Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (10.7 Kb) ] | 2014-01-31, 7:54 AM |
Ақмола оьлысы. Ақкөл қаласы. П. Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебі. Бейсенова Айша Жүнісқызы. Санаты: жоғары. I. Сабақтың тақырыбы: Ана тілі – жүрек үні. II. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Өтілген материалды оқушылардың алған, игерген білімдерінің деңгейін анықтау, қорытындылап бір жүйеге түсіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, тексеру, бекіту, шығармашылық ойын дамыту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру. ә) Дамытушылық: Ауызша, жазбаша ойлаумен сөйлесу қасиеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, тіліне, татулығына, салт-дәстүріне сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Оқушылардың белсенділігін, қазақ тіліне қызығушылықтарын, ықыластарын арттыру, тәрбиелеу. Сабақтың эпиграфы: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парымыз» Н. Ә. Назарбаев «Мемлекеттік тілді білу - өмір талабы» (қанатты сөз) (ҚР Әнұраны орындалады. Ана тілі туралы өлең жатқа айтылады) III. Сабақтың түрі: Сайыс-ойын сабағы. IV. Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, ауыз-екі сөйлеу, диалог(сұхбат) сұрақ-жауап арқылы құру, жеке, бірігіп сөйлесу, топпен, мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беру, мақал-мәтелдер, жазу сауаттылығын байқау. V. Сабақтың көрнекілігі: Білім, тіл туралы қанатты сөздер плакаттар, ойынға керекті үлестірмелі карточкалар, эмблема-бейджиктер. VI. Сабақтың барысы: ҚР Әнұраны орындалады. Оқушылар қазақ тілінде Ана тілі туралы өлеңді жатқа айтады. Жүргізуші (Мұғалімнің сөзі): Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және сайыс-ойын сабағымыздағы қатысушылар! Бүгін «Ана тілі – жүрек үні» атты сайыс-ойын сабағымызда екі топ командылары қатысып отыр. Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, сабақтың мақсаты қазақ тілі және әдебиет пәнінен білімдерін тексеру. Осы сабақта біз өтілген материалды қайталаймыз және бекітеміз. Баршаңызды Тіл апталығы мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Осындай қуанышты күнмен қабат келген мереке, барлығыңызға белгілі, қазақ тіл апталығы «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен сайыс-ойын сабағымызда ең күшті, батылды жеңеді. Бастайық. Ойының шарты: ойын тұрады. Әр турға ұпай беріледі (ең жоғары ұпай 5 ұпай). 1 тур. Өзін-өзі таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы). 2 тур. Үй жұмысын тексеру. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен өзара әңгімелесу. А) Ережені жатқа сұрау. Мысалдармен дәлелдеу. Ә) Жаттығуларды тексеру ауызша-жазбаша. Б) Тіл туралы әңгімелерді мазмұндап беру. В) Тіл туралы ұлағатты сөздерді жатқа айтып беру. 3 тур. Мәтіндер. (мәтіннің мазмұнын әрбір командадан бір-біріне қатысушылар әңгімелеп береді.) Сұхбат. 4 тур. Грамматикалық тапсырмалар: А) Картачкалармен жұмыс (үлестірмелі материал). 4 оқушы тақтада, қалғандары орындарында және тақтада да құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау, фонетикалық талдау, септелу, жіктелу, тәуелдену талдауларын жасайды. Ә) Сөздік жұмыс. Аудармасы. Кез келген сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді құрастыру. 5 тур. Капитандар сайысы. Бәйге.Тіл өнері. Тапқырлық. А) Мақал мәтелдерді шешу, аяқтап беру.(15 мақал-мәтел) Ә) Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. (20 сұрақ) Б) Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру (15 сұрақ). YII Сабақтың қорытындысы. Қорытынды.Бекіту. А) Балалардың ой пікірлерін тыңдау (1, 2 топ). Ә) Мұғалімнің сөзі. Б) Үй жұмысы В) Бағалау Мұғалімнің сөзі. Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз оқушылар командылар бойынша орындарын анықтап құттықтаймыз. Бәріне көп рахмет! Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 2039 | Загрузок: 90 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|