Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (10.3 Kb) ] | 2014-01-31, 7:56 AM |
Ақмола оьлысы. Ақкөл қаласы. П. Исаков атындағы № 1 Ақкөл орта мектебі. Бейсенова Айша Жүнісқызы. Санаты: жоғары. Қазақтың ұлттық ойындары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары арқылы түсінік бере отырып онда кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарын айтылу мен жазылуына көңіл аударту Сауатты жаза білуге үйрету Дамытушылық: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды басқа ұлттың салт -дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру Сабақтың әдісі: Ойын элементтері Сабақтың көрнекілігі: Жазба плакаттар, суреттер,арқан,тоғызқұмалақ,доп Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дене тәрбиесі Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2 . Сабақтың мақсатын барысын айту Сап түзел! Тік тұр! Реттік сан бойынша саналамыз. Бірінші, екінші, үшінші.... санақ аяқталды Солға бұрыл! Залмен алға қарай қадам бас! Бақайдың ұшымен қолымызды көтереміз. Өкшемен, қолымызды желкеге қоямыз. Жүгіреміз! Бір орында сынып тоқта. Бірінші, екіншіге саналамыз! Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық ойындары» - деп аталады. Сабағымызды бастамас бұрын балалар сендер қандай қазақтын ұлттық ойындарын білесіңдер? Оқушылар: - Көкпар, сайыс, қазақша күрес, қыз қуу, арқан тарту, т. б. - Өте жақсы балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын жақсы біледі екенсіндер. Ал енді біз бәріміз білетін ойынды ойнайық, ойынның «Ұшты – Ұшты». Ойынның ержесі: Бастаушы ойынды былай жүргізеді: - Ұшты Ұшты, торғай ұшты! ( Қол көтеріледі) - Ұшты Ұшты, түлкі ұшты! ( Қол көтерілмейді) - Ұшты Ұшты, қарға ұшты! ( Қол көтеріледі) - Ұшты Ұшты, қасқыр ұшты! ( Қол көтерілмейді) Осылайша жүргізілген ойында жаңылысқан ойыншы қазақ тілінде ән немесе тақпақ айтып беруі қажет. - Жақсы балалар сендер қазақ тіліндегі құстар мен жанауарларды жақсы біледі екенсіңдер. Қане, балалар, айтыңдаршы қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Олар қандай дыбыстар? Мысал келтіріңдерші? - Оқушылар: Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар. Олар: ә,ө,ұ,ү,қ,ғ,і,һ,ң . Мысалы: Әке, өшіргіш, ұя, үкі, қалам, ғарыш, іні, жиһаз, аң т б Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Тұтқынға алу» - ойыны. Ойынның ережесі: Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетед.і Ал енді екі топқа бөлініп эстафета ойнаймыз. Қай топтың мықты және тез екенін байқаймыз. Бірінші кезең - оқушы бергі бастан арғы басқа дейін жүгіріп барып қазақ тілінде үй құстарының аттарын жазады. Сөйтіп барлық топ ойыншылары кезекпен кезек жүгіріп барып жазып, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады. Мысалы: 1 топ. 2 топ. Әтеш Қой Түйе Тауық Сиыр Шошқа т. б. Екінші кезең: Оң аяғын жоғары көтеріп секіріп барып адамның дене мүшелерін жазады да, сол аяғын көтеріп кері қайтып, эстафетаны тапсырады. 1 топ 2 топ Аяқ Қол Бас Көз Мұрын Құлақ т. б. Үшінші кезең: допты қолтығына қысып жүгіріп барып, қазақтың ұлттық ойындарының атын жазып, кері қарай жүгіріп қайтады. 1 топ 2 топ Қыз қуу Арқан тарту Көкпар Аударыспақ Ақ сүйек Бестас т. б. Төртінші кезең: Жай жүгіру. Эстафетаны қорытындылау. Ал енді сіздермен біраз тынығып алайық. Келесі ойынымыз «Құшақ лақтыру» ойыны Ойынның ережесі: ойыншылар екі топқа бөлініп, 15 - 20 метр қашықтықта қарама - қарсы бір - біріне қарап тұрады. Бастаушы орамалды топтың бір ойыншысына беріп, ойынды қарап тұрады. Ойыншы екінші топ жаққа қарай жүгіріп, орамалды бір ойыншының арқасына лақтырып кері қарай жүгіреді. Өзінің арқасындағы орамалды байқап қалған ойыншы, жүгіріп бара жатқан ойыншыны қуып жетіп орамалын тигізсе, онда ол ойыншыны өз тобына қосып алады, ал егер қуып жетпесе онда ол өзі қарсылас топқа барып қосылады. Қай топта көп ойыншы болса, сол топ жеңіске жетеді. Мерекеміздің ақырғы ойыны «Арқан тарту». Ойынның ережесі: Арқан тарту халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындарының бірі Ойын көбіне мерекелерде, тойларда өткізіледі. Соңғы кездерде бастауыш сыныптардын дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде де ойналып жүр. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді. Қорытынды. Өте жақсы, балалар, біздін сабағымыз осымен аяқталды. Сабағымызды қорытындылай келе, балалар, сендер қандай қазақтың ойындарын білдіңдер? -Балалардың жауаптары тыңдалады. Жеңген командалар марапатталады. | |
Просмотров: 1166 | Загрузок: 88 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|