Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (15.1 Kb) ] | 2014-01-29, 3:14 PM |
Сабақтың тақырыбы: Спортшы Бейбіт.Сөйлем түрлері Мақсаты: 1.Мәтінді оқыта отырып,мазмұнын айтқызу 2.Оқушылардың өзіндік ізденісін,ойлау кабілетін дамыту 3.Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,денешынықтыруға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың жабдығы: интерактивтік тақта Сабақтың әдіс тәсілдері: Сын тұрғысынан технологиясының элементтері,ұжымдық талдау. Пәнаралық байланыс: әдебиет,денешынықтыру,еңбек Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Шеңберге тұрып,мына жүрек арқылы біз бір- бірімізге қошемет сөздер айтып көңіл куйімізді көтереміз.(Жанель сен әдемісің...) 2.Үй тапсырасын тексеру Өз мектебің туралы әңгімеле 3.Сабақтың мақсатын,барысын айту Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы Спортшы Бейбіт,грамматикалық тақырыбы Сөйлем түрлері 4.Жаңа сабақ Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалған тиянақты ойды сөйлем дейміз.Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы,сұраулы,лепті,бұйрықты болып бөлінеді. Мысалы: 5.Тапсырмалар орындау 1)Сөздік жұмыс(интерактивтік тақтада жазылған сөздерді оқушылар кезекпен оқиды) 2)Мәтінмен жұмыс(мәтіннің 1-і бөлігі бірінші топқа,2-і бөлігі екіншітопқа беріледі. Топтар өз бетінше оқиды,аударады,тапсырмалар орындайды) 1-топ А)Мәтінге сүйене отырып 1хабарлы,1лепті сөйлем құрастырыңдар Ә)Сұрақтарға жауап беріңдер 1.Бейбіт неге намыстанатын? 2.Оның арманы қандай еді? 3.Спортпен айналысу Бейбіт үшін қандай әдетке айналды? Б)Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар Балалардың,оқушылардың,ағалары 2-топ А)Мәтінге сүйене отырып 1сұраулы,1бұйрықты сөйлем құрастырыңдар Ә)Сұрақтарға жауап беріңдер 1.Ағалары оған не орнатып берді? 2.Ол қалай өзгерді? 3.Кімдер бокс уйірмесіне қатысатын болды? Б)Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар Сыныпқа,жылдың,бетінен Қазақстанның олимпиада чемпиондары туралы презентация көрсету. 3)Олай болса балалар біздің арамызда да біздің қаланың намысын ұстап, Қазақстанның қалаларына жарыстарға барып жүлделі орын алып жүрген спортшылар бар. Оларды ортаға шақырайық: Баженов Артур,Рейзь Данил және Корчуков Аким.Жас спортшылармен «Сұхбаттасу» ойынын ойнаймыз. (Балалар айналысатын спорт түрлері бойынша сұрақтар қояды,споршылар жауап береді) Сергіту сәті (Қазақстанның олимпиада чемпиондары бейнетаспа қарау) 5)Топпен жұмыс *Спорт түрлері бойынша өз білімімізді тиянақтау үшін келесі тапсырмаларды орындайық *Мына анимациялық суреттерді пайдаланып,спорттың түрлеріне байланысты 3 сөйлем құрастырыңыздар. 6)Бес жолды өлең шығару 6.Бекіту (тест арқылы) 7.Қорытындылау. Балалар біз сабағымызды жүрек арқылы бір-бірімізге жылы сөздер айтып бастадық,енді сабағымызды аяқтау ушін де мына жүрекке өткен сабақ туралы жылы сөздер жазып жапсырайық Бағалау.Таратылған жетондар саналып баға қойылады 8.Үйге тапсырма беру | |
Просмотров: 2069 | Загрузок: 120 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|