Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (1.08 Mb) ] | 2014-01-31, 7:49 AM |
Ақмола облысы. Ақкөл қаласы. П. Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі. Бейсенова Айша Жүнісқызы. Санаты: жоғары. Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым Сабақтың білімділік мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту.Оқылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: жылдың әр мезгілінің өзіндік әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту, оқушыларды қоршаған ортаны қадірлеуге, табиғатты аялауға баулу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, электронды оқулық. Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, музыкамен Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, ойландыру әдістері Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу ә) кезекшінің есебі б) Психологиялық дайындық -Балалар, біздің сабағымыздың мақсаты қандай? -Біздің мақсатымыз жаңа білім алып, үйрену және бар білімімізді ортаға салу. Мен сыныптастарыма сәттілік тілеймін! -Сабаққа деген дайындығымыз қалай? -Көңіл-күйіміз тамаша! Қазақ тілінде сөйлейміз жарыса, Тілді оқуға жалықпаймыз, Қажет нәрсені есте сақтаймыз! ІІ. Жаңа сабақ: мұғалімнің кіріспе сөзі- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің ауылым» бірақ бұл тақырып сендерге 4-5 сыныптардан бастап таныс. Сондықтан қазір ауыл туралы не білесіңдер ? соны ортаға салып көрейік. Балалар өз ойларын ортаға салады. -Ал бүгін, балалар, осы білгендеріне біз ауыл туралы қосымша мәліметтер қосамыз, барынша сөздік қорымызды байытуға тырысамыз.Сондықтан бүгінгі сабақты «Ауыл ғажайыптары» деп атайық! Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, тақтада орыс тіліндегі сөз тіркестерге оқушылар қазақша аударады Ауыл -аул Жиі-жиі-часто Өзен-река Бейнелеу-описывать Демалу-отдыхать Жайнау-расцветать -Балалар, еске түсірейікші, ең бірінші сабақта біз нені таныдық? -Әріп, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, әңгіме. -Дұрыс айтасыңдар, ендеше мына сөздермен сөз тіркесін, әңгіме жасаймыз. Оқушылар жаңа сөздерді сөздікке жазады, сөз тіркесін құрайды. -Мен бүгінгі сабағымды «Ауыл» өлеңімен бастағым келіп тұр. Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған? Электрондық мәтінмен жұмыс жүргізу. Мәтінмен танысамыз, мәнерлеп оқимыз, мазмұнын ашамыз. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Мәтіндегі сөздерге талдау жасаймыз. Тапсырма: Ауыл - сөзін тәуелдеу Жайлау- сөзін септеу Өріс - фонетикалық талдау Ауыл таудың етегінде орналасқан. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаймыз. Ойын «Жүйрік озар жарысқанда» мақал-мәтелдер айту • ....... - құрмет, ...сөз - көмір, • ....... -ізет .....сөз – алтын • Ашу -.......... Әдепті бала - ...бала, • Ақыл -......... әдепсіз бала - ...бала -Ал балалар, кім өзіне ұнаған мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп бере алады. Ауылдың кереметі - Ал енді тіл дамыту дәптерімен жұмыс жүргіземіз. Дәптерге мынадай сөйлемдер жазамыз: Маусым айы.Күн жылынып, балалар жазғы демалысқа шықты. -Балалар, сендер осы ойды жалғастырып көріңдер, көз алдарына не елестейді? Миға шабуыл Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру мақсатында, сұрақ-жауап әдісі арқылы лексико-грамматикалық сұрақтар қойылады. 1.Зат есім дегеніміз не? 2.Жалпы,жалқы есім дегеніміз не? 3.Екпін қай буынға түседі? -Ендеше, бүгінгі жаңа сөздерді қатыстырып, 5 жол өлең құрастырайық! Ауыл таза, әдемі. ойнаймын, шомыламын, серуендеймін. Мен жазды жақсы көремін. Туған жер. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту, туған жер туралы мақал-мәтелдер табу. Қорытынды: -Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? -Бүгін қосымша біз тағы не білдік? -Ал енді, балалар, тақтада ілініп тұрған әдемі гүлдерді бүгінгі сабақтан естелік ретінде алуларыңа болады, бірақ ол үшін сабақтан қандай әсер алдыңдар немесе қандай тілектерің бар екенін айту қажет. Ақмола облысы Ақкөл ауданы П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі Ашық сабақ Тақырыбы: Менің ауылым Өткізген: Бейсенова А.Ж | |
Просмотров: 1362 | Загрузок: 82 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|