, орташа ұпайы – 22-23 болды. Аудан бойынша оқушыларым қазақ тілі пәнінен екінші орынға шықты – 21 пайызымен, Дружба орта мектебінен кейін ,олардың көрсеткіштері -22 %. Қорыта келгенде ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік-мемлекетті басқаратын жастар қазір біздің алдымызда отыр, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру,біліктілігін арттыру,болашаққа жол ашу біздің қолымызда тұрғанын сезініп,тек ерінбей еңбек ету,іздену,шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсінемін. ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ! | |
Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|