Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2014-01-30, 11:44 AM | |
Эссе. Ұстаздық ұстанымым - «Не ексең, соны орасың» Ақмола облысы Атбасар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Шахарова Әлия Балғашқызы Ұстаздық – менің жүрек қалауым. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп, М.Ғабдуллин айтқандай, менің мұғалімдік мамандықты таңдауыма әсер еткен – менің ұстаздарым. Қостанай облысы Арқалық ауданы Қайыңды орта мектебінде білім берген ұстаздарым Әбділдин Нақан, Қоңқышев Наурызбай ағайлар, Жиенбаева Камал Өсербайқызы – өз пәндерінің нағыз білгірлері еді. Арқалық педагогикалық институтында оқып жүргенде профессор, этнограф Сейіт Кенжеахметов, ғалым Мекемтас Мырзахметовтердің дәрістерін ұйып тыңдайтынбыз. Олардың тәлім-тәрбиеге толы әр айтқан сөздері, сабақ берудегі шебер әдістемелері жадымда жатталып қалды. Кей кездері сабақта сол кісілердің айтқан сөздері, тақырыпты түсіндіргенде қолданған тәсілдері, мысалдары есіме түседі, өз тәжірибемде де қолданамын. «Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып...» деген осы! Міне, бала санасына терең де мазмұнды білім сіңіре білген ұстаз деп осыны айт! Ұстаздық мамандықты жақсы көріп, сүйіп, таңдап алған болсаң, оның қуанышы да, бақыты да зор. Менің ұстаздық тәжірибемнен түйгенім – өзіңнің алған білімің өте тиянақты, жан-жақты болуы қажет. Одан бөлек баланың жүрегіне жол таба алатындай мінез керек. Ең бастысы – мұғалім өз бойында өз ісі мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіруі тиіс. Бұл баршаға түсінікті қағида. Елбасы Н.Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деген болатын. Сол себепті де ұстаздар атқаратын істер ауқымды. Сондықтан заман ағымына, талабына сай мұғалім де өзіне талап қоя білуі керек. Ал мен өзіме төменде көрсетілгендей талап қойдым: Менің қандай ұстаз болуым керек? Әмбебап ұстаз Тек сабақ берумен шектелме. Шәкіртке досыңдай, бауырыңдай, өз балаңдай қара. Көмектес: тек қана өз пәніңнен емес, басқа да пәндер бойынша қолыңнан келген көмегіңді көрсете біл. Кез келген тақырыпта сұхбаттас. Осы қағида менің «ҰБТ-ге дайындалудағы пәнаралық байланыс» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулық құрастыруыма негіз болды. Бала сенен жаңалық күтеді, танымдық қызығушылығы артады. Сені тыңдауға үйренеді. Сарапшы ұстаз Ата-ана, оқушы сөзі, өтініші, тіпті сыны, қоғамдық пікірлер – жай айтылған сөз емес. Өйткені білім беру – әрбір адам мен отбасыға қатысты мәселе. Сондықтан педагог өз жұмысында қоғамдық пікірге де құлақ асуы қажет. Сараптама жаса. Ой елегінен өткіз. Ұстаз екеніңді, бала тағдыры сенің қолыңда екенін ұмытпа. Өз қызметіңнің оң нәтижесін көргің келе ме? Онда оң шешім қабылда. Түзел. Түзет. Ұстаз-Ата-ана-Шәкірт арасында өзара түсіністік қатынас орнайды. Психолог ұстаз Тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоционалдық көңіл-күйін дұрыс бағалау, психологиялық ерекшеліктерін анықтау керек. Шәкіртің көзіне қарап, көңіліне үңілуіміз қажет. Түсінгендіктің шын белгісі - «ия» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады. Ұлттық ұлағатты ұлықтаушы ұстаз Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері - болашақта дамыған 50 елдің қатарынан орын алған қазағымыздың мәдени, рухани менталитетін танытатын ұрпақ тәрбиелеудегі басты тұлға. «Ұлтым» деген ұл-қыз өседі Белсенді ұстаз Менің ұраным – «Үйренуші де, үйретуші де белсенді болсын» Бала бойында барлық қасиет (жаман да, жақсы да) бар. Тек өскен орта, көрген өнеге, үлгі арқылы сол қасиет дамиды не өшеді. Шәкіртке деген шынайы сүйіспеншілігі мол ұстаз «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр» деген Р.Эмерсонның сөзі ұстаздық ұстанымың болсын. Шәкіртке деген ұстаздың сүйіспеншілігінен шәкірттің ұстазға деген сүйіспеншілігі қалыптасады, сол арқылы пәнге деген қызығушылық артады «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең, соны орасың» дейді қазақ нақылы. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттің ең бастысы екенін ұмытпай, тәуелсіз еліміздің ұлдары өжет, қыздары қайратты, халқы қаһарман екендігімен әрқашан да мақтана алатындай болайық. | |
Просмотров: 2827 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|