Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
[ Скачать с сервера (16.7 Kb) ] | 2014-01-31, 11:53 AM |
Қазақ тілі 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Инженер мамандығы. Қыстырма сөздер, тыныс белгілері. Сабақтың мақсаты. Білімділік: қыстырма сөздер туралы білімдерін жетілдіру, оларды сөйлемдерде қолдана білу. Дамытушылық: 1.Инженер мамандығы туралы мәлімет бере отыра, ҰБТ-ге дайындық негіздерін жүйелей білу. 2.Физика пәнін түсінуге талаптанып, инженерлік мәденитін меңгеруге бағыт бере отырып төзімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Әдісі: сөздіктер, мәтінмен жұмыс, диалог құру, грамматикалық тапсырмалар. Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, грамматикалық кесте, тірек-сызба, слайдтар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. Кезекшілер сұхбаты. 2.Үй тапсырмасын тексеру барысы. 3.Оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру үшін сұрақтар қойылады. -Қыстырма сөздерді кім еске түсіреді, кім біледі? -Сабақтың мақсаты бойынша лексикалық тақырып қарастырмамыз. -Инженер мамандығының қызметі қандай? Отбасыларыңда инженер мамандығын меңгерген туыстарың бар ма? Инженер болуды мақсат етесіңдер ме? (экраннан слайдтар көрсетіледі) II.1.Мақсат қою кезеңі. Түсіндіру кезеңі. Инженерлік кәсіп Инженерлік кәсіп - негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен біліктіліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін әрекетінің түрі. Инженерлік еңбекті мамандандыру негізгі үш бағытта жүзеге асырылады: -салалық мамандандыру (инженер- металлург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісіне және т.б. инженерлер). Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі – машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т.б. - еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Инженердің еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алатынына байланысты инженер –зерттеуші, инженер – жобалаушы, инженер-конструктор, т.б. болып бөлінеді. - функционалдық мамандау (инженер-энергетик, химик, электроншы, т.б. Бір мамандық иесі болып табылатын инженерлер күрделілігі әртүрлі еңбекпен, яғни әртүрлі квалификациядағы қызмет атқару мүмкін. Квалификация деген ұғымның өзі алған білімі мен нақты жұмыс орындарының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек функциясын орындауға дайындық деңгейін көрсетеді. Оқушылар мәтінді оқып, жаңа сөздер арқылы тірек-сызба құрады. 2.Грамматикалық тақырып: оқшау сөздер, түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Тыныс белгісі. Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1)қаратпа сөздер 2)қыстырма сөздер 3)одағай сөздер Негізгі белгілері а)сөйлем ішінде өзге сөздермен байланысқа түспейді ә)сөйлем мүшесі бола алмайды б)сөйлем ішінде жеке тұрады в)белгілі бір тыныс белгі арқылы ажыратылады г)сөйлемде түрлі мағына білдіреді. Қыстырма сөздер және оның тыныс белгілерінің жасалуы туралы ережені пысықтау. Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады: 1.Күрделі қыстырма сөз. Бірнеше сөзден болады: Кім білсін, мен білсем, рас айтасың, бір жағынан. 2.Сендіру қыстырма сөзі: сөз жоқ, сөзсіз, өзіңе мәлім, рас, әділі сол, әлбетте. 3. Күмән келтіру қыстырма сөзі: сірә, мүмкін, шамасы, дәу де болса. 4.Көңілке қыстырма сөзі: шіркін, амал қанша, бақытыма қарай, сәті түсіп. 5.Дәлелдеу қыстырма сөзі (санамалап айту): ең алдымен, екінші жағынан, мәселен. 6.Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, жалпы алғанда. Қыстырма сөз әр түрлі сөз табынан жасала береді. Мысалы: ұмытпасам, шешесінің аты- Жәния. (Етістік). Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. 1.Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Ақыры, сені қайда көргенімді есіме түсірдім. 2.Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағына үтір қойылады. Мысалы: Мұрат, әдетте, көңілді бала болатын. 3.Қыстырма сөз соңында келсе , оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Кеш келетін болды-ау, шамасы. III.1.Топпен жұмыс. Әр топ қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, тақтаға жазады. Қай топ тез орындайды, сол топ көп балл жинайды. 2. Жеке жұмыс. Мәтіннен көрнекті, ақпараттық сөзімен тіркескен сөз тіркестерін табыңыз. 3.Жаңа сабақты қорытындылау. Мәтінге диалог құрастыру. 4.Бекіту кезеңі. Мәтін бойынша кластер жасау. Білімдерін бағалау. 5.Үйге тапсырма беру: сөздікті білу, тест тапсырмалары | |
Просмотров: 3258 | Загрузок: 146 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|