Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

11- сынып емтихан билеттеріне жауап
2014-01-30, 10:16 PM
1-билет
1. «Мәдени орындар» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Мәдени орындар
Қарағандыда Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры мен Константин Станиславский атындағы орыс драма театрларында, академиялық музыка театрында халықты таң қалдыратын қойылымдар қойылады.
Ән сүйер қауымға классикалық музыка орындаушы – музыканттар, жеке ән айтушылар, дирижерлер өздерінің авторлық концерттерін «Шалқыма» концерт залында ұсынады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнографиялық саябақ, орталық саябақ, Жауынгер – интернационалистер рухына арналған саябақта қала қонақтарын қашанда қуана қарсы алады. Көрме залында, бейнелеу өнері мұражайында қала тұрғындары мен қонақтарын талантты суретшілермен, мүсіншілермен және Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен таныстырады.
Қарағанды облысының өткен тарихы туралы толық мағлұматты облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алуға болады.

2. «Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазақстанның ірі қалаларын білесің бе?
-Білемін. Алматы, Астана, ... , ...-14
- Саған қай қала ұнайды?
- Маған Астана қаласы ұнайды.
-Ол қандай қала?
-Астана әдемі, жас қала. Онда Үкімет үйі, Парламент үйі, Мемлекеттік мұражай, «Конгресс холл» және «Салтанат» сарайлары, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, «Синема сити» кинотеатры, спорт кешендері, саябақтар бар.
- Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қалада ____ ұлт өкілдері тұрады?
- Олар қалай тұрады?
- Олар өте тату тұрады.
- Бұл қала облыс орталығы ма?
- Иә, облыс орталығы.

3. Берілген сөздерден туынды сөздер жасаңыз.
Ғарыш-ғарышкер, Кітап,кітап+хана, кітап+хана+шы,
Ас, ас+паз, ас+хана оқу, оқу+шы, оқу+лық.

2-билет
1. «Темір жол бекетінде» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Теміржол бекетінде
Мен қызмет бабымен ел ішінде немесе шетелге сапар шекпеймін. Өйткені студентпін. Ата-анама баруым керек. Қазір демалыс уақыты. Олар Қарағанды қаласында тұрады. Қарағандыға ұшақ, пойыз және автобустар барады. Осы жолы пойызға отырдым. Анықтама бюросында:
- Қарағандыға дейін қандай пойыз жүреді?
- Қарағандыға № 9 - пойыз жүреді.
- Қай кассадан билет сатып алуға болады?
- Бесінші кассадан билет сатып алыңыз.
- № 9 пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді?
- Сіздің пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.
Менің қол жүгім ауыр емес. Перронда жүк көтерушілер, жолаушылар көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмын.
-Мынау алтыншы вагон ба?
-Иә, алтыншы вагон,- деді жолсерік.
Мен төсек-орын алып, төменгі орынға орналастым. Жолсеріктен газет-журнал алып, оларды оқуға кірістім. Қарағандыға пойыз бір тәулік жүреді.

2. «Қонақ үйде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Алло, сәлеметсіз бе, бұл «Алатау» қонақ үйі ме?
- Иә, сізді тыңдап тұрмын.
- «Алатау» қонақ үйі қай көшеде орналасқан?
- «Алатау» қонақ үйі Гоголь көшесінде орналасқан.
- Қонақ үйдің бөлмелері қандай?
- «Алатау» қонақ үйінде бір кісілік, екі кісілік және үш кісілік бөлме және люкс орындары бар.
- Сізге қандай бөлме керек?
- Маған ертеңгі күнге бір кісілік бөлме дайындап қоюыңызды сұраймын. Менің аты-жөнім......
- Сізді ертең күтеміз. Сау болыңыз.

3. Сөйлемге қажетті тыныс белгісін қойыңыз.
Астана. Астана - Сарыарқаның төсіндегі гүлденген қала.
Бұрынғы атауы - Ақмола. Астана - мәдени орталық

3-билет
1. «Ұшақпен саяхат» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Ұшақпен саяхат

Мен интитуттан жолдама алып, Қазақстан Республикасының Астана, Алматы қалаларына сапар шектім. Бұл менің үлкен қалаларға бірінші рет саяхат жасауым. Қарағандыдан Алматы қаласына алдын ала бару, қайту билеттерін орталық аэрокассадан алдым.
АН-24 ұшағының 9Ү 755 рейсіне билет алдым. Ұшақ орталық әуежайдан ұшу керек. Ұшақ кешкі сағат сегізде ұшады. Орталық әуежайға екі сағат бұрын келіп жол жүгімді өлшетіп, тіркеуден өттім. Ұшаққа отырғызу басталды. Ұшақта өз орнымызға орналастық. Стюардесса: «Белдіктеріңізді ілгектеңіздер, темекі тартуға болмайды, ұшақ 8000 (сегіз мың) метр биіктікте, сағатына 1000 (бір мың) км жылдамдықпен ұшады», - деп хабарлап жатыр.
Міне ұшып келеміз, ұшақ қонуға бет алды. Стюардесса тағы да Алматы қаласының ауа райы туралы, заттарымызды жол жүгі бөлімінен алатынымызды хабарлап тұр. Алматыдан кейін Астанаға бару керек.

2. «Жарнама» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Барлық іс неден басталады?
- Барлық іс жарнамадан басталады.
- Жарнама жасаудың қарапайым түрі не?
- Баспа өнімдері: каталогтар, газет-журналдар, жарнама парақшалары.
- Жарнама қандай болуы керек?
- Қысқа, мәнді және тұтынушыларды қызықтырып тұруы керек.

3. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Биыл біз мектеп бітіреміз. Оқуға түсуіміз керек.
Биыл біз мектеп бітіреміз, сондықтан оқуға түсуіміз керек.

4-билет
1. «Қазақстанның халықаралық қатынастары» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақстанның халықаралық қатынастары
Қазақстан дүниежүзіндегі барлық елдермен дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп, Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз дамуы үшін кепіл бола алатын дүниежүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды. Бұл орайда БҰҰ, ТМД, Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор.
Қазақстанның қатынастарындағы ең үлкен табысының бірі – 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық жасауы.
ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық үшін күресетін ұйымының қысқарған атауы. Оған Еуропаның, Американың, т.б. құрлық елдерінен 56 мемлекет мүше. ЕҚЫҰ осы аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті, ынтымақтастық экономикасын, адам құқықтарын, демократияны т.б. бүгінгі заман сынақтарының оң шешімін қамтамасыз ету үшін күреседі.

2. «Байланыс түрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Ауылда пошта бар ма?
- Бар.
- Поштаның қандай қызметін қолданасың?
- Газет-журнал сатып аламын.
- Пошта арқылы хат, жеделхат, сәлемдеме жібересің бе?
- Кейде жеделжат жіберемін.
- Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?
- Иә, мен ұялы телефонды пайдаланамын.
- Сен қандай байланыс түрін пайдаланасың?
- Мен Aktiv, ... байланыс түрін пайдаланамын.
- Сенің нөмірің қандай?
- Менің нөмірім 87 ...
- Бұл байланыс түрінің қандай ерекшеліктері бар?
- Aktiv байланыс түрі қалада да, ауылда да сапалы қызмет көрсетеді.
- SMS арқылы сөйлесесің бе?
- Иә, SMS арқылы достарыммен сөйлесемін.
- SMS арқылы сөйлесудің қандай пайдасы бар?
- Біріншіден, сауатты жазуға дағдыланасың, екіншіден, арзан.

3. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.
Ауа райы біресе жылы болады, біресе ... (суық болады) .
Күзде кейде жаңбыр жауады, кейде ... (қар жауады).

5-билет
1. «Ауыл өмірі» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Ауыл өмірі
... Жас шалғын мол, кең қоныс – Барлыбайда отырған Абай ауылы. Мұнда бүгін үлкен әбігер бар. Ақ үйлер мен отаулар, қонақ үй арасында асығып басып жүргендер көп. Көрпе, жастық, тегене, тостаған, самаурын тасыған жас әйелдер мен еркектер. Таза көйлек, камзол киіп, кимешек тартқан келіншектер мен үкілі бөріктері бар қыздардың ажарында мереке күн белгісі сезіледі. Әлденеге қуанып, шулап жүгіріскен үлкенді-кішілі балалар да таза киім киген. Оларды оқудан да босатқан күн сияқты.
Тазаланған кілем, түскиіз, алаша, текемет, жаңа сырмақтар көрінеді. Бұлар Абай үйлерінің айналасын ерекше әшекейлеп тұр. Күміс қарғылы екі сары тазы да үйлер арасында секіріп ойнап, әсем көрініс береді. (М.Әуезов)

2. «Ауылға қатысты мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз

- Сен қайда тұрасың?
- Мен Көксу ауылында тұрамын.
- Ауылда не бар?
- Мектеп, кітапхана, асхана, дүкендер және мәдениет үйі бар.
- Ауылда қандай шаруашылықпен айналысады?
- Ауылдың негізгі бағыты – көкөніс, егін егу және мал өсіру.
- Ауылда жұмыс істеу үшін қандай мамандықтар керек?
- Мұғалімдер, дүкеншілер, механизаторлар, агроном, мәдениет қызметкерлері керек.
3. Берілген сөйлемнен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
Сабақ ерте басталды. Мен кешігіп келдім.
Сабақ ерте басталды, сондықтан мен кешігіп келдім.

6-билет
1. «Қазақстанның білім ошақтары» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақстанның білім ошағы
Әбу Насыр әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамыздың ең ірі жоғары оқу орны.
Университет 1934 жылы құрылған. 1993 жылы қаңтар айынан бастап Ұлттық университет деп аталады. Бұл университетте 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындайды. Онда мынадай факультеттер бар: филология, журналистика, заң, тарих, философия және саясаттану, биология, география, шығыстану, экономика, математика, механика және қолданбалы математика, физика, химия, физиология.
Оқу орны орналасқан жер «Университет қалашығы» деп аталады. Қалашықта әкімшілік ғимараты, оқу ғимараттары, Студенттер сарайы, жатақханалар бар.
Ұлттық университетімізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген студенттер мен аспиранттар оқиды.
Университетте екі сатылы білім беру жүйесі енгізілген. Олар: бакалавр және магистратура.
Бұл жоғары оқу орны – біздің мақтанышымыз.
2. «Киім дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сіз не аласыз?
- Маған қыстық пальто керек.
- Жүріңіз, қыстық пальто бөліміне барайық.
Міне, көріңіз, таңдаңыз, әртүрлі фирманың пальтолары.
- Маған мына пальто ұнады.
- Киіп көріңіз? Бұл француз фирмасының пальтосы.
- Сапасы жақсы екен, өзіме ұнады.
- Қанша тұрады?
- 50 000 теңге.
- Ақшасын кассаға төлеңіз.
- Міне, төлем қағазы.
- Пальтоңызды алыңыз, құтты болсын. Біздің дүкенге келіп тұрыңыз.
- Рақмет, сау болыңыз.

3. Берілген сөздерді етістіктің өткен шақтарында жазыңыз. Аш, өт, толтыр, оқы.
І жақ Мен аш+ты+м өт+ті+м оқы+ды+м
ІІ жақ Сен аш+ ты+ң өт+ті+ң оқы+ды+ң
Сіз аш+ ты +ңыз өт+ті+ңіз оқы+ды+ңыз
ІІІ жақ Ол аш+ ты өт+ті оқы+ды

7-билет
1.«Үкімет» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Үкімет
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.
Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді.
Үкіметтің қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Қазақстан Үкіметі қызметінің аса маңызды бір саласы – Республикадағы тілдер саясатын дұрыс жүзеге асыру. Мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуы үшін қажетті нормативтік-құқықтық жағдай жасалған. Олардағы іс жүргізуді бірте-бірте мемлекеттік тілге көшіру қолға алынған.

2.«Мен қалаған мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сен қандай мамандықты таңдадың?
- Менің .......................................... болғым келеді.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол ...........................................................
- Ол не істейді?
- ...........................................................
- Мен саған сәттілік тілеймін.
- Рахмет.

3. Берілген сөйлемдерден үстеулерді тауып, мағыналық түрлерін анықтаңыз.
Сен таңертең ерте тұр. Әуелі жазбаша тапсырмаларды орында. Түсте таза ауада дем ал. Кешке әпкеңді киноға шақыр.

8-билет
1. «Абай атындағы опера және балет театры» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Абай атындағы опера және балет театры
Театрдың тарихы 1934 жылдан бастау алады. Абай атындағы театрдың атын біз аты аңызға айналған тұлғалармен байланыстырамыз. Мәселен, КСРО халық әртісі Күләш Бәйсейітова, Ермек Серкебаев, режиссер Жұмат Шанин, әнші әрі режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер, драматург Қанабек Бәйсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушы Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, композитор Евгений Брусиловский.
2008 жылы Абай атындағы опера және балет театрының 75-жылғы мерейтойлық маусымына орай КАЗКОМ-ның қолдауымен Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсының тұсау кесері өтті. Ал 2009 жылы 15 қазанда опера және балет театры өз көрермендерін Г. Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсымен тағы бір қуантты.
Театр директоры Қуаныш Оразғалиев былай деді:
- Сіздердің көмектесулеріңіздің арқасында театр жаңа сатыға көтерілді. Бұл көрсетіп отырған қолдаудың арқасында біз репертуарымызды жаңа қойылымдармен толықтыруға мүмкіндік алдық. Ал әрбір қойылым кем дегенде 30 жыл өмір сүреді.

2. «Тұңғыш қазақ театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Тұңғыш қазақ театры қашан ашылды?
- 1926 жылы 13 қаңтарда
- Қай қалада ашылды?
- Қызылордада
- Қандай спектакльмен ашылды?
- М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.
- М.Әуезовтің қандай еңбектерін білесің?
- «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз» пьесалары, «Абай жолы» романы.

3. Берілген үстеулерден сөйлем құрастырыңыз.
Алыстан, тез, ерте, төмен, кенет.
9-билет
1. «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесі
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріппен жазылды.
Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкілхалықтық мереке. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ), Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық.

2. «Жолаушы көлігі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Айман, жол болсын! Қайда барасың?
- Алматыға. Өзің қайда барасың?
- Түркістанға бара жатырмын.
- Қандай көлікпен барасың?
- Автобуспен барамын.
- Ұшаққа билет алмайсың ба?
- Мен асығыс емеспін, сондықтан автобуспен барамын.
- Неге пойызбен бармадың?
- Автобус пойыздан жылдам жүреді. Өзің Алматыға немен барасың?
- Мен Алматыға жеңіл машинамен барамын

3. Берілген зат есімдерден туынды етістіктер жасаңыз.
Сан, ой, бас, аяқ.
Сан-сана, ой-ла, бас-та, аяқ-та
10-билет
1. «Қазақ – қонақжай халық» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақ – қонақжай халық
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп қонақ бола береді.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек.
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін ет беріледі. Еттен кейін қонақтарға шай беріледі де олардың көңілді отыруына барлық жағдайларды жасайды. Қазақтар «қонақ келсе-құт» деп түсінген.

2. «Жазғы демалыста» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Жазғы демалысың қашан басталды?
- 10-ыншы маусымнан басталды.
- Жазғы демалысыңды қайда өткіздің?
- Мен «Тасбұлақ» демалыс үйінде болдым.
- Жазғы демалысыңды кіммен өткіздің?
- Достарыммен бірге.
- Жазғы демалысыңды қалай өткіздің?
- Жазғы демалысымды өте жақсы өткіздім: суға шомылдым, балық ауладым, тауға шықтым, жақсы демалдым.

3. Берілген етістіктерді қалау, шартты райларда аяқтаңыз.
Айт, шақыр, жаз.
Шартты рай Қалау рай
І жақ Мен айт+са+м Менің айт+қы+м келді
ІІ жақ Сен айт+са+ң Сенің айт+қы+ң келді
Сіз айт+са+ңыз Сіздің айт+қы+ңыз келді
ІІІ жақ Ол айт+са Оның айт+қы+сы келді

11-билет
1. «Қарағанды» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қарағанды
Қарағанды қаласында экономика саласынан мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: көмір өндіру, машина жасау, энергетика, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа.
1930 жылы Қарағандыда алғашқы төрт бейімделген кен орындарының кірпіші қаланды. 1931 жылы Қарағанды қонысы жұмысшы поселкесіне айналды. Қалада бес кірпіш, цемент және алебастр зауыттары, әк-шлак блоктарын шығаратын екі зауыт жұмыс істеді. 1934 жылы ақпанда кеншілердің жұмысшы поселкесі- Қарағанды қала дәрежесіне ие болды. Қарағанды қаласы мен облысы Қазақстанның аса ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды.
1936 жылы салына бастаған мұғалімдер институты, балабақша-лар, ауруханалар, кітапханалар, клубтар, театрлар, мәдениет және демалыс саябақтары ашылды.
1984 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды қаласы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Қазір де Қарағанды – Қазақстанның аса ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығы болып есептеледі.

2. «Қазақ актерлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
-Қазақ актерлерінен кімді білесің?
-Серке Қожамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов т.б.
-Шәкен Айманов кім?
-Дарынды режиссер, ұлы актер.
-Алғашқы рөлін білесің бе?
-Погодиннің «Менің досым» пьесасындағы Граммофонов.
-Шәкен Айманов кімнің рөлдерін ойнады?
-Исатай батыр-Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет», Ақан сері – Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Петручио – Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесасы т. Б.. «Алдаркөсе» фильмінде Алдаркөсе рөлі аса жоғары бағаланды.
-Қандай фильмдерді қойды?
-«Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Дала қызы», «Туған жер», «Махаббат туралы аңыз» деген көркемсуретті фильмдерін қойды.
-Шәкен Айманов атында не бар?
- «Қазақфиьм» Шәкен Айманов атында.

12-билет
1. «Қазақ журналистері» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақ журналистері
Алғаш қазақ тілінде 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті шықты. Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыдан шығып тұрған «Дала Уәлаяты» газетінде жұмыс істей бастаған. Қазақтың тұңғыш журналистері: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев деген кісілер болған.
1911-1915 жылдарда Троицк қаласында Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналын шығарған. Журнал қазақ өмірі туралы жазды.
Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдарда әйгілі «Қазақ» газетін ұйымдастырып, бас редакторы болды. Газет азаттық үшін күреске шақырды.
Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші Нәзипа Құлжанова болды. Жастар газетін Сара Есова, әйелдер журналын Ләзиза Серғазина басқарған.
Журналистердің қоғам өміріне сіңіретін еңбегі көп. Әлбетте, олар әрқашан халқымен бірге.
(«Қазақ әдебиеті» газетінен)

2. «Менің туған күнім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сенің туған күнің қашан?
- Менің туған күнім - ...
- Туған күніңде не істейсің?
- Туған күнімде достарымды қонаққа шақырамын.
- Дастарқан мәзірін (меню) кім дайындайды?
- Анам дайындайды.
- Сен анаңа көмектесесің бе?
- Әрине, көмектесемін.

3. Берілген жалқы есімдермен сөйлем құрастырыңыз.
«Әділет» компаниясы, Болат Ысқақұлы.

13-билет
1. «Ең алғашқы пошта байланысы» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Ең алғашқы пошта байланысы
1868 жылы наурыз айында Қазалы уезінде уездік пошта бөлімшесі ашылды.
1871 жылы 1 шілдеде пошта бөлімшесі Қазалы уездік пошта конторасы болып қайта аталып, жай тапсырысты, қаржылай корреспонденция қабылдауды бастады. 1875 жылдың 15 қаңтарында Түркістан генерал-губернаторы Сырдария облысында Перовск уезінде пошта стацияларын салуға қаражат бөліп, жаңадан 9 станция салынды. Олар: Жөлек, Жалпақ Там, Жарзықұм, Сарышығанақ, Бірқазан, Бөрібай, Қармақшы, Қорқыт деп аталды.
Республикалық газеттер Алматыдан басылып, газет шыққан күні таңертеңгі 8 сағат 15 минутта АН-24 ұшағымен арнайы почта рейсімен аптасына 5 рет келіп түсіп жатты. Ұшақтан түсірілген газеттер сол сәтте-ақ Арал-Қазалы, Қармақшы-Қуаңдария, Шиелі-Жаңақорған-Қандөз бағыттарына АН-2 ұшағымен сағат 9-дан 10-ға дейін жөнелтіліп отыратын. Шыққан газеттер сол шыққан күні түске дейін аудан орталығына жетіп, сол күні оқырманның қолына жетуі ұйымдастырылатын.

2. «Интернет жүйесінің пайдасы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сен Интернетті қолданасың ба?
- Иә, мен интернетті қолданамын.
- Интернетті қайда қолданасың?
- Мектепте, үйде.
- Сен Интернеттен не іздейсіз?
- Өзіме керек реферат, ақпараттарды іздеймін.
Достарыммен хабарласамын.
- Интернет оқушы үшін пайдалы ма?
- Иә, пайдалы.
- Интернеттің қандай пайдасы бар?
- Интернеттің пайдасы көп. Кез - келген қажетті ақпаратты жедел тауып аласыз.
- Интернеттің қандай зияны бар?
- Көзің ауырады, ...

14-билет
1.«Тұңғыш телефон» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Тұңғыш телефон
Телефон байланысы - адамдардың бір – бірімен ауызекі сөйлесетін сөздерін электр сигналдары немесе радио арқылы алыс қашықтыққа жеткізетін электрлік байланыс түрі.
Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін бүкіл Қазақстанда 6 қалалық (Алматы, Қызылорда, Қостанай, Орал, Семей және Петропавл) телефон станциялары ғана болды, олардың жалпы қуаты 700 номер еді.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда автоматты телефон станцияларының (АТС) енгізілуіне байланысты қалалық телефон байланысы едәуір дамыды. 1950 жылы 8000 нөмерлік тұңғыш автоматты станция Алматы қаласында салынды.
Қалааралық телефон байланысы Қазақстанда негізінен 1933 жылдан дами бастады. Байланыстың кабельді және радио – релелі желілерінен салу, қалааралық телефон байланысын автоматтандыру жөнінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, еліміздің түпкір – түпкірінде тұратын абоненттермен пәтердегі телефоннан немесе қызмет телефонынан сөйлесуге мүмкіндік туғызды.
Қазіргі кезде енгізіліп жатқан жаңа коммутациялық техника алуан түрлі ақпаратты кез келген қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

2.«Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қарағанды қаласында қандай театр бар?
- Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры бар.
- Театр қашан ашылды?
- 1932 жылы.
- Театрды қандай спектакльмен ашты?
- Н.В. Гогольдің “Үйлену” комедиясымен ашты.
- Алғашқы актерлерді білесің бе?
- Жамила Шашкина , Ұ. Әбеуова, Қ. Байбеков, Т. Ильясов, Н. Жабаев, Б. Шалов
- Театрдың қандай жетістіктері бар?
- 1982 жылы Халықтар Достығы орденімен марапатталды.
3. Берілген сөздерден қатыстық сын есімдерді анықтаңыз.
Гуманитарлық, көркем, тарихи, өнегелі, халықаралық, арнайы, кең.
15-билет
1. «Компьютердің атасы кім?» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Компьютердің атасы кім?

1876 жылы Болгарияда халық көтерілісі болды. Сол көтерілісте әке-шешесі қаза болған 13 жастағы Иван ағасымен бірге Америкаға кетеді. Кейін ол американдық әйелге үйленеді. 1903 жылы Джон атты сәби дүниеге келеді. Міне, осы Джон - компьютердің атасы. Оның әкесі –инженер-электрик, анасы-математик болған. Джон 25 жасында Флорида университетін аяқтап, математик болып шықты. Вискоски университетінде докторлығын қорғап, Айова университетінде қызмет істеді.
1933 жылы 40 жасында көп еңбектің нәтижесінде Берри деген көмекшісімен бірге 30 белгісізі бар алгебралық теңдеуді шешетін компьютерді құрастырып шығарады.

2. «Ұлттар достығы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қазақстан Республикасында жүз жиырма алты ұлт өкілдері тұрады.
- Олар қалай тұрады?
- Олар өзара тату тәтті тұрады.
- Республикада оларға қандай жағдай жасалған?
- Олардың өз ұлттық мәдени орталықтары бар. Бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы болды.
- Онда не әңгіме болды?
- Онда ұлтаралық келісім, азаматтық тыныштық, рухани бірлікті сақтап, нығайту туралы әңгіме болды.

ұлтаралық келісім - межнациональное соглашение

3. Берілген хабарлы сөйлемді толықтырыңыз.
Мен демалыс күні. ... барамын
Мен демалыс күні ... барамын

16-билет
1. «Мұнайлы Қазақстан» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Мұнайлы Қазақстан
Батыс Қазақстан -республикамызда жер көлемінен бірінші орын алатын экономикалық аудан. Оған Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады. Өнеркәсібінің басты
саласы- мұнай өндіру және мұнай өңдеу. Ірі мұнай кәсіпшіліктері –Мақат, Дос-Сор, Қосшағыл, Құлсары т.б. Мұнай, газ кен орындарын игеру мақсатында теміржол жүйесі қалыптасқан. Облыс экономикасында мұнай мен табиғи газ өндіруге қатысты өнеркәсіп салаларының кешендері үлкен орын алады.
Батыс Қазақстан еліміздегі өнеркәсібі жоғары дамыған аумақ болып есептеледі.

2. «Қазақ халқының дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазақ халқының салт дәстүрлерін білесің бе?
- Білемін: «Бесікке салу», «Шілдехана», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару», «Қыз ұзату»
- «Шілдехана» қандай той?
- «Шілдехана» жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
- «Қырқынан шығару» қандай той?
- Жаңа туған нәрестеге қырық күн толғанда жасалатын той.
- Қандай дәстүр жасалады?
- Онда нәрестені қырық қасық суға шомылдырады, шашын алады, тырнағын алады.

3. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды жазыңыз.
Сабақта ақша ... әңгіме болды. Мұрат сабақтан ...киноға кетті.Кітапханаға ... жүз метр болады. Кешке ...қарай мен анаммен бірге дүкенге барамын.

17-билет
1. «Қарағанды мемлекеттік университеті» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қарағанды мемлекеттік университеті

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады.

2. «Менің қаламның ескерткіштері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Сен қайда тұрасың?
- Мен Қарағанды қаласында тұрамын.
- Сенің қалаңда ескерткіштер бар ма?
- Қарағанды қаласында ескерткіштер көп. Бұқар Жырау даңғылында Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровке және орталық саябақтың алдында Кеншілерге қойылған ескерткіш бар. Қалада 1938 жылы ашылған Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана және Н.В.Гоголь атында көше бар. Н.В.Гоголь көшесінде Н.В.Гогольдің ескерткіші тұр.
Ерубаев көшесіне 1989 жылы Аппақ Байжановтың ескерткіші қойылды.

18-билет
1. «Болашақ» бағдарламасы» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
«Болашақ» бағдарламасы
Қазақстанның жарқын болашағын құру үшін жастарды өз елімізде, шетелдердің жоғары оқу орындарында да оқытып, білімі сапалы мамандар дайындау міндеті жүзеге асуда.
Президенттік «Болашақ» деп аталатын бағдарлама шеңберінде жыл сайын талантты жастарға шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі жасалып отыр.
Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты – сапалы жоғары білім беру, тәжірибе жинау, еліміздің ілгері дамуына үлес қосу.
«Болашақ» бағдарлама шеңберінде жастар тегін білім алады. Мемлекет оларға жатақхана мен тамағының ақшасын төлеп отырады. Ол барлық тұрмыстық мұқтаждарға молынан жетеді.
1993 жылы тағайындалған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері өз болашағымен қатар, мемлекет болашағын да алға қояды, олар бәсекеге қабілетті болуға үйренеді.

2. «Астанаға саяхат» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Астана қаласы.
- Ол бұрын қалай аталды?
- Целиноград, Ақмола деп аталды.
- Астана қандай қала?
- Астана әдемі, жас қала. Онда Үкімет үйі, Парламент үйі, Мемлекеттік мұражай, «Конгресс холл» және «Салтанат» сарайлары, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, «Синема сити» кинотеатры, спорт кешендері, саябақтар бар.
- Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қалада ____ ұлт өкілдері тұрады?
- Олар қалай тұрады?
- Олар өте тату тұрады.
- Бұл қала облыс орталығы ма?
- Иә, облыс орталығы.

3. Оқшау сөздердің түрлерін ажыратыңыз.
Ой-бу, балам-ай, сабақтан шаршап келіпсің ғой. Меніңше, бүгін күн ыстық болады. Әттеген-ай, автобус жүріп кетіпті. Кел, балалар, оқылық!

19-билет
1. «Театр» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Театр
Тұңғыш қазақ театры алғаш өзінің шымылдығын 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылордада М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашты. 1926-1930 жылдары М.Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», Бейімбет Майлиннің «Шаншар молда», «Неке қияр», Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр», «Батыр Баян» пьесалары қазақ халқының сол кездегі тағдырын көрсете отырып, өз көрермендерін тапты. М. Әуезов Қазақстанда сахна өнерінің негізі қаланып, қалыптасуына ұйытқы болды. Ш. Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайы», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы»,
Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тері», Т. Ахтановтың «Күтпеген кездесуі» әлі күнге қазақ театрлары сахнасынан түспей келеді.
Ұлттық театрлар, сахна шеберлері мен спектакльдер жайлы С.Сәдуақасовтың «Ұлт театры», Қ.Қуандықовтың «Тұңғыш ұлт театры» (1969 ж), «Театрда туған ойлар» (1972 ж) атты кітаптары шықты.

2. «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
- 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданды.
- «22 қыркүйек – Тілдер мерекесі» болып қашан жарияланды?
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.
- Тілдер мерекесі мектепте қалай аталып өтеді?
- Әр сынып қабырға газеттерін шығарып, концерттер дайындайды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы өтеді.

3. Асты сызылған сөздердің сөйлем мүшелерін анықтаңыз.
Ахмет Байтұрсынов Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы қалаларында мұғалім болып жұмыс істеді. Ол әдебиетпен айналысты, өлең-жырлар жазды. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды.

20-билет
1. «Отаным - Қазақстан» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Отаным - Қазақстан
Мен Қазақстанда туып-өстім. Қазақстан – көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады. Қазақстанның 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Ол – батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь -Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өсіріледі.
Қазақстан жері пайдалы кендерге (мұнайға, алтынға, көмір мен темірге) өте бай, жер шарындағы кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайланды.

2. «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
-Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді?
- 1992 ж.4 маусым
- Әнұранның сөзін жазған кімдер? - Жұмекен Нәжимединов, Н.Назарбаев.
- Әнін жазған кім? - Шәмші Қалдаяқов.
- Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында не бейнеленген?
- Шаңырақ.
- Шаңырақты айнала нелер шаншылған? - Уықтар
- Оның екі жағын нелер көмкерген? - Аңыз әңгімелердегі пырақтар.
- Елтаңбаның реңдік бейнесі қандай? - Көгілдір және алтын.
- Елтаңбаның авторлары кімдер? Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.
- Қазақстанның Мемлекеттік Туында не бейнеленген?
- Алтын күн, қыран құс, ұлттық өрнек.
- Тудың реңдік бейнесі қандай? - Көгілдір және алтын.
- Ені неше м, ұзындығы неше м? - Ені 1 м, ұзындығы 2 м.
- Тудың авторы кім? - Шәкен Ниязбеков.

3. Одағайы бар сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Мүмкін, Астанаға бізді шақыртар. Алақай, Астанаға баратын болдым. Әсел, сен де барасың ба? Қап, әттеген-ай, мен бара алмаймын.

21-билет
1. «Наурыз мерекесі» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Наурыз мерекесі
Біздің елімізде Жаңа жылды 22 наурызда атап өтеді.
Наурыз - діни мейрам емес, тұрмыс мейрамы. Наурыз мейрамы - өзіндік тарихы бар ежелгі мереке.
Наурыз – қазақ тіліне парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелуіне байланысты. Наурыз – табиғаттың жаңаруының, малдың төлдеп, ақтық молаюының белгісі.
Қазақ халқы бұл күнді жаңа, сәнді киімдерін киіп, салт – дәстүр бойынша «тазару, жаңару күні» деп қарсы алған.
Бұл күні әр адам өзінің ағайын – туыстарымен, достарымен бір дастарқаннан наурыз көжеден дәм татады. Олар бір – біріне ақ тілек тілеп, үлкендер бата береді.

2. «Қазақстан Республикасының саяси жүйесі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық мемлекет.
- Мемлекеттің ең қымбат қазынасын білесің бе?
- Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқығы мен бостандығы.
- Республикамызда мемлекеттік билік қандай?
- Республикамызда мемлекеттік билік– біртұтас (единая власть)
- Билік жүйесі қандай тармақтардан тұрады?
- Билік жүйесінің негізгі тармақтар: Президент, Үкімет, Парламент.
- Парламент немен айналысады?
- Парламент заң шығарады.
- Парламент неше палатадан тұрады?
- Екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі палата, Сенат – жоғарғы палата.

Құқық - право
Бостандық - свобода

3. Берілген сөйлемнің қай стильге жататынын анықтаңыз.
«Заттың іс-қимылын, мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атаймыз».

22-билет
1. «1 мамыр - Қазақстан халықтарының Бірлігі күні» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

1 Мамыр - Қазақстан халықтарының Бірлігі күні
1 Мамыр күні «Бірлік күні» деп, «Ынтымақ күні» деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешудеміз.

2. «Қазақстан Республикасының Парламенті» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық мемлекет.
- Мемлекеттің ең қымбат қазынасын білесің бе?
- Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқығы мен бостандығы.
- Республикамызда мемлекеттік билік қандай?
- Республикамызда мемлекеттік билік– біртұтас (единая власть)
- Билік жүйесі қандай тармақтардан тұрады?
- Билік жүйесінің негізгі тармақтар: Президент, Үкімет, Парламент.
- Парламент немен айналысады?
- Парламент заң шығарады.
- Парламент неше палатадан тұрады?
- Екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі палата, Сенат – жоғарғы палата.
Құқық - право
Бостандық - свобода

3. Күрделі зат есімдерді тауып, түрлерін анықтаңыз.
қолғап, қайшы, белбеу, ата-ана, кеңшар, ЖШС, оқиға, ҚарМУ, медицина, медколледж, сары май, тасбақа.
23-билет
1. «Шәкен Айманов» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Шәкен Айманов
Шәкен Айманов – Қазақстан кино өнерінің дамуына үлкен еңбек сіңірген дарынды режиссер, ұлы актер. 1933 жылы Қазақ драма театрына жұмысқа орналасты. Жиырма жасында Қазақ драма театрында басты рөлдерді үлкен табыспен орындайды. Алғашқы рөлі - Погодиннің «Менің досым» пьесасындағы Граммофонов. Шәкен сахнада өте сұлу, әрі шынайы дауыспен сөйлейді. Актерлік орындаушылық шеберлігі өте ғажап еді.
Шәкен Айманов орындаған рөлдердің кейбірі мыналар: Исатай батыр-Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» пьесасындағы, Ақан сері – Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» пьесасындағы, Петручио – Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесасы тағы басқалары. Ол көптеген кинофильмдерде тамаша ойнайды. Мысалы: «Алдаркөсе» фильмінде Алдаркөсе рөлі аса жоғары бағаланды. «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Дала қызы», «Туған жер», «Махаббат туралы аңыз» деген көптеген көркемсуретті фильмдерді қойды. Сонымен бірге ол сомдаған күрделі тұлғалар: Қодар, Керім («Абай әні»), Досанов («Алтын мүйіз») , т.б.
1967 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды.

2.«Білім беру жүйесі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
- Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты не?
- Бәсекеге қабілетті маман дайындау.
- Қазіргі еліміздің оқу жүйесінің басты мақсаты қандай?
- Жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
-Жақсы маманды қайда дайындайды?
- Жоғары оқу орындарында.
- Қазақстанда қандай жоғары оқу орындары бар?
- Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Алматыда Әбу Насыр әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
- Бұл университеттерте қанша мамандық бойынша білімді мамандар дайындайды?
- 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындайды.
- Қандай факультеттер бар?
- Филология, журналистика, заң, тарих, философия және саясаттану, биология, география, шығыстану, экономика, математика, механика және қолданбалы математика, физика, химия, физиология.
- Университетте неше сатылы білім беру жүйесі енгізілген.
- Екеу. Олар: бакалавр және магистратура.

3.Керекті тыныс белгілерін қойыңыз.
Сен емтиханға қандай даярлықпен келдің Мерекеңіз құтты болсын Оқушылардың қуанышында шек жоқ.

24-билет
1. «Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар: В.В Радлов, В.В. Бартольд, Н.Т. Сауранбаев, Ғ. Айдаров.
В.В. Радлов 1837 ж. Берлинде туған. Ол – түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. 1884 ж. Орыс академиясына мүше болды. 10 жыл бойы Сібір, Алтай, Қырым, Түркістанды аралап, ондағы халықтардың әдеби мұраларын жинайды. Орта Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшылық жасайды. Нәтижесінде 11 томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» атты еңбегі жарияланады, 4 томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырады.
Н.Т. Сауранбаев – қазақ тіл білімінің салушылардың бірі, түрколог, профессор.Ол 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Оның еңбектері: «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі» (1954), «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер» (1955), «Қазақ тілінің жасалуы туралы» (1954), «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу» (1960).
Ғұбайдолла Айдаров – ғалым, профессор, философия ғылымының докторы. Ол 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер жазған.
Оның еңбектері түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған.

2. «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Бұқаралық ақпарат құралдарына нелер жатады?
- Бұқаралық ақпарат құралдарына газет, журнал, (теледидар, радио, интернет, т.б. жатады.)
- Газет, журналдан не білеміз?
- Еліміздегі, шетелдегі оқиғалардан хабардар боламыз. Ауа райын, теледидар бағдарламасын, әртүрлі мақалалар оқимыз.
- Газет, журналдардың қандай түрлері бар?
- Республикалық, орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, спортқа, музыкаға арналған.
- Сенің сүйікті газет, журналың бар ма?
- Менің сүйікті газетім ________________________________
және _______________________ журналы.

3. Сөздерді сөз таптары мен қосымшаларын анықтаңыз.
қонақтар, шешендік, халықаралық, көрмелерде, өнерпаз.
25-билет
1. «9 мамыр – Жеңіс күні» мәтінінің мазмұнын айтып
9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда Кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл нағыз жеңіс күні болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Бұл күн – Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі. Өйткені қазақстандықтар бұл жеңіске үлкен үлес қосты.
Майданды керекті қару-жарақпен қамтамасыз етуде Қазақстан ерекше орын алды.
Қазақстандықтар ұлы Отан соғысына қатынасып, майдандарда жаппай ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Т. Бигелдинов, Л. Беда, С. Луганский, И. Павловтар мұндай атаққа екі мәрте ие болды. Он мыңдаған қазақстандық Кеңес үкіметінің ордендерімен, медальдарымен марапатталды. Солардың бірі – генерал-полковник
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов.

2. «Менің арманым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы - ... .
Ыбырай Алтынсарин - ..
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: добавить | Теги: Малике
Просмотров: 11153 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.8/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-03, 1:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru